Тұлғалар

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ (1911 – 1955)

Бүгінгі алпыстан жоғары жастағы кісілер кезінде Қасымның өлеңдерін жатқа айтушы еді. Қасым Аманжоловтың аты елге есімімен Қасым деп тараған-ды. Соғыстан кейінгі сөзбен отыз жылдың кезеңінде Қасым сөзі ел ішінде аса қадірлі болды. Оның әсіресе:

Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,

Сонда да тастамаймын Астанамды,

Өлеңнің отын жағып асырармын

Читать полностью »

ДІНМҰХАММЕД ҚОНАЕВ (1912 – 1992)

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы ата-анасының болашағынан үлкен үміт күттірген ұлы еді. 1912 жылдың 12 қаңтарында Алматы қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген ол жасынан оқу-білімге аса зерек болады да, 1930 жылы Мәскеу қаласындағы түсті металдар мен алтын институтына оқуға түседі. Болашақ ғалым еңбек жолын Балқаш мыс комбинатының Қоңырат кенішінде бұрғылау станогінің машинисі болып бастайды, одан цех бастығы, сол кеніштің бас инженері, кейін директоры болып қызмет атқарады. Қиын да қызығы мол еңбек жолында жас жігіт оңды-солын таниды, өз ісіне мығым, табанды, байсалды азамат болып қалыптасады. «Алтайполиметалл» комбинатында, Риддер кенішінде, Лениногор кен басқармасында басшы қызметтер атқара жүріп, ғылым саласында да еңбектенеді. 1968 жылдан техника ғылымдарының докторы.

Читать полностью »

КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА (1912 – 1957)

Байсейітова Күләш та қазаққа есімімен танылған өнер саңлағы. Ұлтымыздың кенже туған жаңа өнер саласы – операда «Шығыстың бұлбұлы» атанып, ұлт атын дүниеге әйгіледі, тамылжыған әндерімен халқымыздың аяулысына айналды. Ән өнерін, сахна өнерін жаңа сатыға шығарды. Күләш – ел есінде, әлбетте бүгінгі аға ұрпақ өкілдері арасында әлі де сол қалпында сақтаулы дара тұлға. Қазақ қыздары арасынан өнер жұлдызы болып туып, ерте ағып түскен талант. Қыз Жібек, Ақжүніс, Сара, Ажар, Еңлік, Айман, Шұға сынды әдеби кейіпкерлерге айналып, есімдері көпке танымал болған. Қазақ қыздарының бейнелерін халқымыз Күләш келбеті, Күләш өнері арқылы танып, білді.

Читать полностью »

ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН (1915-1983)

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарының соңына қарай қалың көпшілікті дүр сілкіндірген шығарма дүниеге келді. Әдеби ортаға ұйқыдан оятқандай әсер еткен бұл шығарма «Қаһар» романы болатын да, авторы жаңа есім – жас талап емес жасамыс, орта жастағы Ілияс Есенберлин еді.

Читать полностью »

ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ (1922 ж.т.)

Сәби кезінде ұшқыш болсам деп армандамайтын бала сирек болар. Екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Талғат Бигелдинов те осындай ізгі арманның иесі болды. Батыр кәдімгі ауыл баласы еді, ол 1922 жылы Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Майлыбалақ ауылында дүниеге келді. Оның жастық шағы Фрунзе (қазіргі Бишкек) қаласында өтеді. Талғат осы қаладағы аэроклубқа үзбей барып жүргендіктен, оның ұшқыш болуға құмарлығы бірте-бірте арта түседі. Сөйтіп ол он алты жасында парашюттің жібек жібін ұстап, зеңгір көктен жерге қарай талай секірді. Аэроклубтағы осындай жаттығуларды толық меңгерген Талғат өзі талаптанып, Орынбор және Саратов қалаларындағы әскери авиация училищелеріне түсіп оқиды.  

Читать полностью »

РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ (1924 – 1988)

Мәңгілікке жер құшқан фашистердің соңғы ұясы – Рейхстагтың үстіне жеңіс туын желбіреткен Қошқарбаев Рақымжан 1924 жылдың 19 қазанында Ақмола облысы, Тельман ауылында (кезінде «Қырық құдық» деп аталған екен) өмірге келген. Анасынан төрт жасында айырылып, 13 жасында аяулы әкесі НКВД түрмесіне жабылған Рақымжан жетімдіктің азабын бір кісідей-ақ тартты. Отан-ананың тәрбиесі бойына сіңген бала-жігіт Ұлы Отан соғысы басталған соң-ақ елін жау қолынан азат етуге бел буады. Ол осы ізгі мақсатпен 1942 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласындағы жаяу әскер училищесіне оқуға түседі. Осы жерде Рақымжан алыстағы арманы болған күтпеген жағдайға тап болады: жігерлі жас жігітті баяғыда НКВД құрсауына түскен әкесі іздеп тауып, әке мен бала Фрунзеде сағынысып жолығысады. Ардақты әке осылайша сүйікті ұлының сапар жолына ақ батасын береді.

Читать полностью »

НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ (1925 – 1998)

Қазақстанның (1975) және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (1984) халық артисі, Қазақстанның халық қаһарманы (1998) сазгерлікті орындаушылық өнермен ұштастыра отырып, тыңдаушысын тамсандырған, аты аңызға айналған Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыка тарихында қайталанбас тұлға.

Кеңестік дәуірде туып, бүгінгі кәсіптік өнердің аясында тәрбиеленсе де халықтық фольклордан мол сусындап өскен, өз творчествосына да фольклорлық сипатты көп сіңіре білген ол – сирек кездесетін талант. Нұрғисаның ерекше қасиетінің өзі – өткен дәуірдегі халық өнерпазының бойында кездесетін бірнеше өнердің жиынтығы бір өзінен табылатындығы. Ол – композитор, ол – виртуоз домбырашы, ол – дирижер, ол – ұйымдастырушы, ол – фольклоршы, зерттеуші, халық мұрасын ынтамен жинап, ел игілігіне асырушы.

Читать полностью »

15 страниц« Басына...6789101112131415



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы