Ертегілер мен аңыздар

Өсімдіктер мен кемпірқосақ

Баяғы заманда жер бетіндегі өсімдіктердің барлығы тек жасыл түсті болыпты. Бір күні қатты жаңбыр жауып, олар қуанып, асыр салады. Жаңбырдың қалай басылғанын да байқамайды. Жапырақтар бетінде жаңбыр тамшылар қалады. Тамшылар да өсімдіктермен бірге ойнағысы келгендей түрлі түсті түске енеді. Дүние әдемі боп кетеді. Кенет өсімдіктер жаңбыр тамшыларынан әдемі біреудің өздерімен бірге күліп, ойнап, қуанғанын көреді.

Читать полностью »

Ұстаз бен шәкірт ертегісі

Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:
— Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың? – деп сұрады. Шәкiрт ойланбастан:
— Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.
— О-о! Әншi болу үлкен арман, әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдасаң, сенi үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi – дедi ұстазы.

Читать полностью »

Үш жетім

Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты Ол ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының  күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті. Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы жоқ үш жетімек бар екен. Бұлар үшеуі ақылдасып «біз патшаның көңілін сұрасақ қайтеді» деген оймен патшаға бармақшы болады.

Читать полностью »

Құстар неге сөйлей алмайды?

Ерте заманда адамдар мен құстардың достығы мықты болыпты. Құстар адамдардың тілін түсіне алатын болған екен.

Биік тауда бүркіт өмір сүріпті. Бір күні бүркіттің қарны ашып, аулайтын аң аңдып отырады таудың биік шыңында отырып. Бірақ ештеңе табылмайды. Күннің көзі бүркіттің көзіне түсіп, ол ұйықтап кетіпті. Біраздан соң құстың қанатының даусынан оянып кетеді.

Читать полностью »

Құмырсқа мен шегіртке ертегісі

рем. Бұдан кедей болып қалған Адамды көрген емеспін, оның көйлегі де көп, көңілі де тоқ, — деп жауап берді Шегіртке.

Бастары жұлым-жұлым боп қалған басқа бидайларға қарап тұрған Құмырсқаның көзіне анадайда бидайлардың парша-паршасын шығарып шашып ойнап келе жатқан Шегірткенің балалары түсті.

Читать полностью »

Қоңыр Қонжық ертегісі

Қоңыр Қонжық — енесінің еркесі. Бал жегісі келсе бақырып жылайды. Енесі жүгіріп барып бал құйып береді. Ол үнемі бақырып жылап достарына да айтқанын істетеді. Бір күні Қонжықтар Куаалалармен футбол ойнады. Ерке Қонжық қанша тырысса да допты бір рет те тебе алмады. Ол еркелеп, жылап жүріп футбол ойнауға еш машықтанбаған еді. Қатты ызаланған Қонжық отыра қап тағы да бақырып жылады. Бірақ достарының Қонжықты жұбатуға мұршалары болмады.

Читать полностью »

Қаншайым мен жеті өнерпаз

Баяғыда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның жалғыз ай десе аузы, күн десе көзі бар – Қаншайым деген қызы бар екен. Қыздың сұлулығына қараған адам есінен танып қалады екен.

Читать полностью »

4 страниц1234



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы