Философия

Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірінің философиясы

       Жоспар:

  1. Қайта өрлеу дәуірі философиясы және мәдениетінің пайда болуының алғы шарттары.
  2. Гуманизм,  неоплатонизм, натурфилософия — қайта өрлеу дәуірі философиясының    бағыты ретінде.
  3. Қайта өрлеу дәуірінің саяси-әлеуметтік философиясы.
  4. Жаңа заман философиясының негізгі сипаттамасы.
  5. Ф.Бэкон:  индуктивтік әдісті дайындау.
  6. Р.Декарт:  «Ойлаймын, яғни өмір сүремін». Ғылыми әдіс идеясы.
  7. Лейбниц философиясы. Монадалар туралы ілім.

    Читать полностью »

АДАМ САНАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Осыдан біраз бұрын біз Философиядағы адам мәселесі жайында жазған болатынбыз.

Адамның дене бітімінің қалыптасуы. Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар — парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл бұрын) ежелгі антропоидтар — дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі екі текке бөлінеді: бірі — қазіргі май-мылдар — горилла мен шимпанзе де екіншісі — жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер мен австралопитектер.

Читать полностью »

Философиядағы адам мәселесі

Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.

Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.

Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.

Читать полностью »

Қоғамның рухани өмірі

Рухани өмір – қоғмның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық-психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.

Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады:

Читать полностью »

Қоғамның саяси жүйесі

Саяси жүйе қоғамның өмір сүруінде өте маңызды рөл атқарады. Оның міндеті қоғамдағы саяси қатынастар мен саяси процестерді реттеуге негізделген. Саяси жүйе дегеніміз – мемлекеттік және саяси мекемелер мен институттардың, саяси қатынастардың, саяси және құқықтық нормалардың жиынтығы. Саяси мекемелер мен ұйымдардың қызметі қоғамдағы таптар мен басқа да әлеуметтік топтардың саяси мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған. Олардың саяси мүдделері қоғамдағы саяси қатынастардың көрінісі болып табылады және саяси билік мәселелерін шешуге негізделген: оған ие болу, жүзеге асыру мен қорғау, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру. Мұндай саяси мүдделер саяси жүйенің элементтері арқылы жүзеге асады.

Читать полностью »

Қоғамның әлеуметтік құрылымы

Әлеуметтік құрылым –қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары. Әлеуметтік құрылым қатарына халықтың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, жеріне т. б. ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Әлеутеттік-таптық құрылым таптардан және сол таптардың құрылымына енбейтін әлеуметтік топтардың жиынтығынан тұрады.Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктік қатынас әлеуметтік құрылымның негізі болып табылады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі негізіне әлеуметтік қауымдықтар қалыптасады. Меншіктік қатынас қалыптасқан әлеуметтік құрылымды экономикалық тұрғыдан негіздейді.Қазіргі қоғамда әлеуметтік құрылымның дамуында екі негізгі үрдісті атап кетуге болады.

Читать полностью »

Қоғамның материалдық — өндірістік немесе экономикалық болмысы

Қоғамның экономикалық өмірін сипаттауды материалдық өндірістен  бастауды дұрыс деп білеміз. Өйткені, қоғам адам өмірі үшін қажетті нәрселерді өндірмей өмір сүре алмайды. Өмірге  қажетті игіліктерді өндіру адамзат тарихының бастапқы пункті, алғашқы тарихи әрекеті болып табылады.«Материалдық өндіріс » және « тікелей өндіріс » ұғымдарын бір-бірінен ажырата білу керек, екеуі тепе-тең емес, керісінше, бүтін мен бөлік сияқты қатынаста болады. Материалдық өндіріс компоненттеріне тікелей өндірістен басқа тарату, айырбастау және тұтыну салалары жатады. Өндірілген нәрсе тұтынушыға дейін жетпей, яғни тұтынылмай өндіріс процесі аяқталды деуге  болмайды. Бірақ, бұған жету үшін өндірістің басқа салаларының қызметі дұрыс болу керек.

Читать полностью »

4 страниц1234



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы