Қазақ әдебиет тұлғалары

ӘБУНАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарм бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби

Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Читать полностью »

Таразы ақын

Асыл тастың су түбінде жатпайтыны секілді Таразы ақынның суреті табылып, 2009 жылы баспасөз беттерінде бірінші рет жарияланды. Табылды деп отырғанымыз, халыққа жария етілгенін айтқанымыз ғой. Әйтпесе бұрыннан бар сурет. Осыдан бір жарым ғасырдай уақыт бұрын патша өкіметінің адамдары түсірген фотосурет Таразы ақыннан тараған ұрпақтардың үйінде сақталып келді. Оқырман қауым сонау ХІХ ғасырда патша өкіметінің адамдары Ақтөбеге, оның ішінде Шалқар маңына келіп суретке түсіретіндей бұл тұлға соншалықты кім болды екен деп ойлауы мүмкін. Сурет кімнің қолында сақталған? Жалпы Таразы ақын деген кім?
Бұрын Шалқар өңірінде болмаса, басқа жерлерде Таразының есімі көп айтыла бермейтін. Таразы — ақын, ақындығымен қатар сол кездегі қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді тікесінен айта білген қазақтың батыл қызы һәм кәдімгі Есет Көтібарұлының сыйлы келіні.

Читать полностью »

Тоқа Шоңманұлы

(1830-1914 жылдар)

Шоңманұлы Тоқа қазіргі Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданындағы Көктал өзенінің бойында дүниеге келген. Арқада Тоқа деген ру аты да бар. Сол Тоқа руынан айырып атау үшін үзеңгі тұтастары күйшіні Сайдалы Сары Тоқа деп атап кеткен.

Тоқа өз төңірегінде ел-жұртқа әділдігімен танылған, өнерпаз күйшілігімен даңқы шыққан. Оның іреп айтатын уытты тілі, өз дарын да көбейтіп баққан. Тоқаның екі жылдай жер ауып, айдауда жүріп қайтуы да өз заманының зорлық-зомбылығымен көп беттескенің аңғартады.

Читать полностью »

Қазанғапұлы Тәттімбет

Қазанғапұлы Тәттімбет (1815-1860) — қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына карасты Дастар тауының етегі, Мыржық ауылы, Қызылжал қыстауы. Бұл жерді Мөшеке бұлағы деп те атайды. Мөшеке Тәттімбеттің үлкен әкесі. Тәттімбет небәрі 45 жас ғұмыр кешіп, дүние салған соң, Қарқаралы жеріндегі Түндік өзенінің бойына, Бабалы мен Арқалық тауларының ортасындағы алқапқа жерленген. Бұл — Тәттімбеттің әкесі Қазанғапқа арналып салынған зират. Ішінде үш қабыр-бесікше бар. Бірінде — Қазанғаптың өзі. Екіншісінде — Қазанғаптың бәйбішесі, Тәттімбеттің анасы Қалайы. Үшіншісінде — Тәттімбет жатыр.

Тәттімбеттің шыққан тегі Орта жүз, Арғын, оның ішінде Мейрамнан тарайды. Шежіре бойынша Мейрамнан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек (Болатқожа), Шұбыртпалы деген аталар өрбіген. Осылардың ішінде Тәттімбет Қаракесегі болып келеді.

Читать полностью »

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Лекция мақсаты: Қ.Аманжолов шығармашылығының мәнін көрсету.

Сұрақтар:

  1. Поэмалары, тақырыбы, идеясы, көркемдік көркемдігі. Аудармалары.
  2. Ақын шығармашылығының қазақ поэзиясынан алатын орны.
  3. Шығармашылығының зерттелуі

    Читать полностью »

КӨТЕШ РАЙЫМБЕКҰЛЫ (1745 – 1818 жж.)

Лекция мақсаты: Көтеш ақын шығармашылығымен таныстыру, өлеңдерінің мәнін көрсету.

Жоспар:

  1. Көтеш ақын Райымбекұлы (1745-1818 жж.). Ақын өмірі мен шығармашылығы.
  2. Әдеби мұрасының ерекшеліктері.
  3. Өлеңдерінің  әдеби-рухани мәні, зерттелінуі

    Читать полностью »

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ (1663 — 1763 жж.)

Лекция мақсаты: Қожаберген жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету.

Жоспар:

  1. Қожаберген жыраудың қазақ тарихындағы орны.
  2. Қожаберген жырау Толыбайұлының өмірнамасы.
  3. Шығармаларының жанрлық ерекшеліктері.
  4. «Елім-ай» дастанының идеялық-көркемдік ерекшеліктері.

    Читать полностью »

29 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы