Ұлтын ұлықтаған қайраткер
Сұлтанбек Қожанұлы — қазаққа, жалпы түркі жұртына айтулы еңбек сіңіріп, өшпес із қалдырған ірі тарихи тұлға. Ол алаш қайраткерлерінің аға толқынына жас шағында қолғанат, есейген уағында қамқор болды. Кеңес заманында басшылық орындарда отырып, Ахмет пен Міржақып бастаған ұлт зиялыларына ешкімнен тайсалмастан қызмет берді. Сау басына сақина тілеп, Мағжан Жұмабайұлының өлеңдер жинағына алғысөз жазып, баспадан шығартты. Оның ұйымдастыруымен жарық көрген атақты “Ақ жол” газетін Сталин өзінің тікелей тапсырмасымен жаптырды. Қоқан автономиясы тұсында Мұстафа Шоқаймен тізе қосып, түркі бірлігінің туын көтерді. Өзбек ағайындардың берідегі оннан астам техникалық жоғары оқу орны Сұлтанбек Қожанұлы өз қолымен қабырғасын қалап, тұңғыш ректоры болған Орта Азия мақта-ирригация политехникалық институтынан бөлініп шықты. Қарымды азамат біршама уақыт Өзбекстанның мақта шаруашылығына да жетекшілік етті.
Читать полностью »