Қазақ әдебиет тұлғалары

Медетбай Тәжіұлы (1850-1928)

Табынай Медетбай ақын туралы алғашқы дерек  «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» деген бес томдық энциклопедиялық жинақтың төртінші томында жазылған.Онда Медетбай Сатыпалдыұлы Маңғыстау облысының руы Адай оның Табынай тақтасынан.Медетбайды «балықшы ақын» деп атаған,себебі  ол бар өмірін балқ аулаумен өткізген,көпестерге жалданп Иранға дейін барған.Ол өз өлкесіне белгілі суырыпсалма ақын болған.Медетбайдың өлеңін жатқа білетіндер қазіргі Маңғыстау облысында тұрады.Олар:Демесенов Ілесбаи,Көшкінбаев Дүисен,Қарабалаев Ізтұр,Шевченко ауданынан Медетбаи ақынның шығармаларын жинақтаушы Зердебай Бекарыстанов:

Читать полностью »

Махмұд Қашқари

Махмұд Қашқари ХІ ғасыр түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.

Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.

Читать полностью »

Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904-1985)

Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904-1985) – қазақтың ғұлама ғалымы, Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, профессор. Туған жері қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы.

Өткен ғасырдың басында қазақ даласынан Ресей қалаларына барып, білім ала бастаған қазақ жастарының бірі болып Ленинград қаласына барған Әлкей Хақанұлы 1925-31 жылдар арасында осындағы Шығыс институтында, сонымен қатар Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс бөлімінде оқиды, бұларға қоса Өнер тарихы институтында лекция тыңдайды. Осында оқып жүргенде ол КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған Қазақстан мен Алтайдың халықтарының тарихын зерттеу экспедицисына қатысып, адайлар мен наймандардың әдет-ғұрпын, тұрмысы мен өнерін зерттейді. Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә. Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа алфавит комитетінде ғылыми қызметкер болады.

Читать полностью »

Марат Сейітұлы Қоңыров

Марат Сейітұлы Қоңыров — қазіргі заман қазақ жазушысы.

Жастайынан әкесіз қалып, он жасынан бастап қатал «көшенің әдеттері» бойынша өмір сүрген. Ақырында кәмелет жасына жетпеген балаларға арналған арнайы абақтысына түскен. Бостандық алғаннан кейін жала кінәланып тағы да темір тордың ар жағына түскен.

1995 ж. Қоңыровтың орыс тілінде «Нести свой крест» кітабі Ресейде шыққан. Бұл жазушының алғашқы повесті. Кейін ол ағылшын тіліне аударылып АҚШ-та басылып шыққан.

Читать полностью »

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976)

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») 1963-1965, «Жұлдыз» (1965-1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973) қызмет атқарады.

Читать полностью »

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)

Майлықожа Сұлтанқожаұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм жерінде туып өскен.Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша  сауатты,шағын дәулетті,көзі ашық,діндар адам болған.

Майлықожа әкесінің үйретуімен сауат ашып,кейін өз бетімен көп ізденіп,заманына сай білімді алған.

Майлықожа әке-шешесінен 14 жасында жетім қалып,жоқшлқ,мұқтаждқт көп көрген.Ержете келе жаттап өлең айтып,өнер жолына түсу арқылы елге танылады.

Читать полностью »

Майлин Бейімбет (Бимағамбет, 1894-1938)

Майлин Бейімбет (Бимағамбет, 1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Таран ауданы. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған. Алғашқыда мұғалімдік қызмет атқарған (1916-1919). Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932).

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы