Туризм әрқашанда көлікпен байланысты болады (авиациялық, теміржол, автомобильді, су көлігі т.б.). Көлік түрлері туристерді тасымалдау кездерінде апаттар болып, қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті туристерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне аса қатты көңіл бөлінуі керек.
Туристік және экскурсиялық көліктік саяхаттарды ұйымдастыру үшін ең маңызды мәселе көліктің қауіпсіздігі мен сенімділігі және туристердің қауіпсіздігін ұйымдастырушылық және ақпараттық іс-шаралар арқылы жоғарылату болып отыр. Туризм мақсатында қолданылатын көліктердің бекітілген талаптарға сәйкестік сертификаттарының, ал көліктік кәсіпорындардың жолаушы тасымалдау қызметіне лицензияларының болуы тиіс.
Читать полностью »