Туристерді тасымалдау қауіпсіздігі


Скачать/Жүктеу

Туризм әрқашанда көлікпен байланысты болады (авиациялық, теміржол, автомобильді, су көлігі т.б.). Көлік түрлері туристерді тасымалдау кездерінде апаттар болып, қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті туристерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне аса қатты көңіл бөлінуі керек.

Туристік және экскурсиялық көліктік саяхаттарды ұйымдастыру үшін ең маңызды мәселе көліктің  қауіпсіздігі мен сенімділігі және туристердің қауіпсіздігін ұйымдастырушылық және ақпараттық іс-шаралар арқылы жоғарылату болып отыр. Туризм мақсатында қолданылатын көліктердің бекітілген талаптарға сәйкестік сертификаттарының, ал көліктік кәсіпорындардың жолаушы тасымалдау қызметіне  лицензияларының болуы тиіс.

Туристердің баратын жерлеріне дейін жетуі мен қайтадан келуі және саяхат кезінде пайдалануы үшін әртүрлі көлік түрлері қолданылады.

Әрбір нақты жағдайларда туристердің жарақат алуы, қозғалмалы механизмдермен байланыс кезінде төнетін қауіптерді болдырмау шараларын қарастыру қажет.

Жарақат алуды болдырмау үшін туроператорлар, ең алдымен, көлік компанияларының қауіпсіздікке қатысты рейтингтерін қадағалап отыруы және тасымалдау кездерінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажет.

Әрбір көлік жүйесі шегінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ережелері мен нормалары бар.

Авиатасымалдау кезіндегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Авиатасымалдау қауіпсіздігі – авиакомпанияларының өздерінің сөзсіз ерекше хұқы. Бұндай көпсалалы міндеттер көптеген мамандандырылған қызметтер көмегімен шешіледі (қарапайым техникалық мәселелерден терроризмді болдырмауға дейін). Сонымен қатар, бір мезгілде ұшу қауіпсіздігі көптеген жағдайларда жолаушылардың өздеріне байланысты болады.

Туристік фирмалар жұмысшылары жолаушыларды, жүктерді авиалинияларда тасымалдаудың ережелерін, ұшу қауіпсіздігі ережесін білуі және ұшу кезінде жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қаматамасыз ету шаралары туралы туристерді ақпараттандыруы керек.

Туристер өздерімен бірге тіркелмейтін жүктер ретінде қандай заттарды алып жүруге рұқсат етілетінін білулері қажет. Бұл заттардың салмағы 5 кг аспауы шарт. Кейбір жағдайларда (авиакомпания рұқсатымен) тіркелмеген заттар ретінде тасымалдауда ерекше абайлылықты талап ететін заттарға рұқсат етіледі.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің өмірі мен денсаулықтарын қорғау мақсатында азаматтық авиация, милиция, кеден мекемелері мен шекара орындарының жолаушылардың жеке және жүктерді тексеруге құқылары бар.

Туристер тексеру жүргізудің мақсаты, ұшу көліктерінде тасымалдауға рұқсат етілмейтін заттар және тасымалдау ережелерін бұзған жағдайлардағы жауапкершіліктер туралы алдын ала ақпараттандырылуы керек.

Жүк ретінде мына заттарды тасымалдауға рұқсат етілмейді:

-   суық қару-жарақтардың барлық түрлері;

-   жарылғыш заттар мен жару құралдары;

-   қауіпті тудыратын газдар;

-   уландырғыш заттар;

-   коррозиялы заттар.

Жолаушы тасымалдауға рұқсат етілмеген заттарды алып жүргені және оның ерекше жағдайларын сақтамай өткізгені үшін жауапқа тартылады. Ережелерді бұзғандары туралы барлық жағдайларда акттер жасалады. Тасымалдауға рұқсат етілмеген заттар мемлекеттік орындарға беріледі немесе жойылады.

Өткір қатты заттары бар (шегелер, сымдар т.б.) және дұрыс салынып оралмаған жүктер тасымалдауға жіберілмейді.

Әуежайда, ұшу алаңы мен ұшу кездерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында туристерді мыналар туралы ақпараттандыру қажет:

-   бөгде адамдардан тасымалдау үшін заттар мен жүктер алудың рұқсат етілмеуі;

-   турист заттарын өзінің салуы немесе өзінің жеке қарауымен салдыруы;

-   ұшу көліктерінде темекі шегуге рұқсат етілмеуі;

-   жүктерді тексеру кезінде жолаушының болмауынан оның жүктерінің тасымалға жіберілмеуі;

-   жолаушының мас болуынан ұшуға жіберілмеуі;

-   жүкке өзінің фамилиясы, аты және әкесінің атын жазып қоюы.

Жолаушы өзінің тіркелмеген жүктерін тексеруге бермеуі және шекара аймағына шығу кезінде құжаттарының болмауынан ұшуға жіберілмейді.

Жолаушылар ұшақ бортында отырғанда авиакөліктерде ұшу қауіпсіздігін қатаң түрде сақтаулары және ұшақ командирінің барлық бұйрықтарын орындаулары қажет.

 

Автокөліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Апаттар мен құрбандар саны бойынша көліктің ең қауіпті түрі автомобиль көлігі болып отыр. Бұл автокөлік жолдарында қауіптердің көп болуынан болады.

Автокөлік оқиғаларының анализдері бойынша алсақ, көптеген апаттар жүргізушілердің жолда жүру ережелерін бұзуынан болатынын көрсетеді. Қозғалыс қауіпсіздігі автокөліктің дұрыс техникалық жағдайы, жүргізушінің квалификациясы мен саяхатқа апарған елдің жол қозғалыс ережелерін білуімен қаматамасыз етіледі.

Бірнеше елдің территориясынан өтетін автобус саяхаттарын ұйымдастыру кезінде туроператорлар көлік таңдауына,  жүргізушілерді таңдау мен олардың дайындылығына аса назар аударуы қажет. Туристерді тасымалдауға қолданылатын автобустарының бекітілген талаптарға сай сертификаттары болуы керек.

Автобус техникалық жағынан дұрыс жөндеуден өткізілген, қалыпты жылу және вентиляция жүйелерінің болуы, жанар жағар маймен толық толтырылған, қатты сөйлеуге арналған құралдармен жабдықталған, ішкі және сыртқы тазалығының сақталуы, дәрі-дәрмек  жәшікшелерінің болуы тиіс. Автобусты қолдану ережелері айқын көрінетін жерлерде болуы керек. Автобустың дұрыс жұмыс істеп тұрғаны оның сапарға шығар алдында жүргізуші мен механиктің қолдарымен жол қағазында бекітіледі.

Еуропалық конвенцияның көліктердің жұмыстары бойынша қабылданған шешіміне сәйкес халықаралық тасымалдауға жүргізілетін 9 орыннан асатын барлық автобустар міндетті түрде тахографтармен жабдықталуы керек делінген. Егер онымен жабдықталмаса, онда автобус жұмысқа жіберілмейді.

Тахограф дегеніміз – бұл автобус пен жүргізуші жұмысын есепке алып бақылау жүргізуге арналған құрал. Ол автоматты түрде қозғалыс жылдамдығын, жүрген уақытты, автобустың жүрісін, жүргізушінің еңбек және демалыс уақыттарын көрсетіп және жазып тұрады. Жазбалар диаграммалы дисктерде жазылып, жүргізушінің жұмыс күнінің толық суреттемесін береді.

Автобус жүргізушілері қозғалысты ұйымдастыру және маршрутта қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы ақпараттары бар құжаттың мазмұнын білуі тиіс. Онда мыналар көрсетіледі:

-   жол маршруты:

-   маршруттың графикалық сызбасы;

-   маршрут бойынша жол құрылыстарының болуы;

-   аялдама пунктері, олардың арақашықтықтары;

-   автобустың қозғалыс уақытының есебі;

-   жол түрлері мен жағдайы және т.б.

Жүргізушіге бір қатар талаптар қойылады. Туристік маршруттарда автобусты жүргізуге 20 жастан жас адамдарға рұқсат етілмейді, ерекше абайлылықты талап ететін жол бөліктерін, қозғалыс трассасын білетін, маршрут сызбасын мұқият қарайтын бірінші класты жүргізушілер болуы керек.

Маршруттарды жоспарлау кезінде жанар жағар май станцияларының болуын ескеру абзал.

Шетелге сапарға шығар алдында әрбір автобусқа сапар кезінде болған шығындарды өтеп беруге кепілдік беретін автоазаматтық жауапкершілікке сақтандыру құжаты болуы керек.

Егер автобустың өзі сақтандырылса, яғни автомобильді ассистанция ресімделсе тиімді болады. Ол жол-көлік апаттарының болуы, сынып қалған кездерінде және ұрдап кеткен жағдайда автокөлік иесіне шығындарды төлеттіріп алуға кепілдік береді.

Бірге жұмыс істейтін әріптестермен маршрут бойынша барлық аялдама пунктерінде автобустарға қорғаныс мекендерінің болуы туралы келісім жасау қажет

Автобус маршрутқа шығар алдында барлық механизм және құрылғыларының дұрыс жұмыс істейтіндігі мұқият тексерілуі қажет.

Автобустық турлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушіге мыналар рұқсат етілмейді:

-   маршрутқа ауырған немесе шаршаған күйінде шығуға;

-   тіпті ең аз мөлшерде ішімдік ішкен немесе есірткі қабылдаған күйінде көлікті айдауға;

-   қозғалыс графигі мен жол қағазында көрсетілген маршруттан бөлек өзгеріс жасап жүріп кетуге, маршрутты тек жол немесе климаттық жағдайларға байланысты ғана өзгертуге болады;

-   жол құжаттарында көрсетілмеген адамдарға көлікті жүргізуге беріп қоюға;

-   жұмыс істеу уақытында демалуға немесе ұйықтауға.

Автобус саяхаттарын түнгі 12 сағаттан таңғы 4-ке дейінгі аралықтарда өткізбеген дұрыс болады, себебі бұл уақытта адамның физиологиялық жұмыс істеу қабілеттері төмендейді.

Туристік маршруттарды әзірлеген кездерде автобустың қозғалыс графигін жылдамдықты 70км/сағ мөлшерлеп құрастыру керек.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы