Физика, Химия

ФОСФОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫНДЫЛАРЫМЕН УЛАНУ

Фосфор және оның органикалық емес қосындыларымен улану жағдайлары, ағзаға фосфор және құрамында фосфоры бар органикалық емес (родентицидтер, инсектицидтер, фосфин[сутегінің фосфиді, РН3, сасық газ] қосындылардың түсуі нәтижесінде пайда болады. Ацетиленмен (фосфиннің түзілуі мүмкін), фосформен жұмыс істегенде, металды суға және қышқылға түсуі кезінде, өндірістік кәсіпорындарда, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда кездеседі. Фосфор және оның органикалық емес қосындыларының улылығын жеңіл қортылатын майлармен бірге ішімдікті қолданған кездерінде болады. Фосфордың рұқсат берілетін концентрациясы 0,03 мг/м3.

Читать полностью »

МЕТГЕМОГЛОБИН ТҮЗІНДІЛЕРІМЕН УЛАНУ

МЕТГЕМОГЛОБИН ТҮЗІНДІЛЕРІМЕН УЛАНУ

Метгемоглобин оттегін қасымалдау қабілетінен айырылған гемоглобин туындысы болып табылады. Метгемоглобинемияның туа пайда болған және жүре пайда болған түрлерін ажыратады.

Метгемоглобинемияның улану кезіндегі туа пайда болған  түрі  гемоглобин  молекулаларының құрлымының  немесе эритроциттердің кейбір ферменттерінің күрт төмендеуімен (жоғалуы) негізделген. Метгемоглобинемияның жүре пайда болған түрі кәсіпте және тұрмыстық жағдайлардағы химиялық заттармен (қышқылдармен, бензол, анилин туындылары, азот қышқылдары), дәрілік зататрмен улану (фенацетин, викасол, кейбір сульфаниламидтер және малярияға қарсы заттар), нитраттарға бай колодезді суды қолданғанда. Қалыпты жағдайда метгемоглобиннің қандағы көрсеткіші жалпы гемоглобин құрамының 1,0-2,5% жоғарламайды, ал зәрде болмайды. Ол зәрде пайда болса, зәр қанды қызыл түске боялады.

Читать полностью »

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕР

Иондаушы сәулелер тарихы.

Өндірістік ортада жаңа гигиеналық фактордың пайда болуы(иондаушы сәулелер) өткен жүз жылдықтың соңындағы физика аумағындағы үлкен бір ашылулармен байланысты.

1895 жылы – Вильям Конрад Рентгенмен рентген сәулесінің ашылуы.

1896 жылы – Анри Беккерлмен шынайы радиоактивті құбылыстардың – көзге көрінбейтін сәулелердің енуімен уран тұздарының өздігінен шығуы, олар фотоэмульсияның қараюын және кейбір заттардың флюоренциясын щақырады;

Читать полностью »

ҚОРҒАСЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫНДЫЛАРЫМЕН УЛАНУ

ҚОРҒАСЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫНДЫЛАРЫМЕН УЛАНУӨндірісте қорғасын және оның қосындыларын кейбір құймаларды (типографиялық, баббитті, латунь), аккумуляторлар, химимялық аппараттар, иондаушы сәулелерден қорғайтын заттар, хрусталь өндірістерінде, бояу түрінде (қорғасынды ағартулар) және т.б. Қорғасынды уланулар ең бастысы өндірістік жағдайларда болады. Кейде тұрмыстық жағдайларда ішінен қорғасынмен қапталған, ұзақ уақыт бойы керамикалық ыдыста сақталған тамақ өнімдерін қолданған жағдайларда  уланулар болады.

Қорғасын және оның органикалық емес қосындылары  агрегаттық жағдайымен қатынас сипатына байланысты, тыныс жолдары немесе асқазан ішек  жолдары және тері жабындылары арқылы  енеді. Өндіріс орындарында бұл заттар  адам ағзасына шаң, аэрозол және бу түрінде енеді. Қорғасын және оның туындылары асқазан және ішек жолдарына тұрмыстық уланулар кезінде, сирек жеке бас гигиенасын сақтамайтын — өндірісте: қорғасынмен байланыста болғаннан кейін ауызды шайқау, қолды жуу, цех орындарында тамақ ішудің салдарынан түседі.

Читать полностью »

АРОМАТТЫ КӨМІРСУТЕКТЕРІМЕН УЛАНУ

Ароматты көмірсутектеріне бензол және оның гамологтары жатады. Ол басым гемопоэзді зақымдайтын уларға жатады. Ароматты көмірсутектеріне бензол жатады. Бензол – бұл арнайы хош иісі бар сұйықтық. РЕК (ПДК) – 5 мг/м3. Спиртте, майда, эфирде жақсы ериді, ал суда мүлде ерімейді. өндірісте бояғыштарды, лактарды ерітуде жиі қолданылады, сонымен қатар  әртүрлі қосындыларды алуда (хлорбензол, стирол). Ену жолдары.

— өкпе арқылы

— зақымданбаған тері арқылы

Читать полностью »

ТҮЗЕТКІШТЕР

Түзеткіш құрылғыларда кең тарағандары жартылай өткізгішті клапандар. Олар бірнеше милиамперден бастап жүздеген амперге дейінгі токтарға есептеледі. Тура бағыттағы кедергілері аз. Бірақ бір жаман жері, бұларда кері токтың үлкен маңызы бар және ол температура жоғарылаған сайын өсе береді. Бұл жағдай құрылғының жұмыс температурасының ауқымына шек қояды. Бір ғана диод қолданылатын қарапайым түзеткіште ток жүктеме арқылы тек оң жарты периодта ғана өте алады, теріс жарты периодты диод өткізбейтін болғандықтан, ол жүктеме арқылы өте алмайды, жүктемедегі ток тек қана оң жарты периодтардан тұратындығы қарастырылады. Көбейткіштіңкұрылысы мен жұмысының қандай екендігі баяндалады.Көбейткіш — кернеуді жоғарылататын аспап. Бірақ мұнда трансформатордағыдай ешқандай жүрекше, орам деген жок. Сонда ол кернеуді  қалай жоғарылата алатындығы туралы айтылады.

Читать полностью »

ЭЛЕКТРОНИКА НЕГІЗДЕРІ

1   ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШТЕР

Электрондардың теріс полюстан оң полюсқа қарай қозғалатынын біз бұдан бұрын айтқанбыз. Яғни, электрон бос ойыққа келіп орналасатын болғандықтан, ойықтар керісінше оң полюстан теріс полюсқа қарай қозғалады деп ойлауға болады. Жартылай өткізгіште, сыртқы электр күштері жоқ уақытта және температура абсолюттік нөльден жоғары болғанда еркін электрондар үздіксіз пайда болып, артынан жоғалып отырады. Яғни, электрон өз орнын тастап шыққанда еркін электронға айналып, енді бос орынға – ойыққа келіп орналасқанда  оны (еркін электронды) жоғалды деп айта аламыз.

Читать полностью »

8 страниц12345678



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы