Менiң атам Балықбай Ысқақов соғысқа небәрi 18 жасында аттаныпты. Бұл 1942 жылдың қараша айы екен. Ойлап қарасам, қазiр 18 жаста өзiнiң кiм екенiн бiлмей жүргендер аз емес сияқты. Ел басына қауiп төнген кезде өрiмдей жас болған атамның қолына қару алып, жауға қарсы аттанғаны бүгiнде ұрпақтары бiзге мақтаныш. Шындап келгенде, бүгiнде тәуелсiз мемлекеттiң ұланы болып жүргенiме атамның да үлесi зор. Аспанымыз ашық болуына ол кiсiлер жастық ғұмырын сарп еттi, қаншамасы қыршынынан қиылды. Ең бастысы, ендi ондай зұлмат болмаса екен!
Атам соғысқа Беларусь жерiнен кiрiсiптi. 61-армия, 115-атқыштар дивизиясы. 26-атқыштар полкi, 3-атқыштар батальонының құрамында Беларусь, Латвия, Румыния, Венгрия, Польша, Австрия елдерiн азат етуге қатысты. Атам батальон командирi Павел Стрюковты сағынышпен еске алып отырады.
Читать полностью»
23.02.2012
aslan
Рубрика: 
Менiң бабам батыр екен
Жер-әлемдi солқылдатқан соғыс дүмпуiн көрiп, талай-талай қанқұйлы кезеңдi басынан өткiзген ауылдасымыз – Күрiшбек ата. Бiр өзi – бiр тарих. Күрiшбек ата 1912 жылы Жетiсу губерниясы, Жаркент уезiнде қарапайым отбасында дүниеге келген.
Соғыс басталғанда Әминаның жасы жиырмада болатын. Оның ата-енесi ауылдың сыйлы жандары едi. Жолдасы да ауылдың айтулы азаматы. Осылайша, бақытты өмiр сүрiп жатқан шаңырақтың тыныштығын сұм соғыс бұзды. 1942 жылдың жаз айында Әминаның жолдасы Көшербай Отан алдындағы парызын өтеу үшiн қан майданға аттанады. Артында әке-шешесi, құрсағында баласы бар жан жары қалады. Бақытты отбасы тiрегiнен айрылған соң, ауыр күндер басталады. Алайда Әмина жанұяның берекесiн, болашағын ойлап, қиындықпен күреседi. Үш айдан соң Әмина босанып, өмiрге ұл бала әкеледi. 
Бауыржан ата! Мен үшiн сiздiң тұлғаңыз қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейсiз.
Арманшыл ауыл жастарының бiрi Сапура орта мектептi бiтiрiп, Ақтөбедегi оқытушылар дайындайтын институтқа түседi. Тап сол жылы соғыс басталып, елдегi ер-азаматтар жаппай майданға аттанғанда, оның төрт бiрдей ағасы соғысқа кете барады. Студенттiк өмiрдiң қызығын көре алмай, ендi оқудың қисыны келмейтiнiн сезiнген он сегiз жасар Сапура 1942 жылы маусым айында сұранып, майданға аттанады. Ешқандай әскери дайындықсыз Мәскеу үшiн шайқасқа тап болып, кейiн Белоруссия жерiндегi соғысқа қатысады. 474-атқыштар батальоны құрамында санитар болып, жаралыларға жедел жәрдем көрсетiп, оларды жер бауырлап арқалап, емдеу орындарына жеткiзедi.