Шығарма

«ҚҰЛАГЕР»

Ақын Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасының бірі – «Құлагер» қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арнады. Ақан сері – XIX ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ол дарынды композитор, ақын, әнші. Өзі өмір сүрген заманның әрқилы мәселелерін айқын өнер тілімен көрсете білген оның әдеби, музыкалық, әншілік еңбектері жайлы көптеген ғылыми-зерттеулер бар. Сол еңбектердің бәрінде де Ақан серінің асқан өнерпаздығы, халықтың рухани азығы болған тамаша поэтикалық, музыкалық шығармалар бергені айрықша атап көрсетіледі.

Читать полностью »

«КӨШПЕНДІЛЕР»

І.Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы – қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі.

І.Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді. «Көшпенділер» трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі. Оқиға бүгінгі шекаралық аймақ тұрғысынан қарағанда, Алтайдан атырауға дейінгі шығыс пен батыс аралығы, Батыс Сібір ойпаты және Самарқан мен Сырдарияға дейінгі солтүстік пен оңтүстік аралығын қамтитын географиялық аймақта өтіп жатады.

Читать полностью »

ШАҢЫРАҚ

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.

Читать полностью »

КИІЗ ҮЙ

Киіз үй қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты.

Киіз үй, ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Оның екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Ал киіз үйдің керегесінің басы 70-тен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйлері, әлгіде айтқандай, үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріледі.Оларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған.

Читать полностью »

БЕСІК

Көшпелі өмір кешкен қазақ халқының  аса қастерлеп ұстаған мүлкі бесіктің қадір-қасиетін кім білмейді? Бесік – өмірге жаңа келген періште-сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде алаңсыз балалық шағын есіне түсіретін ардақ тұтар асыл бұйымы емес пе?! Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Бұл қазақтың «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деген ұғымына толығымен сай келеді.

Читать полностью »

ДАСТАРХАН

Қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімінің бір өзгешелігі –дастархан жайып, кімді болса да адал көңілмен қарсы алатын кең пейілдігінде,  меймандостығында. Қазақ үйіне келген адамға дастархан жайып, қонақжайлылық ниет білдірмеген адамды «қазанын қара суға малып отырғандай» деп кемсітетін болған. Сондықтан да қазақ халқы танысын, танымасын үйіне бас сұққан адамға «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп қарап, дастархан жайып, барын оның алдына қойған.

Читать полностью »

ОТАН – АЛТЫН БЕСІК

Отбасына, дос-жаранға, қоршаған әлем, жан-жануарға деген ыстық ықыластан басталған махаббат сезімі Отанына, туған жеріне деген сыйластықпен ұласса, ол – адамның рухани деңгейінің биіктігі. Бауыржан Момышұлы «Опасызда Отан жоқ» десе, қарт Жамбыл:

Читать полностью »

12 страниц« Басына...3456789101112



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы