Шығарма

«ЕРЕУІЛ АТҚА ЕР САЛМАЙ»

Махамбет Өтемісұлы – күрескер ақын, жаужүрек батыр, балкөмей жырау, дәулескер күйші. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, өз қоғамының идеялық күрескері.

Махамбет!

Читать полностью »

«СЕГІЗ АЯҚ»

Бұл қазақ өлеңіне Абай қосқан өлең үлгісінің бірі. Өлеңнің құрылысы – ақынның өзінен бұрынғы төл дәстүрде кездеспеген, тіпті өзі көп үндестік тапқан өзге халықтардың поэзиясында да ұшыраспаған, тек Абайдың өзіне ғана тән, тек Абай ғана дүниеге әкеле алған тың үрдіс. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген:

Читать полностью »

«ОЯН, ҚАЗАҚ!»

ХХ ғасырдың басында туған халқына осылай деп ұран тастаған  Міржақып Дулатов – Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі, қазақ ақыны, жазушы, драматург, публицист, ағартушы-педагог. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса ірі өкілі.  Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Уфа қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ» деген атпен басылып шығады. Қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті болады. Бұл кітап жас авторға патша әкімдерінің тарапынан қуғын-сүргін ала келеді, ол тергеу органдарының бақылауына алынады, артынша «Оян, қазақ!» тәркіленеді. Авторы түрмеге жабылады. Кеңес одағы құрылғаннан кейін де ақынға аңду күшейтіліп, 1928 жылдың аяғында қазақ оқығандары қатарында ол тұтқынға алынады. 1930 жылы ОГПУ коллегиясынның үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 жыл абақты жазасымен алмастырылады. 1935 жылы қазанның 5-і күні Сосновец станциясында, лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады.

Читать полностью »

«МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН»

Қазақ поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын – Мағжан Жұмабаев.

Читать полностью »

«АЛАШ ҰРАНЫ»

1917 жылғы ақпан төңкерісін ақындарымыз шын мәніндегі азаттық таңының атуы деп қарсы алды. Бұның үстіне ел азаматтары да қамданып, жер-жерде уақытша үкіметтің пәрменіне орай қазақ комитеттерін құра бастады. Бұрынғы патша әкімшілігінің орнына қазақтардың өзін-өзі басқару жүйесі жобаланды. Ақыры «Алаш» партиясының ұйымдасуына барып тірелді. Осының бәрі аз уақыт ішінде халықтың көңіл-күйінде едәуір толқулар туғызды.

Читать полностью »

«АБАЙ ЖОЛЫ»

М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. «Абай жолы» роман-эпопеясына шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б.жоғары баға береді. Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын.

Читать полностью »

«ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ»

Б.Майлин – қазақ әдебиетінің проза саласын, әсіресе көркем әңгіме жанрын өркендетуге көп еңбек сіңірген қаламгер. ХХ ғасырдың оныншы жылдарының орта тұсында (1914-1915) Б.Майлин «Шұғаның белгісін» жазып, жариялаған кезде қазақ прозасы жанр ретінде жаңа туып-қалыптаса бастаған, демек, қазіргі жан-жақты жетілген профессионалдық дәрежесінен әлдеқайда алыс жатыр еді. Десек те, дәл осы шығарма суреткерлік шеберлік тұрғысынан пайымдағанда, күні бүгінге дейін қазақ повесінің үлгісі боп қалып отыр.

Читать полностью »

12 страниц« Басына...3456789101112



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы