«ОЯН, ҚАЗАҚ!»


Скачать/Жүктеу

ХХ ғасырдың басында туған халқына осылай деп ұран тастаған  Міржақып Дулатов – Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі, қазақ ақыны, жазушы, драматург, публицист, ағартушы-педагог. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса ірі өкілі.  Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Уфа қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ» деген атпен басылып шығады. Қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті болады. Бұл кітап жас авторға патша әкімдерінің тарапынан қуғын-сүргін ала келеді, ол тергеу органдарының бақылауына алынады, артынша «Оян, қазақ!» тәркіленеді. Авторы түрмеге жабылады. Кеңес одағы құрылғаннан кейін де ақынға аңду күшейтіліп, 1928 жылдың аяғында қазақ оқығандары қатарында ол тұтқынға алынады. 1930 жылы ОГПУ коллегиясынның үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 жыл абақты жазасымен алмастырылады. 1935 жылы қазанның 5-і күні Сосновец станциясында, лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады.

ХХ ғасыр басында Қазақстанның қоғамдық және рухани өміріне аталған өлеңі арқылы «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, өткізбей қараңғыда бекер жасты! Жер кетті, дін нашарлап, хал һәрам боп, Қазағым, енді жату жарамас-ты», — деп жар сала келген ақын саналы ғұмырында қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өсуіне, демократиялық, гуманистік, реалистік бағыттар мен сипаттардың дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Ұлттық мерзімді баспасөзі жоқ, ал жазба әдебиеті әлі қалыптасып үлгірмеген заманда қоғамдық-саяси тақырыптағы кітаптардың орны ерекше еді. Қазақ жұртының қоғамдық санасына ең жақын жанр – өлең түрінде жазылған бұл үндеу өлең сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамдық өмірінің ең зәру саяси-әлеуметтік мәселелерін көтеріп, ұлттық сананың оянуына үлкен ықпал еткен болатын.

Кітапқа жазған кіріспе сөзінде ақын: «Мұнан бұрын өткен он бес жылменен бүгінгі халімізді салыстырсаңыз да аз уақытта көп таршылықта қалған секілдіміз. Әлі де болса бұрынғыдай қозғалмай ғафилдықта жата берсек, енді аз заманда нешік болмақпыз?», — деген сауал тастайды да, оған «Оян, қазақ!» деген өлеңі арқылы жауап береді.

Қысқасы, М.Дулатовтың аталған өлеңі қазақ халқының ой-сана тарихында үлкен дәуірлік сипатқа ие, саяси-әлеуметтік мәні зор шығарма.

Д.Мәсімхан


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы