Экономика, макроэкономика, микроэкономика

Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасынан тауарларды сатуды жинақтамалы есепке алу

Көтерме сауда кәсіпорындарындағы тауарлық операцияларының бухгалтерлік есебінің маңызды міндеті тауарларды жөнелту мен сатуын дұрыс және уақытылы есепке алу, өйткені бұлардың арасында мезгілдік үзіліс пайда болады.

Жөнелтілген және сатылған тауарларды есепке алу үшін сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай: бір жыға дейін мерзім болса 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі » , ал бір жылдан асатын мерзім болса 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» атты активтік шоттар арналған.

Читать полностью »

Көтерме сауда

Сауда тауарлар оралымының маңызды түрлерінің бірі ретінде тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында, тауарлық ұсыныстар мен сатып алушылар сұраныстарының арасындағы делдалдық қызмет көрсетеді және ішкі базардағы халық тұтынатын тауралар оралымының барлық сатыларын қамтиды. Сауда жүйесін ұйымдастыру түрлеріне сәйкес халық тұтынатын тауарлар саудасы: көтерме сауда және бөлшек сауда  болып бөлінеді. Олар тұтыну заттарының тауарлық оралым жүйесінің бірлігімен өзара байланысты. Бірақ айта кету керек, көтерме және бөлшек сауда тауарлық оралым жүйесін тауралардың өндіріс саласынан тұтыну саласына қозғалу жүйесінің әртүрлі сатысында жүргізгендіктен, олардың көрсететін қызметтері, нақты мақсаттары мен міндеттері және тауар қозғалысын ұйымдастырудағы рөлі әр түрлі.

Читать полностью »

Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғаудың механизмдерінің жетілуі

Әлеуметтік қорғау – бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.

Читать полностью »

Әлемдегі қаржылық дағдарыс кезіндегі Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту мәселелері

Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновацияларды жетілдіру негіз бола алады.

Ғалымдар мен мамандардың көпшілігі жиі қайталанып жатқан экономикалық дағдарыстар себептерін экономиканы басқару модельдерінен іздейді. Осыған орай, анағұрлым қолайлы басқару құралдарын анықтау мақсатында экономикалық модельдердің батыстық, исламдық және басқа да түрлерін зерттейді.

Ұлттық экономиканы басқару үшін жекелеген елдердің үкіметтері әлемдік тәжірибеден негізінен екі үлгіні қолданатындығын көруге болады. Олардың біріншісі — басқарудың монетарлық үлгісі, ал екіншісі — өндірістік үдерістер технологиясымен басқару үлгісі. Шын мәнінде, бұл үлгілер бір экономикалық жүйенің екі жағы тәрізді, экономиканы басқарудың өзара толықтырушы құралдары болып табылады.

Читать полностью »

ҚАЗАҚСТАНҒА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯНЫ ТАРТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды.

Читать полностью »

Әлемдік қаржы дағдарысы

Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады.

Читать полностью »

Елдер дағдарысы

Мазмұны
КІРІСПЕ

1. Әлемдік қаржы дағдарысы
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
1.2. Қаржы дағдарысы туралы әлем экономистерінің сараптамасы
2. Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму проблемалары
2.2.Ұлттық бюджетке әсері
2.3. Банк жүйесіне әсері
2.4. Инвестицияға әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Читать полностью »

18 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы