Скачать/Жүктеу
Сауда тауарлар оралымының маңызды түрлерінің бірі ретінде тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында, тауарлық ұсыныстар мен сатып алушылар сұраныстарының арасындағы делдалдық қызмет көрсетеді және ішкі базардағы халық тұтынатын тауралар оралымының барлық сатыларын қамтиды. Сауда жүйесін ұйымдастыру түрлеріне сәйкес халық тұтынатын тауарлар саудасы: көтерме сауда және бөлшек сауда болып бөлінеді. Олар тұтыну заттарының тауарлық оралым жүйесінің бірлігімен өзара байланысты. Бірақ айта кету керек, көтерме және бөлшек сауда тауарлық оралым жүйесін тауралардың өндіріс саласынан тұтыну саласына қозғалу жүйесінің әртүрлі сатысында жүргізгендіктен, олардың көрсететін қызметтері, нақты мақсаттары мен міндеттері және тауар қозғалысын ұйымдастырудағы рөлі әр түрлі.
Көтерме сауда тауарларды ірі партиялармен өндірістік тұтынуға, өңдеуге немесе келешекте халыққа сату үшін үзіліссіз жеткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Көтерме сауданың объективті қажеттілігі көп жағдайда өндірістік кәсіпорындарының тұтыну орындарынан алыс орналасуы, тауар өндірудің бір бағыттылығы мен мерзімділігінен туындайды, сондай-ақ еліміздің жекелеген аудандарының табиғи- климаттық және көліктік жағдайларына байланысты тауарлар өндіріс орындарынан тікелей тұтыну саласына түсуі мүмкін емес. Сондықтан көтерме сауда өндірілген халық тұтынатын тауарларды өндіріс орындарынан тұтыну аудандарына жеткізетін барлық күрделі жүйені ұйымдастыруға арналған.
Барлық кәсіпорындар бөлшек саудамен қалай шұғылданса, көтерме саудамен де солай шұғылдана алады және өздерінің сауда-қаржылық қызметтерін отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағыттауға міндетті.
Жоғарыды айтылғандай, тауар оралымы сауда жүйесін ұйымдастыру түріне сәкес көтерме сауда оралымы және бөлшек сауда болып бөлінеді.
Көтерме сауда оралымы деп тұтыну бұйымдарының келешекте бөлшектеп сату үшін көбінесе бөлшек сауда кәсіпорындарында, сондай-ақ өндірістік тұтыну немесе қайта өндіру үшін басқа мекемелерге ірі партиялармен сатылған көлемін айтады. Тауар қозғалысының қалыптасқан түрі бойынша көтерме тауар оралымы екі түрде болады: қоймалық және транзиттік.
Қоймалық сауда оралымы деп тауарларды сауда және басқа кәсіпорындарға көтерме сауда кәсіпорындарының қоймалары арқылы сатуды айтады. Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларынан көбінесе маусымды сұраныстағы тауарлар, мерзімінен бұрын жеткізілетін және бөлшек сауда кәсіпорындарына жеткілікті кең түр — түрін түсіру үшін алдын-ала сұрыптау және іріктеп жинақтауды қажет ететін күрделі түр – түрлі тауарлар сатылады.
Транзиттік сауда оралымы деп тауарларды (көбінесе жай ассортимент: қант, ұн т.б.) жабдықтаушылардан (жеткізушілерден) көтерме сауда кәсіпорындарына соқпай тікелей сатып алушы мекемелер мен кәсіпорындарға жеткізуді айтады. Ол екі түрлі тауар оралымына бөлінеді: жабдықтаушылар (өндірушілер) мен сатып алушылар (тұтынушылар) арасындағы есеп айырысуға көтерме сауда кәсіпорындарының қатысуымен (төленген транзит) және есеп айырысуға көтерме сауда кәсіпорындарының қатыспауымен (төленбеген транзит немесе ұйымдастырылған транзиттік оралым). Бірінші жағдайда, көтерме сауда кәсіпорындары тауарлар үшін жабдықтаушылармен және сатып алушылармен де өздері есеп айырысады. Транзиттік сатудың екінші түрінде тауарлар үшін сатып алушылар тікелей жабдықтаушылармен (өндірушілермен) көтерме сауда кәсіпорындарының қатысуынсыз есеп айырысады. Көтерме сауда кәсіпорындары тек транзиттік жеткізіп тұруды ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылайды және делдал ретінде тауарлардың жеткізілуін ұйымдастырғаны үшін сыйақы алады.
Тауар қорлары тұрған жері бойынша мынадай түрлерге бөлшектенеді: тауар өндіруші кәсіпорындардың қоймасындағы тауар қорлары, көтерме сауданың қоймаларындағы тауар қорлары, бөлшек сауданың қоймаларындағы тауар қорлары.
Тауар өндіруші кәсіпорындардың қоймасындағы тауар қорлары — өнеркәсіп кәсіпорындарының дайын өнімдері тауар қорлар жиынтығының бөлігі ретінде олардың қоймаларында сату үшін шоғырланады.
Көтерме сауда қоймаларындағы тауар қорлары – бұл келешекте бөлшек сауда мекемелеріне (кәсіпорындарына) және басқа тұтынушыларға сату үшін көтерме сауда кәсіпорындарынан (базарлардан) сатып алып, өздерінің қоймаларында сақталған тауарлар.
Көтерме сауда кәсіпорындары сатып алушыларға тауарларды босату, жөнелту және сатуды олармен жасалған жеткізу келісім шарттарына, олардың тапсырыстары мен нарядтарына сәйкес жүргізіледі. Барлық жасалған келісім – шарттарға, тапсырыстар мен нарядтарына көтерме сауда кәсіпорынның бас бухгалтері қол қоюға тиіс. Сонымен бірге, сатып алушының төлем қабілетіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс және босатылған тауарлар үшін есеп айырысудың қандай үлгісі мерзімді уақытында төлеуді қамтамасыз ететінін анықтау қажет.
1.2 «Көтерме және бөлшек тауар оралымынң мәні мен мазмұны» тармағында айтылғандай, тауарларды көтерме сату екі түрде жүргізіледі: қоймадан сату және транзиттік сату. Көтерме сауда кәсіпорындарының тауарларды сатып алушыларына мынадай мекемелер мен кәсіпорындар жатады: бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, өнеркәсіп кәсіпорындары, емдеу және балалар мекемелері, фермерлік және шаруа қожалықтары, сондай-ақ түрлі меншіктегі басқа да сатып алушылар.
Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасынан тауарлар босатылуы мүмкін тікелей сатып алушының өкіліне сатып алушыларға көтерме сауда базаларының көлігімен орталықтандырылып жеткізу, сондай-ақ басқа қаладағы сатып алушыларға теміржол, су, автомобиль және әуе көлігімен жөнелту. Таурларды көтерме сату түрлеріне тауарларды сатып алушыларға, босату және жеткізу тәсілдеріне, сатып алушылардың контигентіне және басқа жағдайларына байланысты тауарларды көтермелеп босату және сату операцияларын құжаттық рәсімдеу тәртібі айқындалады да, өкімдік құжаттары болып бұйрықтар, өкімдер, нарядтар, шот фактуралар және басқалары бола алады.
Атап айту керек, кез келген жағдайда тауарларды босатуды, жөнелтуді және сатуды құжаттық рәсімдеу көтерме сауда кәсіпорынның сауда бөлімінде немесе бухгалтерияда басталады, онда тауарларды жеткізу келісім шарттарының орындалуына бақылау жүргізеді және қоймаларды нақты сақталған тауарлар қорының саны және түр-түрі туралы жан-жақты барлық мәліметтер болады.
Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасынан тауарларды сатып алушыларға сатудың жоғарыда көрсетілген әр түрлі жолдарымен оларды босатуды және жөнелтуді құжаттық рәсімдеу тәртібін рет-ретімен қарастырамыз.
Сатып алушының өкіліне тауарларды босатуды құжаттық рәсімдеу. Көтерме сауда кәсіпорындарының тауарларды тікелей сатып алушының өкіліне босату бекітілген жеткізу келісім шарты немесе сатып алушылардың тапсырыстары-мәлімдемелеріне сәйкес және тауарларды алуға берілген сенімхат және жеке басының куәлігін көрсеткенде жүргізіледі. Осы құжаттардың негізінде сауда бөлімі немесе уәкілетті тұлға қойма меңгерушісіне тауарларды сұрыптау және босату жөнінде жарлық жазады. Жарлықта сатып алушының мағұлматтары, босатуға жататын тауарлардың атауы, түр-түрі, саны және бағасы көрсетіледі. Бірақ айта кету керек, тауарларды босатуға жеке-жеке жарлық жасауға көп еңбек және қағаз жұмсалады, сондықтан бұдан ешқандай зиянсыз бас тартуға болады. Жарлықтың орнына ең ұтымды және мақсатқа сәйкестігі құжат шот-фактураны пайдалану қажет, себебі ол өзінің құрылымымен қоймаға тауарларды сұрыптауға берген наряд-тапсырысты, сатып алушыға оларды босатуға берген фактураның және босатылған тауарлар үшін банк арқылы төлеуге берілген шот нысандарын қоса атқарады. Сөйтіп, шот-фактура жарлықшы, ақталушы және есептесуші құжаттардың нысандары біріктіріліп құрастырылған құжат болып саналады.
Көтерме сауда кәсіпрындарының қоймасынан тауарларды орталықтандырылып жеткізу кезінде оларды дайындау және босату үшін тауар-көлік құжаты негізгі құжат болып табылады да, ол төрт данада жазылады және берілген тәртіп бойынша тапсырыс мәлімдеме немесе сұрыптап жинақтау қағазы сәйкес рәсімделінеді. Тауар – көлік құжаты тауармен бірге оны алушыға дейін ере жүреді және құрастырылған құжат болып табылады, себебі ол үшін түрлі операцияны көтерме сауда кәсіпорындарының тауарларды жөнелтеуін; сатып алушының тауарларды қабылдап алуын және көлік мекемесімен көрсетілген көліктік қызметі үшін есеп айырысуын көрсету үшін негіз болады.
Түскен тауардың саны мен сапасының буып-түю жазба қағазы мен тауар көлік құжатының мәліметтерінен айырмашылығы бар екендігі анықталса, қабылдау комиссиясы жүргізуші мен бөлшек сауда кәсіпорынының меңгерушісі қатысуларымен үш дана тиісті «Тауарлық – материалдық құндылықтарды қабылдау кезінде анықталған сан айырмашылығы жөніндегі кесім» немесе «Тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау кезінде анықталған сапа айырмашылығы жөніндегі кесім» жасалады.
Кесім жасалғаны жөнінде тауар-көлік құжатында және өткізілген құжаттарды тіркеу кітабында белгі жасалады. Одан кейін кесімнің бір данасы бөлшек кәсіпорының меңгерушісінде қалатын даналарына қол қою арқылы жүргізушіге беріледі. Кесімнің қалған екі данасы есеп беруіне тіркеліп, сауда мекемесінің бухгалтериясына өткізіледі де, оның бір данасы талап хатпен бірге көтерме сауда кәсіпорнына жіберіледі.
Рейстен көтерме сауда кәсіпорнына оралған күні жүргізуші қойма меңгерушісіне өткізген құжаттарды тіркеу кітабына қол қою арқылы екі дана тауар-көлік құжаты мен айырмашылықтар жөніндегі кесімді береді
Тауарларды көтерме сатудың келесі түрі бөлшек сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын және басқа сатып алушыларды тауарлармен транзиттік жабдықтау болып табылады да, мұнда оларға тауарларды көтерме сауда кәсіпорындары өздерінің қоймаларына соқтырмай тікелей өнеркәсіп орындарынан тасып беруді ұйымдастырады. Бұл жағдайда тауарларды сатып алушыларға өнеркәсіп кәсіпорындарында ұйымдастырылған көтерме сауда кәсіпорнының сату бөлімдері, көтерме сауда кәсіпорнының менеджері және көтерме сауда кәсіпорнының сенімхаты бойынша сату алушылардың өкілдері арқылы тасып жеткізуге болады. Тауарларды транзиттік сатудың ең ұтымды және тиімді жолы – оларды сатып алушыларға көтерме сауда кәсіпорындарының нарядтары немесе бөлу қағаздары бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарының өзі босатып және тасып беру. Бұл үшін көтерме сауда кәсіпорын жабдықтаушылармен және сатып алушылармен жасалған жеткізу келісім шартының негізінде жабдықтаушыға сатып алушыларға тікелей жөнелтетін тауарлардың атауы мен санын, сондай-ақ наряд пен рұқсат қағазын жазып жібереді.
Транзитпен жеткізілген тауарлар үшін жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы есеп айырысуды екі түрде жүргізуге болады: жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы есеп айырысуға көтерме сауда кәсіпорындарының қатысуымен, яғни көтерме сауда кәсіпорны бір уақытта жабдықтаушымен сатып алған тауарлар үшін, ал сатып алушымен оған сатылған тауарлар үшін есеп айырысады; және есеп айырысуға көтерме сауда кәсіпорнының қатыспауымен .
Көтерме сауда кәсіпорындарының есеп айырысуға қатысуымен тауарларды транзитпен сату кезінде жабдықтаушы тауарларды жөнелтіп, көтерме сауда кәсіпорнының атынан банкіге сатып алушыдан ақша алу үшін тауарларды босатқаны жөнінде ілеспе тауар құжаттары тіркелген төлем талап-тапсырмаларды инкассоға өткізумен қатар өз атынан көтерме сауда кәсіпорнына жиынтық төлем талап-тапсырмасын ұсынады. Мұның мәнісі, босатылған тауарларға жабдықтаушы екі комплект төлем талап-тасырма толтырып банкке инкассоға жібереді. Бірінші комплект- жиынтық төлем талап – тапсырма. Оны жабдықтаушы толтырып, тауарларды сатып алушыға транзитпен босатуға наряд немесе рұқсат қағазын беруші ретінде көтерме сауда кәсіпорнына жібереді және ол сатып алушыға нақты босатылған тауарлар үшін жабдықтаушы мен көтерме сауда кәсіпорнының арасындағы есеп айырысуға негіз болады.
Екінші компект – бұл транзиттік төлем талап-тапсырма деп аталады. Транзиттік төлем талап-тапсырманы жабдықтаушы көтерме сауда кәсіпорнының атынан тауарды қабылдап алған сатып алушыға толтырады да, ол тіркелген босатылған тауарлар жөніндегі ілеспе тауарлар құжаттарымен бірге тиеу және тасымалдау шығындарын қоса есептеп транзитпен жеткізілген тауарлар үшін көтерме сауда кәсіпорны мен сатып алушының арасындағы есеп айырысуға негіз болады. Транзиттік төлем талап-тапсырмада көтерме сауда кәсіпорнының сату бағасы көрсетіледі, яғни келісімді бағаға сауда шығындарын жабу және көтерме сауда кәсіпорнының пайда алу үшін жасалған саудалық үстеме баға қосылады.
Ескертетін жайт, жабдықтаушыға транзиттік төлем талап-тапсырма толтыру міндетті емес, себебі оны көтерме сауда кәсіпорны рәсімдеп инкассоға ұсынады.