Жоспар
1. Кіріспе
2. MS Access – ті іске қосу
3. MS Access – басты терезесімен танысу
4. Мәзір командалары
Деректер жиынының өрістері деп кестенің бағандарының атауларын айтуға болады. TdataSet компоненті бағанның нөмірі, мәні бойынша немесе атауы бойынша жазуларды басқаруға көмектеседі. Ол үшін Fields, FieldByName, FieldValues қасиеттерін қолдануға болады.
Мысалы: Label1 компонентіне Query1 компоненті арқылы құрылған сұраныс нәтижесіндегі бірінші баған жазуын шығару керек болса, мына әдістердің бірін қолданады:
Label1.Caption:=Query1.Fields[1].asstring; 1-ші бағанның мәндерін Label1-ге шығарады;
Label1.Caption:=Query1.FieldByName(‘FIO’).asstring; FIO атрибутының мәнін Label1-ге шығарады;
Label1.Caption:=Query1.FieldValue(‘Петров В.И.’).asstring; Сұраныстан Петров В.И. мәнін тауып, Label1-ге шығарады;
Мұндай МҚ бір немесе бірнеше компьютерлерде орналасады. МҚ серверлері бір бірінен ақпаратты сақтау әдістерімен ерекшеленеді, бірақ барлығы бірігіп SQL- өқұрылымды сұраныстар тілін қолдану арқылы өзара байланыстарды орнатады. Осы қасиетіне қарап МҚ-мен жұмыс істейтін барлық серверлерді SQL-серверлер дейді. Бұл серверлерге қосылатын қосымшалар көпднңгейлі деп аталады, себебі ондай қосымшалар әртүрлі жүйелерде жұмыс істей береді. SQL-срверлердің көпшілігі SQL-командаларды және басқа да қосымша қызметтерді орындайды. Сондықтан әр сервердің өз диалекті болады.
SQL тілі локальды МҚ-мен де жұмыс істейді, бірақ SQL-серверлермен салыстырғанда жұмысы баяу болады, себебі SQL-серверлер SQL-командаларды талдап, тиімді етіп орындайды, ал локальды базада ол жоқ. Сондықтан қосымшалар құрған кезде Paradox, dBase, FoxPro МҚБЖ-н тек басқа қолдануға тұрарлық программа жоқ болғанда ғана қолданады.
Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі – бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға болады. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады. Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін ОЖ-дің арнайы түрлері – желілік ОЖ қолданылады. Желілік ОЖ – есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған программалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т.б.). Желілік қолданбалар– желілік ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалық кешендер (пошталық программалар, желілік мәліметтер қорлары, т.с.с.).