Чат (chat) сөзі ағылшын тілінде сөйлесу дегенді білдіреді. Internet желісіндегі Чат – бұл Сізге желінің өзге қатынаушыларымен шынайы уақыт режімінде тілдесуге мүмкіндік беретін қызмет. Чаттарға мәзірінде «Чаттар» деген сілтемесі бар кез келген веб-бетінен кіруге болады. Тілдескісі келетін әрбір адам арнаға ену үшін алдын ала қатынас шегін айқындап алуы, яғни, өз ник-есімін (ағылш. nickname), өзін өзгелер қалай атағанын қалайтынын көрсетуі қажет. Есім латын не орыс әліпбиі әріптерінен құралуы тиіс. Сондай-ақ, Сіздің хабарламаларыңыз қай түспен ерекшеленетінін, жаңарту уақытын (чат терезесінің жаңартылып отыру жиілігін) және шығарылатын хабарлама жолдарының санын таңдауға да болады.
Читать полностью »