Жоспар:
1. Символдық мәліметпен жұмыс жасау тәсілдері.
2. Символдық мәліметтерді енгізу.
3. Мәліметтерді өңдеудің программалық қызметтері.
Қазіргі компьютерлердегі программалар кез келген символдық айнымалыларды толық өңдейді. Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR түйінді сөзі арқылы жүзеге асырылады. CHAR типіндегі айнымалының мәні компьютерде пайдаланылатын кез келген жеке символ болып, ол мәлімет өрнектеудің кодтық кестесінің белгілі бір мәніне сәйкес келеді. Әрбір символ 0 мен 255 арасындағы кез келген бір бүтін санмен бейнеленеді, ал оның негізі болып ASCII кодтары саналады. Оның 0-127 кодтарына сәйкес символдары әмбебап таңбалар болып табылады, оларға латын әріптері, тыныс белгілері, цифрлар, арифметикалық операция таңбалары және басқару символдары кіреді. Ал 128-255 кодтарына сәйкес символдар арнайы символдар мен ұлттық алфавит әріптері үшін қолданылады. Орыс, қазақ алфавитінің әріптері осы соңғы топта орналасады. Символдық немесе литерлік айнымалыға компьютер жадынан бір байт орын беріледі.
Читать полностью »