While операторы жан жақты басқару үйлесімі болып табылады. Алдын ала берілген шартты тексеру арқылы циклді ұйымдастыруға While операторы қолданылады. While операторын циклдің қайталану саны белгісіз болғанда пайдаланған ыңғайлы. Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы жүзеге асырылады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанылады да, шарт жалған болса, циклден шығу орындалады. While операторы екі бөліктен тұрады: циклдің тақырыбынан және циклдің денесінен.
Читать полностью »