Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы саясаты концепсиясының мақсаты шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс тиімділігі барынша арттыру негізінде халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету. Қаржы стратегиясының әлеуметтік бағыттылығы халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға жұмсалатын қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктерін іздестіруде ғана емес. Сонымен қатар экономикалық саясаттың басты мақсатына деген принципті жаңа көзқараста көрінеді. Тұрмыс дәрежесі енді өндіріс дамуын, қаржы ресурстарының бағыты мен оны пайдалану құрлымын анықтайтын мөлшері болып табылады.
Әлеуметік бағдарламаның орталық пункті шығармашылық және жоғары өнімді еңбек дербестік пен ынтаны көрсету, шынайы кәсіпкерлік үшін жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен қатар бір мақсатта бірінші кезекте аз қамтылған азаматтарды (зейнеткерлерді, көп балалы отбасыларын), сондай — ақ табысы тіркелген тұлғаларды (бюджет мекемелері, ғылым денсаулық сақтау, білім беру және басқаларының қызметкелерін ) әлеуметтік қорғау жүйесі қарастырылады.
Читать полностью»
27.02.2012
aslan
Рубрика: 
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың саласына қарай экономикалық немесе, әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе несие, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Қаржы саясаты – мемлекеттің өз міндеттері мен қызметін қаржы саласында іске асыру үшін жүргізетін нысаналы іс – шараларының жиынтығы. Қаржы саясаты – экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі. Қаржы саясаты, басқа барлық саясаты сияқты қондырмаға жатады.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Метки:
Алайда аталған құқықтар барлық акциялар үшін мүлде бірдей болмайды. Себебі акциялардың өздері екі түрлі болады: жай акциялар және артықшылықты акциялар. Олардың басты айырмашылығы сол, артықшылықты акцияларды иеленушілердің беркітілген дивиденд алуға құқығы бар. Бұл акционерлік қоғам артықшылықты акцияларды иеленушілерге әрқашан да анық белгіленген мөлшердегі дивидендтерді төлеп отыруға міндетті, ол осы қоғамның Жарғысында көрсетілуге тиіс.
Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздарды айқындаудың әр түрлі тәсілдері бар: бағалы қағаздардың осы ұғымға кіретін тізбелері әр түрлі; бағалы қағаздар көрсететін экономи¬калық қатынастардың мазмұнына қойылатын тәсілдер әр түрлі.
Жоғары орган — акционерлерінің жалпы жиналысы ( барлық дауыс беруші акцияларды бір акционерге тиесілі қоғамда — осы акционер)