Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 88-бабына сәйкес акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының мөлшері және оны қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ оны ұлғайту мен азайту тәртібі Қазақстан Республикасының актілерімен айқындалады. Жарғылық акционерлік капитал – нақты компанияның акцияның әрбір түрінен шығаруға мүмкіндігі бар ең көп саны. Акционерлік қоғамдар туралы заңының 11-бабына сәйкес, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталы акцияларды олардың орналастырылу бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады. Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген кезге қарай толық төлеуге тиіс. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері екі жүз мың айлық есептік көрсеткіш болады.
Читать полностью»

23.02.2012
aslan
Рубрика:
Метки: 
Акционерлік қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып табылады. Акционерлік қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.
Акционерлік қоғам – заңды тұлға. Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Акционерлік қоғам өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемесі бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сонымен қатар өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. Заңды тұлға негізіндегі акционерлік қоғам заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Бұған қоса, акционерлік қоғамның тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.Тағы да оның басты белгілеріне, сотта талапкер және жауапкер болуын жатқызамыз. Экономикасы дамыған, капиталистік елдерде қабылданған терминология бойынша олар корпорациялар деп те аталады.
«Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемесі бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады» (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33-бабы). Заңды тұлғаның түрлерінен мен акционерлік қоғамдарды жеке дара ажыратқым келеді.
Бұл модель негізінде,Америка Құрама Штаты және Великобритания секілді ағылшын тілінде қарым-қатынас жасайтын елдерде кездеседі.Бұл модельдің басты ерекшелігі компания басшылығы мүшелері директорлар кеңесінің толық мүшесі бола алады.Құрама Штаттарында компанияның бірінші басшысы Директорлар Кеңесінің Төрағасы болуға мүмкіндігі бар.Акциялары Биржа қорына байланысты бұл елдердің компаниялары өте көп ұсақ акционерлерімен сипатталады.Директорлар кеңесінің төрағасын таңдаудағы ең басты аргумент-олардың басқарудағы көзқарастарын директорлар кеңесінде және компания мәселесінде пайдалану.
Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Мазмұны