Скачать/Жүктеу
1. Әлемдік қаржы дағдарысы
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
1.2. Қаржы дағдарысы туралы әлем экономистерінің сараптамасы
2. Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму проблемалары
2.2.Ұлттық бюджетке әсері
2.3. Банк жүйесіне әсері
2.4. Инвестицияға әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады.
Төрт-бес жыл бұрын біреу бізден экономикалық дағдарыс жайлы қандай да бір мәлімет сұраса, біз ойланып, бәлкім мардымды ештеңе айта алмас та едік. Ал қазіргі таңда көшеде кетіп бара жатқан кез-келген адамды тоқтатып, сұрайтын болсаңыз, бұл мәселе жайлы еш кідірместен айтып бере алады. «Адамды илейтін де, билейтін де қоғам»,-деп Энгельстің айтқанындай, қоғамдағы қалыптасқан жағдай халық санасын жаулап, соған дағдыландырды. Қазіргі қоғамда орын алған қаржылық дағдарыстың ерекшелігі – оның әлемдік жетекші қаржы жүйесінде туындауы және сол қаржы жүйесінің аталған дағдарыспен күресуге қабілетсіз болуы.
АҚШ федералдық резервтік жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің айтуынша, қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс – бұл “жүз жылда бір рет” орын алатын оқиға, сондықтан да осы курстық жұмыстың тақырыбы қазіргі таңда өте актуалды.
Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы барысындағы Қазақстан экономикасы, яғни соның ішінде дағдарыс салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі: ұлттық бюджет, банк жүйесі сонымен қатар ұлттық өндірістер, шетелдік инвестиция және әлеуметтік инфрақұрлымға әсерінің деңгейі. Дағдарыстың Қазақстанға берер перспективалары, оның ұтымды жақтары және Үкіметтің антикризистік бағдарламасы.
Әлемдік қаржы дағдарысы ұғымы туралы және Қазақстанға әсері, салдары жайында және даму тереңдігі туралы мәселені толық ашу. Яғни жаһандық дағдарыс барысындағы Қазақстан экономикасының салаларын және антикризистік бағдарламаның принциптерін, қазіргі қаржы жүйесінің дамуын қарастыру.
Бірінші тарауда, әлемдік қаржы дағдарысы туралы ұғым және дағдарыстың дамуын қарастырдым.
Екінші тарауда, әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының жағдайы: ұлттық өндірістің даму мәселелері, Ұлттық бюджетке, банк жүйесіне, инвестицияға, әлеуметтік инфрақұрылымға әсері туралы мәселелерді нақты сараптамаларға сүйене отырып толық ашып көрсеттім.
Үшінші тарауда, еліміздің дағдарыс әсеріне қарсы күрес шаралары және Қазақстанның қаржы дағдарысы барысындағы қазіргі даму тенденциясы туралы мәселені талқыладым.
1. Әлемдік қаржы дағдарысы
«Дағдарыс, дағдарыс» деп айтамыз, ал жалпы, экономикалық дағдарыс деген не, оның негізгі белгілері қандай? Соған жауап іздейтін болсақ, әлемдік өлшем бойынша, егер 20% халықтың табыс мөлшері күнкөріс минимумынан аз, ал орташа зейнетақы азық-түлікке әлемдік баға болған жағдайда 150 американдық доллардан кем болса, бұл дегенің ауқымды экономикалық дағдарыс белгісі болып табылады. Дамыған елдерде ҰЖӨ кері өсім темпы, акция курсы төмен, төлем балансының тапшылығы сынды белгілер байқалса, экономикалық дағдарысқа тап болды деген сөз. Тарихқа үңілетін болсақ, бірнеше мысал да келтіре аламыз. 1929 жылы өзара байланысты, бірнеше басты экономикаларды қамтыған классикалық-капиталисттік қалыптағы «қайта өндіру» дағдарысын айта аламыз. Ал бүгінгі күнгідей, бүкіл әлем елдерін қамтыған жаһандық дағдарыс есебінде , Ресей Федерециясының ФСФР бас кеңесшісі, «Экономиканың жоғарғы мектеп» мемлекеттік университетінің қаржы нарығын сараптау зертханасының төрағасы Юрий Даниловтың Максим Легуенкоға берген сұбатында 1997-1998 жж азиялық дағдарысты келтіреді. Оның айтуынша: «Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында дамыған экономикалар қарқындап өсе келе, олардың әлемдік экономикадағы үлесі өсті, бірақ көбі дағдарысқа тап болып отырды. Нәтижесінде, 1998 ж экономикалық дамуының қарқынын сақтап қалған бірнеше мемлекет ғана қалды. Бұдан көретініміз, дағдарыстар жаһандануда және азияттық дағдарыстан кейін болатын дағдарыс масштабы одан бірнеше есе мықты болмақ… Жақындағы дағдарыс және одан кейін болатын толқындардың барлығы — жай ғана одан асқан түбегейлі өзгерістердің белгілері, яғни әлемдік экономиканың жоғарғы қарқынды өсім кезеңінің аяқталғандығының белгілері болып табылады». Бұдан аңғаратынымыз, қазіргі жаһандану заманында тек өркениеттер үндестігі ғана емес, субаймақтық дағдарыстар үндестігі де байқалатындығы. Ал олардың әлемдік шаруашылыққа немесе жеке мемлекеттік масштабта қарасақ та, елдің тұрақтылығы мен экономикалық әрекет қабілеттілігіне кері әсер беруі айдан анық дүние болып тұр.
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
Бүгінгі қарастырып отырған дағдарысмыз 2007 жылдың соңында АҚШ-та ипотекалық несиелердің қайтарылмауы, банктік ликвидтіктің төмендеуі, ипотекалық құнды қағаздар бағасының төмендеуімен түсіндіріледі. Осы жерде ипотекалық несиелер соншалықты маңызды ма деген заңды сауал туындауы мүмкін. АҚШ- та тұрғын үйге берілетін несие көлемі елдің ЖҰӨ жартысына тең немесе басқа теңеумен келтірсек , Ресейдің ЖҰӨ-нен 4 есе артық болып табылады. Сондықтан болар көптеген ірі банктер, әсіресе еуропалық, қаражаттарын АҚШ-ң «сенімді» ипотекалық құнды қағаздарына сала, шығынға ұшырап, тығырыққа тірелуде.
Ресей Федерациясының президенті Медведев 2008 жылы 8 қазанда Эвианда (Франция) әлемдік саясат бойынша өткен конференцияда экономикалық дағдарыстың себептері мен табиғаты жайлы ойларымен бөлісті. Оның айтуынша, әлемді экономикалық дағдарысқа жекелеген елдердің тәкәппарлықтары (эгоизм) кінәлі. Негізінен Ақш-қа сілтеме жасап отырған Ресей басшысы, шешудің бірнеше жолдарын ұсынады. Соның ішінде дағдарыс жағдайында тек ұлттық ғана емес, халықаралық реттеу институттарын жинақтап, бір жүйеге келтірудің қажеттілігі.
2007ж экономикалық дағдарыстың басталғанынан бастап, әлем бойынша қаржылық кәсіпорындардың шығындары 1 трл. долларды құрады. Осындай әрекеттер Жапония, ЕО экономикаларын рецессияға ұшыратты. Бірақ дағдарыстың бұнымен тоқтайын деген түрі жоқ. Халықаралық Валюталық Фондтың мәлімдеуі бойынша бүкіләлемдік қаржы мекемелері мен банктердің шығындарының көлемі 1,4 трл долларға дейін көтеріледі. Бұны дағдарыстың жаңа нарықтарды жаулауымен, яғни оның жоғарғы ипотекадан қарапайым ипотекаға, одан тұтынушылық несиелерге, коммерциялық жылжымайтын мүлікке, түбінде корпоративті секторды қамтуымен түсіндіреді. Осы жағдайларға байланысты 2008 жылы жарық көрген «Дағдарыс жайлы толық ақпарат. Біз қорқытпаймыз, біз тек ескертеміз» атты мақалада АҚШ экс-президенті әлемдік қаржылық дағдарыс көптеген адамдардың жұмыс орындарының және зейнеткерлік шоттардың қысқарылуына негіз болғанына өкініш білдіріп, ВВС телеарнасы арқылы: «Болып жатқан әрекеттер үшін кешірім сұраймын. Менің ойымша, осы кезеңнің тарихы жазылғанда халық Уолл-стритта қабылданған шешімдердің көбі мен президент болғанға дейін қабылданып қойғандығын түсінетініне сенемін»,- деп мәлімдеп, және осы жайлы толығымен ақпарат беріп өткен болатын. Бұл мәлімдемесі әлемді екі ойдың алдында қалдырды. Сонда бүкіл әлемді қыспақта ұстап отырған экономикалық дағдарыс алдын-ала жоспарланған болғаны ма, әлде биліктен кетіп бара жатқанда жаңа президент аппаратына әлем қауымы алдында көлеңке түсіргісі келді ме? Бұл жайлы тек болжам жасауға ғана болады.
Қоғамның әрбір толыққанды мүшесін қызықтыратын мәселе дағдарыс болғандықтан ол жайлы көптеген зерттеулер жүргізілді. Сондай зерттеулердің бірін американдық Ұлттық бизнес экономикасы ассоцияциясы (National Association for Business Economics – NABE) қолға алған болатын. Нәтижесінде, АҚШ-ғы ипотекалық дағдарыс халықаралық терроризмнен гөрі әлде қайда жоғары қорқыныш ұялатады деген тұжырымға келді. Сауалнама жүргізілген 258 экономист-ассоцияция мүшелері ішінде 18 пайызы өздерін мазалайтын мәселе инвестиция және ипотекамен айналысатын қаржы ұйымдарының дефольттары деп көрсетсе, 14 пайызы жеке шаруашылықтар мен корпорацциялар қарыздары деп көрсетті. Тек 20% ғана мазалайтыны және ең қорқыныштысы –террористтік шабуылдар деп көрсетті. Яғни бұл дегеніміз, АҚШ халықының экономикалық тұрақтылықты қауіпсіздік тұрақтылығынан әлде қайда жоғары қоятындығын аңғартады. Зерттеудің нәтижесі қандай болмақ, экс-президент Буштың кезінде терроризммен күрес немесе Ирак, Ауғаныстандағы әскерді қаржыландыруға жұмсалатын қыруар қаржы мөлшерімен де байланысты деп ескереді. Әйткенмен де, алдыңғы қатарлы әлемдік экономикаларда қалпына келу үрдістері қарқынмен жүріп жатқанмен, ол көңілге үлкен оптимизм ұялатпайды. АҚШ-ң атақты экономисті Нуриэль Рубинидің пікірі бойынша, АҚШ-ғы комулятивті ЖҰӨ төмендеуі орта шамамен 4-5% құрауы мүмкін, яғни бұл дегенің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең нашар рецессия. Осы тұрғыдан кішкене артқа шегініп, тарихқа зер салсақ, АҚШ ЖҰӨ рецессияға комулятивті төмендеуі 2001ж небәрі 0.4% құраса, 1990- 1991жж 1.3% құраған. Осыдан, көптеген экономисттер қазіргі дағдарыстың соғыстан кейінгі кезеңде болған дағдарыстармен салыстырғанда терең болатынын, әрі көп уақытқа созылатынын ескертеді. ХВФ экономисттерінің хабарлауынша, барлық қиыншылықтар мен ауырпашылықтар әлі алда және әлемдік экономиканың тұрақтануы тек 2010 жылы басталуы мүмкін. Яғни, әлемдік экономикалық алпауыт компаниялар мен банктар жүйесіне қанжардай қадалып, құрдымға ұшыратқан бұл дағдарыстың соңы шексіздік белгісімен берілуінің өзі қарапайым халықтың психикасына қатты әсер етуде. Бұл өз кезегіне көпшілік арасында «паника» тудыруы мүмкін. Ал ол тиісінше ортақ бір жаумен күресу кезінде ең қажетті дүние — ауызбіршілікке ірткі салатыны анық. Әлемдік экономикалық дағдарыс АҚШ-ғы ипотекалық несиелердің қайтарылмауына байланысты пайда болды. Жаһандану заманында бұл дағдарыс әлем түпкір-түпкіріндегі экономикаларға әсері қандай десек, Экономикалық даму және әріптестік ұйымының (ОЭРС) зерттеулерінің нәтижелері бойынша, дағдарыс барлық жерде ЖҰӨ төмендеуіне алып келді, яғни 2009 ж Жапония, АҚШ және көптеген еуропалық мемлекеттерде ЖҰӨ 2008 ж салыстырғанда әлде қайда төмен болады. Әсіресе экономикалық өсімнің баяулауы АҚШ-та қатты байқалатындығын атап өтті. Ұйым 2008 ж АҚШ ЖҰӨ өсімін 1.4% болжаса, 2009 ж 0.9% төмендейтінін және 2010 ж 1.6% өсетінін ескертеді. Елдегі жұмыссыздар саны 2008 ж 5.7% -дан 7.3% , 2009 ж 7.5% өскен, ал импорт көлемі өткен жылдың қыркүйегінде рекордты 5.6% — 211.9 млрд долл жеткен. Экспорт көлемі болса 6% төмендеген , бұл дегенің 2001 ж кейінгі максималды төмендеу болды -155.4млрд долл. Тағы бір статистикалық мәліметтерге көз салсақ, АҚШ-ғы жұмыссыздық көлемі өткен жылдың қазанында соңғы 14 жыл көрсеткіші бойынша ең жоғарғы 6.5% көрсеткішіне жетті. Ал еуроаймақта ЖҰӨ көлемі осы жылы 0.6% төмендеуі мүмкін , сол себепті ОЭРС Еуропалық орталық банкті 2009 ж ортасына қарай негізгі пайыздық өлшемді 3.25% дан 2.00% төмендетуді ұсынуда. Тауарларға бағаның төмендеуі және өндірістің құлдырауы 2009 ж Еуроаймақта 1.5% құрауы, мүмкін инфляция көлемін азайтады. Бұл аймақта да жұмыссыздар көлемі артуда. 2008 ж 7,4% құраса, 2009 ж 8,6%, 2010 ж 9,0% көрсеткішке жетеді деп болжайды ұйым. Іскерлік сферасының негізгі бес құрамдас бөліктерінің нашарлауы, атап өтсек, сортақ тапсырыс көлемінің бағалануы, дайын өнім қорлары, өндірістің қазіргі жағдайын бағалау, жуық айлардағы өндірістен өнімдерін күту және экспорттық тапсырыстар. Осы көрсеткіштердің күрт төмендеуі өндіріс саласындағы өсімнің азаюына әкелуі әбден мүмкін. Бүгінгі күні көптеген халықаралық немесе мемлекеттік зерттеу мекемелері, жеке экономисттер әлемдік дағдарысты жан-жақты қарастырып, түрлі болжамдар жасауда. Жақында АҚШ-ң Ұлттық экономисттер ассоцияциясының елуден астам мамандардың арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі жарық көрді. Ол бойынша, әлемдік қаржылық дағдарыс жуық арада біте қоймайды, ал оның келтірген шығындарының орнын мемлекеттер бірнеше жылдар бойы толтырмақ.
2. Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының
ағымдағы жағдайы
Қазақстан¬ның экономикалық дамуына қа¬тысты болжам айтқан Халықаралық валюта қоры Орталық Азиядағы ең ірі экономика болып есептелетін Қазақстанның болашағы тартымды дегенді мәлімдеді. Олардың бағалауынша, әлемдік қаржы рынок¬тарындағы жағдай Қазақстан экономикасына да әсер етіп отыр және мұнай мен шикізат баға¬сының төмендеп ке¬туінен елдегі ІЖӨ көрсеткіші бә¬сең¬деуі мүмкіндігін атап көрсетеді. Мемлекет құрған тұрақтандыру қорлары банк¬тердің капитал-дануын күшей¬тіп, оларға қолдау көрсетеді. “Тұ¬тастай алғанда, біз алдағы жыл Қа¬зақстанға оңай соқпайтынын түсі¬ніп отырмыз, бірақ орта мерзімдік көрсеткіште жағдай айтарлықтай өзгермейді” деп мәлімдеді ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы Тим Таллен “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында.
Мұнай мен металл бағасының арзандап кетуінен ши¬кі¬заттық компаниялардың акцияла¬ры да құнсызданып жатыр. Blo¬om¬berg агенттігінің хабарлауынша, 10 қазанда несие рыногындағы дағ¬дарыстың және экономикалық тоқыраудың әсерінен еліміздегі қор индекстерінің барлығы құлдырады. Атап айтсақ, Темірбанктің (22,4 пайызға), Центркредит¬банктің (20,2 пайызға), Қазкоммерцбанктің (17,4 пайызға), Kazakhmys Pls (15 пайызға), “Қаз¬мұнайгаз” өндіру барлау” АҚ-тың (13 пайызға), БТА банктің (8,8 пайызға), Халық банкінің (4,6 пайыз¬ға), сондай-ақ “Қазақ¬те¬леком” АҚ-тың жай акцияларының бағасы төмендеді.
Пре¬зи¬денттің биылғы Қазақстан хал¬қына Жолдауында әлемдік қаржы дағдары¬сы ту¬ра¬лы шындықты, “қазіргі қиындық¬тар – бұл біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ” деп барша қазақстандықтың ал¬дына үлкен міндет жүктеліп отыр¬ғандығын айт¬ты.
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму
проблемалары
Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы ең алды¬мен өндіріс ошақтары өркендеген өңірлерге ауыр со¬ғып тұр¬ғанын ағымдағы жағдайдан байқаймыз. Еліміздің түрлі өнеркәсіп салаларының өнімдеріне әлімдік нарықта сұраныстың күрт тө¬мен¬деуі салдарынан темір мен мыс өндіретін “Арселор Миттал Темір¬тау” және “Қазақмыс” компаниялары жұмыс уақытын, жұмысшыларды қысқарту, өнім кө¬ле¬мін азайту сияқты амалсыз шараларды қолдануда. Қысқаша сараптама жасап кететін болсақ, 2009 жылдың қаңтар айында өнер¬кәсіп өнімі көлемі 26,7 пайызға төмендесе, құрылыс жұмыстары 36,7 пайызға қысқарды. Бұған дейін Теміртаудағы металлургиялық ком¬бинатта прокаттың айына 301 мың тоннасына тапсырыс жасалып келсе, қазір 246 мың тоннаға дейін азайған. Екінші бір алып – “Қазақ¬мыс” корпорациясы да қиын жағдайды бастан кешіруде. Мыстың бір тоннасына бағаның 5 мың долларға дейін құлдырауы, үлкен қиындықтарды туғызуда. Осындай себеп¬терге байланысты болжам бойынша алдағы уақыттарда 15 мың жұмыс орнының қысқару қаупі бар.
Қазақстандық өндірісорындарының тауарына сыртқы және ішкі нарықтағы сұраныстың төмендеуі өнеркәсіптердің тауарды өндіру көлемін 2,6 пайызға азайуына әкелді. Әлемдік баға барлық шикізат бағасына әсер етті деп те айтуға болмайды. Мысалы, орташа темір рудасының бағасы 2008 жылдың қарашасында 140,6 долл. болды, ал 2006 жылы 77,4 долл./т бағаланған болатын. Уран концентраттың әлемдік баға ортасын табуға көмектесті, 2007 жылы — 99,2 долл. болса, ал 2008 жылдың қарашасында 50,5 долл. керісінше 2006 — 47,9 долл. бағаланған болатын. Арматуралы сталь, катанкінің әлемдік бағаға сәйкес рекодты көрсеткішкпен төмендеді, дегенмен, 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда жоғары. Түсті метталлдар көп шығындалды. Алғашында алюминий бағасы 2008 жылдың желтоқсанында 1 525 долл./т құраса, керісінше 2 570 долл. болып 2006 жылы бағаланған, ал медь сәйкесінше 3 232 және 6 722 долл./т, цинк — 1 082 және 3 275 долл./т.
Тас көмірдің бағасы 2008 жылдың қарашасында қыркүйекпен салыстырғанда 60 % төмендеді. Бірақ 2006 жылдың бағасымен салыстырғанда өте жөғары болатын, 92,25 долл./т және 49,09 долл. сәйкесінше. Табиғи газдың бағасы жоғарғы деңгейде сақталды — 576,7 долл./мың. куб.м.
Минералды тыңатқыштар бағасы өз деңгейін ұстап тұр. Фосфаттың бағасы 20 % төмендеді, бірақ бұған дейін он есе жоғары болғанын білеміз. 2008 жылдың қарашасында фосфаттың шартты бағасы 350 дол./т ал 44,2 долл./т болып 2006 жылы сатылды, суперфосфат — 915 долл./т және 201,6 долл./т бағаланған сәйкесінше.
Републикамыздың өндіріс саласында негізгі потенциалы құрылған, бұл ішкі нарыққа арнап металлөнімдерінің көлемін арттыру. Яғни мұнай және газ трубалары, арматуралар. Металлөнімдерін дамыту арқылы, экспорт деңгейін жоғарлатуға және бәсекелестік қаблетін арттыруға мүмкіндіктерді жоғарлатамыз.
2.2.Ұлттық бюджетке әсері
Қазіргі күні әлемдік эконо¬ми¬калық қатынастарды жаңаша таразылау қажеттілігі анық болып отыр. Себебі, үстіміздегі жылы әлемдік экономиканың өсуі баяулауы және қазақ¬стан¬дық экспорт бойынша энер¬ге-тикалық және минералды ре¬сурстарға сұраныстың төмендеуінің байқалуы мен ұлттық валюта – теңгенің құнсыздануы.
Тұтастай республика бойынша үстіміздегі жылға республикалық бюджеттің нақтыланған болжамы 1 триллион 529,5 миллиард теңге болды, яғни бұрынғы бекітілген көрсеткішке қарағанда 371,1 мил¬лиард теңгеге азайды. Бұл мына¬дай факторлардың әсерінен туындап отыр.
2008 жылдың қорытындысы бойынша есептерді нақтылау есе¬сінен кірістер 176,9 миллиард тең¬геге кеміту жағына қайта қа¬ралды. Сол сияқты, экономи¬ка¬ның өсу қарқынының төмендеуі 62 миллиард теңгеге тарта мөл-шер¬де шығындарға әкеледі. Сырт¬қы сауда айналымы көрсет¬кіштерінің және теңгенің АҚШ долларына бағамы¬ның өзгеруі кі¬ріс бөлігінде 22,8 миллиард теңге мөлшерінде шы¬ғынға әкелетін болады. Сондай-ақ тау-кен сек¬торы бойынша пайдалы қазба¬лар¬ды өндіруге салық көлемі 90 мил¬лиард теңгеге төмендетілді. Бұл минералды шикізатқа ағым¬дағы бағалар бойынша есептелген са¬лық ставкасын азайту есебінен болды. Бұл жерде мыс, хром, мы¬рыш және қорғасын сияқты қат¬ты пайдалы қазбалар сөз болып отыр.
2009-2011 жылдарға арналған қолданыстағы бюджетті нақтылау және Мемлекет басшысы Жол¬дауы¬ның тұжырымдарын іске асыру барысында жекелеген шы¬ғыс¬тарды жалпы сомасы 297,4 мил¬лиард теңгеге арттыру көзделуде.
Құнсыздануға байланысты инфляцияның болжамды деңгейі 11 пайызға дейін өсу жағына түзетілді және қалыптасқан жағ¬дайды негізге ала отырып, рес¬публикалық бюджет шығыстарын түзетудің негізгі бағыттары:
- өңірлік жұмыспен қамту стра¬тегиясын іске асыру – 140,0 млрд теңге;
- инфляцияның болжамды деңгейінің өсуіне байланысты әлеу¬меттік төлем шығыстарын индекстеу – 11,2 мил¬лиард теңге;
- үздік студент¬терді оқудың ақылы нысанынан мемле¬кет¬тік бі¬лім грантына ауыс¬тыруды қамтама¬сыз ету – 3,2 мил¬лиард теңге;
- тұрғын үй-ком¬муналдық сек¬тор¬да¬ғы проблемалық мә¬се¬лелерді және бас-қаларын шешу 79 миллиард теңге болды.
Тұтастай, бюджет¬тің кіріс бө¬лігінде жоғарыда аталған шы¬ғын¬дарды және шы¬ғыс бөлігіндегі қо¬сым¬ша қажеттерді ес¬кере оты¬рып, өтемақы үшін жалпы қажет¬ті сома 668,5 миллиард теңгені құрады.
Мемлекет бас¬шы¬сының Жол¬дау¬ында айтылған тапсырмаға сәй¬кес, аталған қажеттерді жа¬будың бірінші көзі 2009 жылға арналған бюджетте бекітілген 843 миллиард теңге мөлшеріндегі ке¬пілді трансфертке қосымша үс¬тіміздегі жылы шикізат секторына түсімдер есебінен құралған, Ұлт¬тық қордан 347,9 миллиард теңге мөлшеріндегі нысаналы транс¬ферт болып табылады.
Қосымша бөлінетін нысаналы трансферт Мемлекет басшысы жа¬рия еткен жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейінің елеулі төмендеуіне жол бермеу және дағдарыстан кейінгі орнықты даму үшін жағдайлар жасау стра-тегиясын іске асыру көзі болып табылады. Бұл ретте, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына жинақ¬тал¬ған және 3,3 триллион теңге құ¬раған Ұлттық қордың активтері өзгеріссіз қалады. Мемлекет бас¬шысының Жолдауында Ұлттық қорға ағымдағы барлық түсімдер екі жыл бойы дағдарысқа қарсы ша-раларды іске асыру үшін ны¬са¬налы трансферттер түрінде то¬лығымен бюджетке жіберілетіндігі жарияланды. Екінші көзі бюд¬жеттің өз ішінен табылды. Үкімет оны бюджеттің жекелеген шы¬ғыстарын оңтайландыру есебінен іске асыруды ұсынды, бұл тағы да 320,6 миллиард теңгені жұмыл-дыруға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, республи¬ка¬лық бюджет тапшылығы түзетіл¬ген бюджет деңгейінде сақталып отыр, ол – 573,6 миллиард теңге (ІЖӨ-нің болжамдық мөлшеріне 3,4 пайыз). Сол сияқты жергілікті бюджеттерге берілген субвенция¬лардың мөлшерін бекітілген кө-лемде сақтау ұсынылып отыр, ол – 526,9 миллиард теңге. Яғни, бұрын қолданыста болған Бюджет кодексіндегі сияқты жаңа Бюджет кодексінен де өз көрінісін тапқан саясат әрі бюджетаралық қаты¬настар туралы екі, үш жылдық заң¬ды қабылдау арқылы сақ¬талды, ол тұрақты өзара қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді.
2.3. Банк жүйесіне әсері
Банк – бүгінгі таңдағы қаржы ре¬сурс¬тарына кәсі¬би негізде айналы¬сатын институт. Сондықтан олар өз тәуекелін жан-жақты ойластырады. Қазір еліміздің екінші деңгейдегі банктерінің ше¬телдерден алған қарыздарын қайта¬руға толық мүмкіндіктері бар. Үсті¬міздегі жыл¬ғы қазан айының соңына дейінгі деректер бойынша банктердің сырт¬қы қарызы 42 миллиард дол¬лар¬¬дан 36,27 миллиард долларға дейін азайды. 2009 жылы банктер сыртқы 10,6 миллиард доллар көле¬міндегі қаржыны қайтаруға тиіс. Бұл ретте банк активтерінің сапасы ерекше рөл ойнайды. Оған рейтинг агенттіктері де ерекше мән береді. Сондықтан Үкімет банк актив¬терінің сапасын көтеруге ерекше мән беріп отыр.
Ішкі қаржылық дағдарыстың туындауына қауіп немесе себептер жоқ, өйткені іргелі факторлар өзгерген жоқ. Ұлттық Банктің алтынвалюта қоры резервінің төмендеуі Ұлттық қордың активтерінің тиісінше өсуімен дәйектеледі. Олардың өзіндік жиынтық көлемі 37 млрд. АҚШ долларынан астам қаражатты құрайды (ЖІӨ 42 пайызы). Дағдарыс банк жүйесіне әсер етпей қоймады, себебі банктердің табысы 2008 жылдың тоғыз айы ішінде алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе азайды. Қор жиынтығының қысқара түскеніне қарамастан, банктер экономиканы кредиттеуді жалғастыруда. Несие беру бюросы (ПКБ) ҚР Халық Банкі анықтамалары бойынша, Қазақстанның несие жүйесінде халықтың экономикалық белсенділігінің 42 % қатысуда (3 455 мың адам). Банктерге қарызгерлер басым қатарын құрылысшылар құрайды — 52,1 млрд. теңге (2007 жылы — 7,8 млрд.), тамақ өнеркәсіптері — 6,2 млрд., металлургия — 3,9 млрд., ауыл шаруашылығы — төрт млрд. теңге. Қазақстанның банктік секторы өзгеріп отырған жағдайға дер кезінде және тиісінше назар аудара білді. Заем алушыларға талап күшейтілді, несие портфелінің сапасын жақсарту жөніндегі шаралар қолға алынды. Үкімет және Ұлттық Банк тәуекелдікті дер кезінде бағалайды. Ұлттық Банк қысқа мерзімді тұрақтандыру шаралары ретінде банктерге қайта қаржыландыру түрінде төлем қабілетін ұсынады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық даму қарқынын қолдау мақсатында Үкімет бюджеттен қайтарым негізінде қаражат бөледі. 2007 жылдың аяғына дейін 1 млрд. АҚШ доллары, ал 2008 жылы – 3 млрд. АҚШ долларынан кем емес қаржы бөлінетін болады. Бұл қаражат мына мақсаттарға бөлінеді:
- біріншіден, ипотекалық рыноктың тұрақтылығын төмендетуге жол бермеу және құрылыста үлестері бар азаматтар құқығын қорғауға;
- екіншіден, өздері үшін қолайлы жағдайды қарастыра отырып, шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыруды жалғастыруға;
- үшіншіден, экономиканы әртараптандыру үшін маңызды мәні бар перспективалы инвестициялық жобаларды қаржыландыру.
Қаржылық көмектің банктерге берілуін, кейбір сарап¬шылар бұл қаржы экономи¬каның нақты салаларына жетпестен бұрын екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздарын жабуға кетеді дейді. Осы ретте ақша қазақстандық банктерге көмек көрсету үшін емес, ал экономиканың нақты секторына бөлінетін болады. Банктер осы қаражатты пайдалануда қаржылық делдал болады. Кейбір банктер мемлекет меншігіне алынады дегенді де естідік, дегенмен де қаржы са¬лବсына көрсетіліп отырған көмек¬тің механизмі мемлекеттің банк капи¬талына толықтай ықпал жаса¬уына мүмкіндік бермейді. Бұл уа¬қытша ша¬ра болып табылады. Жағдай дұрысталған¬нан кейін мем¬лекет қолындағы ак¬цияларды банк¬тер қайтадан сатып алады. Соны¬мен қоса екінші дең¬гей¬дегі банктер мемлекет тарапы¬нан көрсетілетін қаржылық көмекті алмауға да ерікті.
Мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі қағидаттары тең қаржыландыру, мемлекет пен бизнестің әріптестігі, тәуекелділікті барабар бөлу және жауапкершілік болып табылады.
2.4. Инвестицияға әсері
Дағдарыс барысындағы экономикалық деңгейді тұрақтандырып қалу үшін еліміздегі шетелдік инвестиция көздерінің санын азайтып алмау маңызды болып табылады. Қазақстан экономикасы инвестиция үшін жеткілікті ішкі резервтерге негізделген. Ал барлық өңдеуші ссектор қазір инвестицияға зәру. Сондықтан оны пайдалану тиімдірек болар еді. Мен «Ұлттық қорды қалай құру керек» деген мәселені екі бөлікке бөлу қажет. Біріншісі – оны қалай құру, екіншісі – оны қалай пайдалану керек деген. Экономистер, Ұлттық қордағы қаржыны бірнеше бөлікке бөлуді ұсынған болатын. Біріншісі – тұрақтылықты (мұнайдың әлемдік бағасы төмендеген жағдайда) қамтамасыз ететін Ұлттық қор, мұнда ЖІӨ-нің 10-12 пайызын осында сақтау, қалған қаржыны екі бөлікке бөлу керек. Оның екіншісі – таза инвестициялық (инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін, мысалы мұнай химиясы өндірістерін салу үшін инвестор іздеп жатырмыз, автомобиль жолдарын салуға, т.б.). [1]Сыртқы қаржылық ресурстарға қол жетімділік жағдайында кәсіпорындар мен халықтың депозитінің артуы экономиканы кредиттеудің маңызды көздері бола алады. Инфляциялық үдерістерді төмендету үшін Ұлттық Банк ұстамды-қатаң қаржылық-кредиттік саясат жүргізуді жалғастырады, ал Үкімет орнықты фискалдық саясатты қамтамасыз етеді. Үкімет экономикадағы, еліміздегі инвестициялық климатты жақсартуға және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған жүйелі реформаларды жалғастырады. Электр энергетикасы, теміржол және автомобиль көлігі, телекоммуникация мен байланыс инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше көңіл бөлетін болады. Бұл шаралар экономиканың өнімділігін арттыруға және толықтай алғанда оны әртараптандыруға қызмет етеді. 2008 жылы инвестиция көлемінің өсімінің негізгі капиталы 4,6% құрады. Бүтіндей сыртқы айналым 2008 жылы 109,1 млрд. долл. құрады. Дәстүрлі түрде Ұлттық қорға есептеліп келген шикізаттық сектордың табыстарын 2009-2010 жылдары жаңа жоспарды жүзеге асыруға жұмсау. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойылған трансферттерге қосымша шамамен 600 миллиард теңгені құрайды.
Бұл бізге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа деген сенімділік береді. Қаражаттың басқа бір көзі — бұл бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібі. Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруды және апта сайынғы мониторинг режімінде бюджеттік қаражаттың жұмсалуын жіті бақылануда. Барлық басым емес шығындар — әкімшілік, инвестициялық және басқа шығындар — нөлге теңестірілуде.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі қаржы дағдарыстың салдарынан үлкен сабақ алуға болады. Себебі Ұлы тоқырау жылдарында өндірістің құлдырауы 40 % жағдайда болған, қазір 0,4 % көрсетуде, 100 есе айырмашылықты байқаймыз. Сондықтан да, Қазақстанның бұл қаржы дағда¬рысынан жаңарған, сенімді және бәсекеге қабілетті мемлекет ретін¬де шығуына мүмкіндіктер зор. Отандық экономистердің сараптамалары бойынша 2009 жылдың соңына таман экономикада міндетті түрде даму бағыттары басталады. Сол кезде еліміздің инфрақұрылымында орын алып отырған жетімсіздіктер экономиканың өсуіне кедергі болмайды. Дағдарыс кезінде экономика¬ның нақты салаларына көрсетіл¬ген қаржылық көмектің экономи-камызды дамытуға және әртарап¬тандыруға тигізетін көмегі көп.
Қорыта келгенде, ең бастысы, дағдарыс салдарынан әлемдік өндіріс пен тұтыну көлемі мүлде тоқтап қалған жоқ. Тек олардың өсімінде біршама төмендеу болды. Болашақта әлемдік экономи¬каның сауығуына байланысты ши¬кізатқа және басқа да тұтыну заттарына деген сұраныс артады. Ендеше қазіргі жағдайды аса ушықтырып, үрей туғыза берудің қажеті жоқ.
Менің ойымша, нақты тетіктерін жасап алмай, экономикаға орынсыз қар¬жы құю да қауіпті. Оның тиімділігі болмауы әбден мүмкін. Қаржы дағдарысының ең бастапқы сатысы ипотекалық қиындықтар елімізде енді сезіле бастаған кезде Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы¬мен Үкімет экономиканың ең осал салаларына орасан зор мемлекеттік қолдау көрсетті. Біріншіден, банк¬терге мемлекеттік ресурстарға кіру¬ге рұқсат беріліп, олардың шетелдік қарыздарды өсірмеуіне жағдай жа¬са¬ды. Сөйтіп, қазақстандық банк¬т¬ердің беделі мен өтімділігі сақ¬та¬лып қалды. Екіншіден, мемлекет көп қаржы құю арқылы тәлтіректеп қалған жылжымайтын мүлік рыно¬гына қан жүгіртті, үлескерлер проб¬лемасын шешуге батыл қадам жа-са¬ды. Үшіншіден, еліміздің барлық аймақтарында азық-түлік қауіпсіз¬ді¬гін қамтамасыз етіп, бірінші ке¬зек¬тегі азық-түлік түрлері – астық¬тың, өсімдік майының, ұнтақталған сүт, т.б. қоры жасалды. Тұтастай ал¬ғанда 2007-2008 жылдары эконо¬ми¬каны тұрақтандыруға 540 мил¬лиард теңге қаржы құйылды. Міне, дер кезінде жасалған осындай игі қа¬дам¬дар Қазақстан экономикасын қа¬терден сақтап қана қойған жоқ, со¬нымен бірге оның дамуына мүмкіндік берді.
Дағдарыс кезіндегі мемлекет тарапынан қаржылық көмек алған құрылыс саласы жаңа жұмыс орындарын ашады, шағын және орта бизнеске тапсырыстар береді. Жеке капиталды тарта оты¬рып, жасалған мемлекеттік қаржы¬лық көмек серпінді жобаларды қаржыландыруға, агроөнеркәсіп кешені мен шағын және орта биз¬несті дамытуға ықпал етеді. Әрине, бұл қаржы отандық экономика¬мызды тұтастай әртараптандыруға аздық етеді. Дегенмен, бұл мемле¬кеттік субсидиялар экономикамыз¬дың тұрақтануына игі әсерін ти¬гізіп, ұлттық өндірістің одан әрі дамуын қамтамасыз етеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
• «ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы 2009|04|06
• Выступление Министра экономики и бюджетного планирования РК Султанова Б.Т. на коллегии МЭБП
(Астана, 5 февраля 2009 года)
• Круглый стол на тему «Антикризисные меры Казахстана и Китая и их влияние на взаимоотношения между двумя странами» (23 декабря 2009 года в Пекине в посольстве Казахстана в КНР).
• Олег Игнатов,Кирил Мартынов « 2009ж дағдарыс». http://www.liberty.ru/ 14.12.2008ж
• «Дағдарыс жайлы толық ақпарат.Біз қорқытпаймыз, біз тек ескертеміз» http://bankir.ru/news/newsline 02.12.2008ж
• Америка мамандары дағдарысты зерттеді» 20.11.2008 ж http:\www.willbe.ru/
• ТҰРАҚТЫЛЫҚ ФЕНОМЕНІ немесе қаржылық дағдарысты ауыздықтаудың қазақстандық моделі 2008-10-14: Егеменді Қазақстан Авторы: Таңатар ТАБЫНҰЛЫ.
• БЮДЖЕТТІ НАҚТЫЛАУ – ДАҒДАРЫСТЫ ЕҢСЕРУ ТЕТІГІ 2009-04-04: Егеменді Қазақстан
Авторы: Төлебек ҚОСМАМБЕТОВ, Мәжіліс депутаты.
• Қаржы министрі Болат ЖӘМІШЕВ:
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА САЛЫҚТЫҚ ЖҮКТЕМЕНІ АРТТЫРУДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ ТӨМЕНДЕМЕЙДі Мамыр, 2008 жыл (C) 2008, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.