Скачать/Жүктеу
МАЗМҰНЫ
АҢДАТПА
ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖОСПАР
1.1 Бағақалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Баға функциясы
1.3 Бағаның жіктелуі
2.1 Баға құрамындағы өзіндік құн
2.2 Баға құрамындағы пайда
2.3 Баға құрамындағы салықтар
2.4 Бағадағы үстемелер мен шегерімдер
3.1 Бағаны есептеу схемасы
3.2 Баға саясатының мақсаты
3.3 Бағақалыптастыру стратегиясының түсінігі
3.4 Бағақалыптастыру стратегиясының түрлері
ӨЗДІК ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА
ГЛОССАРИЙ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ
ЕМТИХАНҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
МАЗМҰНЫ
АҢДАТПА
КУРС: БАҒА ЖӘНЕ БАҒА ҚҰРУ
Берілген ЮНИТАДА «Баға және баға құру» курсынан баға құрудың әдістері және стратегиясы, бағаның қарым- қатынасы, қаржы және құнсыздану, еңбек рыногында және капитал активінің процессіндегі баға құру, шетелдік және әлем бағасын айналдыру денгейі көрсетілген. Сондай-ақ «Баға және баға құру» курсы оқу пәндерінің арасында өте маңызды рөл ойнайды, Қазақстанның қаржы-несие жүйесінде жоғары білікті мамандарды құрады. Осы курс барысында қазіргі баға құру және оның негізгі әдістері көрсетілген, рынок экономикасында баға құрудың ролін анықтаған, негізгі экономикалық көрсеткіштерде баға құру қатынасы көрсетілген.С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне арналған
ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖОСПАР
1.1 Бағақалыптастырудың теориялық негіздері. Баға және баға қалыптастыру мәселелері. Баға теориясында негізгі екі бағыт: шығындық, нарықтық.
1.2 Баға функциясы. Баға өлшеу, есептік, реттеуші, ынталандырушы, үлестіру (қайта үлестіру) және де өндірісті ұтымды орналастыру критерииі функциялары.
1.3 Бағаның жіктелуі.Саудалық баға және көтерме баға. Коммерциялық баға. Тауарлық аукцион бағалары . Биржалық котировкалар. Сауда-саттық бағасы. Тұрақты баға.Маусымдық баға . Сатылы баға.
2.1 Баға құрамындағы өзіндік құн.
Өзіндік құн. Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың) шығындарының екі түрі– тұрақты және өзгермелі. Калькуляция. Калькуляциялану кезінде өнімнің өзіндік құнына ену әдісі бойынша шығындар — тура және жанама.
2.2 Баға құрамындағы пайда. Пайда. Рентабельділік деңгейі
2.3 Баға құрамындағы салықтар. Салықтар. Әлеуметтік салық. Қосымша құн салығы. Акциз ұғымдарына анықтама.
2.4 Бағадағы үстемелер мен шегерімдер. Өндіруші-кәсіпорынның үстемесі. Көтерме сауданың үстемесі (жабдықтаушы-өткізу үстемесі). Саудалық үстеме. Шегерімдер. Қолма-қол төлем үшін шегерімдер. Жылдам төлемдер үшін шегерімдер. Жеңілдетілген баға. Тауарды кешендік сатып алудағы шегерімдер. Сатып алынатын тауарлардың көлемі үшін шегерімдер (кумулятивті емес). Айналым үшін шегерімдер немесе бонустік шегерімдер (кумулятивті). Прогрессивті шегерімдер. Дилерлік шегерімдер. Арнайы шегерімдер. Сатуды ынталандыру үшін шегерімдер. Экспорттық шегерімдер .Мерзімдік шегерімдер. Фирмадан бұрын сатып алынған тауарды қайтарғаны үшін шегерімдер. Бұрын қолданған құрал-жабдықтарды сатудағы шегерімдер. Жасырын шегерімдер. Сервистік шегерімдер. Клубтік шегерімдер.
3.1 Бағаны есептеу схемасы. Бағақалыптастыру мақсаттары мен міндеттерін анықтау. Сұранысты анықтау. Өндіріс шығындарын бағалау. Бәсекелестер тауар бағасы мен сапасын талдау. Бағақалыптастыру әдісін таңдау. Бастапқы бағаны есептеу. Қосымша факторларды есептеу. Соңғы бағаны бекіту.
3.2 Баға саясатының мақсаты. Фирманың әрі қарай өмір сүруі. Пайда максимизациясы. Өткізуді максималды түрде ұлғайту. Сападағы лидерлік. Жаңа нарықтарға шығу. Инвестициядан қажетті қайтарылымдыққа бағытталған бағаны бекіту.
3.3 Бағақалыптастыру стратегиясының түсінігі. Сараланған бағақалыптастыру стратегиясы. Бәсекелестік бағақалыптастыру стратегиясы. Ассортиментік бағақалыптастыру стратегиясы.
3.4 Бағақалыптастыру стратегиясының түрлері. Жоғарғы баға стратегиясы. Орта баға стратегиясы (бірқалыпты бағақалыптастыру). Төменгі баға стратегиясы (нарыққа ену стратегиясы). Кешендік сатуды ынталандыру стратегиясы (шығындық лидер). Қосымша тауарлар стратегиясы. «Лидер соңынан еру» стратегиясы. Мәртебелі баға стратегиясы. Шығындық көзқараспен байланысты тауарлар. Сұраныс көзқарасымен байланысты тауарлар бағасының стратегиясы. Баға бекітудегі қызметтерді үйлестіру стратегиясы. Бағалық дискриминация стратегиясы. Мақсаттық баға стратегиясы (мақсатты пайда). «Байланыстырылған бағақалыптастыру стратегиясы». «Өзгермейтін баға» стратегиясы. Нольмен аяқталмаған немесе психологиялық баға стратегиясы. Бағалық жолақ стратегиясы.
1.1 Бағақалыптастырудың теориялық негіздері
Бағалар және бағақалыптастыру нарықтық экономиканың шешуші, маңызды элементтерінің бірі.
Баға тауарлық-ақшалай қатынастардың барлығына қатысты болып табылады.
Баға – сатып алушының тауарды сатып алуға, ал өндірушінің сатуға дайын ақшалай сомасы. Сатып алушы тауарды ақшалай бірлікте көрсетілген тауар құндылығы оның бағасынан жоғары болғанда сатып алады (1 Сурет.).
Тауар құндылығы |
||
Өзіндік құн |
Пайда |
Сатып алушыныңолжасы |
Тауар бағасы |
1 Сурет. Тауар бағасы мен құндылығының қатынасы.
Сатушы үшін баға еңбек үшін, оның пайдасының шамасына, өмір сүру қабілеттілігіне әсер ететін сый-ақы болып табылады. Ол өндіріс құрылымына, нарықтағы фирма үлесіне әсерін тигізеді.
Баға – айырбас үдерісіндегі тауардың (қызметтің) құндылығының (мәнінің) ақшалай көрінісі. Тауар (қызмет) құндылығы оған баға бекіту кезеңіндегі сұраныс және ұсыныс факторларымен анықталады.
Баға және баға қалыптастыру мәселелері экономикалық теорияның ең қиын бөлімдеріне және экономиканы басқару тәжірибесінің ең маңызды компоненттеріне жатады.
Нарықтық экономика жағдайында бағалар экономиканы реттегіш функцияларын атқару керек, онда бағаны қалыптастырушы факторлар кешені, экономиканың дамуының заңдылықтары мен тауар нарығының конъюнктурасы шоғырлануы керек.
Бағалардың табиғи мәнін айқындау мәселесі оның теориялық негіздерін, мағынасын қарастыруда өте маңызды роль атқарады.
Баға теориясында негізгі екі бағыт бар:
- шығындық, оның негізінде өндірушілердің жиынтық шығындар (тұрақты және ауыспалы) есебі жатыр;
- нарықтық (құндылық), оның негізінде тұтынушылық мінез-құлық пен сұраныс жатыр.
Бағалар динамикасы 2 маңызды факторлар әсерінен қалыптасады: стратегиялық және тактикалық.
1.2 Баға функциясы
Баға өлшеу, есептік, реттеуші, ынталандырушы, үлестіру (қайта үлестіру) және де өндірісті ұтымды орналастыру критерииі функцияларын атқарады.
Өлшеу функциясы. Бағаның көмегімен сатып алушы төлейтін, ал сатушы сатылған тауар үшін алатын ақша саның анықтап, өлшеуге болады. Сатылатын және сатып алынатын тауарлар саны мен бағасын біле отырып тауарлар үшін ақшалай төлемдердің шамасын анықтауға болады.
Есептік функция. Баға еңбектің қоғамдық дәрежеде деп танылған еңбек шығындары мен оның пайдалылығының ақшалай көрінісі ретінде сипат береді. Баға қоғамүшін қандай да бір өнім бойынша қажеттілікті қанағаттандыру қандай шығынға ұрындыратынын көрсетеді. Баға тауарлар мен қызметтер өндіруге қаншалықты еңбек күші,материалдар мен шикізаттар жұмсалатынын анықтайды.
Реттеу функциясы. Баға экономикалық үдерістерді реттеу құралы ретінде танылады: өндіруші және тұтынушының ақшалай төлем қабілеттілігімен байланыстыра ұсыным мен сұранымды теңестіреді. Ол ұсыным мен сұраным арасында үзілістің бар болуы туралы индикатор қызметін атқарады және олардың арасындағы сәйкестікке жету үшін икемді құрал болып табылады. Сұраныс тауарға деген сатып алушы қажеттілігін оның сол тауарды сатып алу мүмкіншілігін ескере отырып айқындайды, ал бұл жағдай нарықтық баға мен сатып алынатын тауар арасындағы кері байланыспен сипатталады. Бағаның төмендеуінде тауарларға сұраныс ұлғайады. Сұраныс өсуінде бағалар тез жоғарлайды.
Ынталандырушы функция. Бұл функцияның мәнділігі бағаның сан түрлі тауарларды тұтынуда және өндіруде талаптандырушы немесе тежегіштік сипатта айқындалуымен түсіндіріледі.
Үлестіруші (қайта үлестіруші) функция әртүрлі факторлар әсерінен тауар бағасының, оның құнынан ауытқуына негізделеді. Бағалар арқылы табыстарды үлестіружәне қайта үлестіру жүзеге асырылады, яғни әлеуметтік топтар, ұлттық экономика секторлары, салалары арасында қайта құрылған құн және сонымен қатар халықтың, кәсіпорындардың, сала табыстарын реттеу жүзеге асырылады.
Өндірісті ұтымды орналастыру критерийі ретіндегі баға функциясы . Бұл функция келесіде сипатта айқындалады: жоғары пайданы алу үшін баға механизмі арқылы экономиканың бір секторынан екінші секторына және ең жоғары пайдасы бар жеке секторлардың ішіне капиталдардының құйылуы. Капиталдарды қайта үлестірусұраныс және ұсыныс заңдарымен, бәсеке әсерінен жүзеге асады. Капиталдардың мұндай құйылуы бәсеке және сұраным ықпалымен кәсіпорындар, фирмалармен жүзеге асады. Тек кәсіпорын ғана қызметтің қай түріне, экономиканың қай саласына өз капиталын салу керек екенін дербес шешеді. Бұл жағдайға терең маркетингтік зерттеулер, барлық нарықтық факторларды, оның ішінде бағаларды да, зерттеу жүргізу қажет.
1.3 Бағаның жіктелуі
Жіктеу үшін қандай белгі, нысана алынғанына байланысты бағаның барлық түрлерін сантүрлі топтарға бөліп қарастыруға болады.
Қызмет көрсету айналымы сипаты бойынша бағаларды бөлшек саудалық баға және көтерме баға түрінде айыруға болады.
Сату және сатып алудың көтерме бағасы - өткізілетін тауарлардың ірі партияларының бағалары. Көтерме бағалар кәсіпорынның және өнеркәсіптің көтерме бағалары деп бөлінеді.
Коммерциялық баға – орталықты түрде үлестірілетін, тауарларға мемлекеттік баға болғанда коммерциялық дүкен арқылы өткізілетін тауар не қызмет бағасы.
Тауарлық аукцион бағалары – сатып алушымен алдын ала қарастырылған тауар партиясын максималды ұсынған баға деңгейі бойынша жариялы түрде сату бағасы.
Биржалық котировкалар - арнайы ұйымдастырылған және аукциондарға қарағанда, өзара алмасатын, сапалы біртекті, жалпылық тауарлар нарығының бағалары (ауыл шаруашылық, өндірістік емес және орман шикізаттары, астық, металдар, мұнай өнімдері және т.б.).
Сауда-саттық бағасы - тауарларды жеткізу немесе арнайы құжатта (тендерде) көрсетілген шарттар бойынша белгілі жұмыстарды өндіруге мердігерлерді алуға тапсырыстарды өткізуге, орындатуға негізделген маманданған сауданың ерекше формасының бағалары..
Тұрақты баға – қызмет ету мерзімі алдын ала шектелмеген баға.
Маусымдық баға – қызмет ету мерзімі сұраныстың белсенді мерзімдерімен анықталған баға.
Сатылы баға – алдын-ала анықталған шкала бойынша алдын ала шартталынған уақыт сәттерінде біртіндеп төмендейтін бағалар реттілігі.
2.1 Баға құрамындағы өзіндік құн
Өзіндік құн – ол қызметті көрсету мен өнімді өндіру және өткізумен байланысты кәсіпорынға өндірістік және коммерциялық қызметті жүзеге асыруға қажетті өндірістік факторлар шығындарының ақшалай мәні.
Баға құрамындағы шығындар бағаның мүмкін төмен деңгейінің шегін белгілейді.
Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың) барлық шығындары екі түрге бөлінеді – тұрақты және өзгермелі. Тұрақты және өзгермелі шығындардың екеуіне де тиесілі аралас шығындар да бар.
Калькуляция - тауар (қызмет) бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорынның өндіріске және тауар (қызмет) бірлігін өткізуге кеткен шығындарының ақшалай формасын айқындайды.
Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша топтастыру негізінде оларды экономикалық элементтер бойынша жалпылау қағидасы жатыр. Мұнда өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты және басқарушылық сипаттағы шығындар ерекшеленеді.
Өндіріспен және өндірістік өзіндік құнды қалыптастырушы шығындарды есептеу 1996 жылы бекітілген Бухгалтерлік есеп стандарттарымен сәйкес жүзеге асырылады.
Өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге кеткен шығындар олардың экономикалық мазмұнымен сәйкес келесі элементтерге топтасады:
- материалдық шығындар;
- еңбек төлемі шығындары;
- сақтандыруға аударымдар;
- құралдардың тозуы;
- басқа да шығындар.
«Материалдық шығындар» элементінде шикізат пен негізгі материалдарға; сатып алынатын бұйымдарға, жартылай полуфабрикаттарға, қосалқы материалдарға, өндіріс қажет ететін отын және электрқуаттылығына кететін шығындар көрсетіледі.
Еңбек төлемі шығындары құрамына келесілерді жатқызады: еңбекақы, сый-ақы; ынталандыру және өтемдік төлемдер; натуралды төлем ақы ретінде берілетін өнім құны және т.б.
«Сақтандыру аударымдары» элементінде бюджетке аударылатын әлеуметтік салықтың көлемі көрсетіледі (21%).
«Құралдардың тозуы» элементінде негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтіруге кеткен амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі.
Басқа да шығындар құрамына табиғи азаю шегіндегі жетіспеген сома, өндіріс ақауы, құрал-жабдықтарға қызмет көрсету, тасымалдау шығындары, өзіндік құнның басқа элементтеріне жатпайтын өндірістік сипаттағы өндірістік емес шығындар жатады.
Элемент бойынша топтастыру негізінде еңбектік және материалдық ресурстар балансы құрылып, артықшылықтар немесе қамтамасыз етілмеу жағдайы байқалады. Фирма немесе кәсіпорын деңгейінде шығындардың мұндай топтасуы өндірістік қорларды жоспарлауға, кадрлік саясатты жасау үшін (қысқарту, қайта мамандандыру және т.б), еңбекақы қорының ұтымды пайдалануына, орташа жалақы деңгейін бақылауға, өндіріс қуаттылығының деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік құнына енбеген шығындар есептік кезеңдегі шығындар деп есептелінеді.
Калькуляциялану кезінде өнімнің өзіндік құнына ену әдісі бойынша шығындар тура және жанама болып топтасады.
Тура – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге қатысты шығындар.
Жанама (үстемелі) – жанама жолмен үлестірілетін басқарушылық сипаттағы шығындар және олар бір уақытта өнімнің бірнеше түрімен байланысты болады. Мәселен, өндірісті басқару мен ұйымдастыруға байланысты – жалпы әкімшілік шығындар; несие бойынша пайыздар төлемі; тауарлық-материалдық қорларды өткізу шығындары.
Кәсіпорын өз тауарларына (қызметтеріне) ең кем дегенде өндірістің барлық шығындарын өтей алатын бағаны белгілеуге тырысады.
Шығындар кәсіпорынның коммерциялық саясатына елеулі түрде әсер етуі мүмкін.
Шығындары төмен кәсіпорын кез-келген нарықта жоғары бәсекелестік басымдылыққа ие болады. Ол бәсекелестерге қарағанда төмен баға белгілей алады және бұл баға бойынша сезімталдарды тартатындықтан басқаларға қарағанда жоғары сату көлеміне ие болады.
Керісінше, шығындар деңгейі жоғары болған фирма, жоғары бағада төлем жасай алатын сатып алушыларды иемденетін нарықтың қуысына бағытталған лайықты-мәртебелі (жоғары) баға саясатын құрады.
Тиімді баға саясатын жүргізгісі келетін кәсіпорын өнімді өндіру мен өткізуді бастамас бұрын, өзінің шығындар деңгейін өндіретін тауарлардың (қызметтердің) мүмкін баға деңгейімен салыстыруы керек.
2.2 Баға құрамындағы пайда
Өз өнімін бекітілген бағамен өткізе отырып, қандай да болмасын кәсіпорын тек қана өндіріс пен өткізу шығындарын өтеумен шектелмей, нарық жағдайында қызмет етуге мүмкіндік беретін пайда көлемін алуға тырысады. Пайда бағаның маңызды элементтеріне жатады.
Пайда – бекітілген бағамен тауарды өткізгеннен кейінгі алынатын табыс түрі.
Пайда көлемі өнімді бекітілген бағамен өткізуден кейінгі түскен табыспен, оны өндіруге және өткізуге кеткен шығындардың айырымымен анықталады.
Алынатын пайданың жалпы массасы, бір жағынан, сату көлемі мен баға деңгейіне, екінші жағынан – өндірістік шығындар деңгейі қоғамға қажетті шығындарға қаншалықты сәйкес келуіне тәуелді.
Салықтарды төлегеннен кейін таза пайда белгіленген арақатынаста жинақтау қорына және тұтыну қорына бөлінеді.
Жинақтау қоры есебінен кәсіпорын (фирма) кадрлерді дайындау және қайта дайындауды, инвестициялық жобаларды жүзеге асыра алады. Тұтыну қоры есебінен кәсіпорын жұмыскерлерге әлеуметтік төлемдердің жоғарлауын және де әлеуметтік аядағы мекемелерді қамтамасыз етуі мүмкін.
Сондықтан кәсіпорын (фирма) үшін керекті пайда шамасы оның даму қажеттілігімен анықталады және ұдайы өндірістің бірқалыпты үдерісін қамтамасыз етуші мүмкін төмен деңгейінен кем болмауы керек.
Мемлекетте кәсіпорындардың бюджет кірісіне оң әсер беретіндіктен оның пайдасының жоғарлауына мүдделі.
Нарықтық қатынастар жағдайында пайданың екі негізгі көзі бар.
Біріншісі – кәсіпорынның тауарды өндіріп, шығарудағы монопольдік жағдайы немесе оның ерекшелігі. Бұл көзді салыстырмалы түрде жоғары деңгейде қолдау, тауардың тұрақты жаңаруын жүзеге асыруды талап етеді. Мұнда мемлекеттің монополияға қарсы саясаты мен басқа кәсіпорындар тарапынан бәсекелестік сияқты қарсы күштер де ескерілуі қажет.
Екінші көзі өндірістік және кәсіпкерлік қызметпен байланысты. Оны қолдану тиімділігі сұранысты иеленуші тауарды (қызметті) дұрыс таңдауға, оның бәсеке қабілеттілігіне, өткізу көлеміне, өнім ассортименті мен шығын құрылымына тәуелді.
Пайда табу – кәсіпкерліктің кез-келген формасына түрткі болатын қозғаушы күш. Нарықтық экономика және бәсекелестік шартында, ең жоғары пайда алудың объективтік тенденциясы болады.
Алынған пайданы кеткен шығындармен салыстыру қажет. Бұл мақсаттар үшін салыстырмалы көрсеткіш – рентабельділік деңгейі қолданылады және ол пайданың өнімді өндіру мен өткізуге кеткен материалдық және еңбектік шығындар сомасына пайыздық қатынасы арқылы анықталады:
Pr
R = C х 100% , мұнда
P-рентабельділік;
Pr-пайда;
C-өзіндік құн.
Шығындарынан асатын пайдаға ие болған кәсіпорын рентабельді деп саналады. Егер әкімшілікті-командалық жағдайда, бюджет жәрдемақысы арқылы рентабельділігі төмен және рентабельді емес кәсіпорындардың қызмет етуі мүмкін болса, нарықтық жағдайда, мемлекет қолдайтын салалар мен өндірістерді санамағанда, олардың іс жүзінде болмауы мүмкін.
Нарық шартында рентабельділік нормативтері тек монополист-кәсіпорындар өнімдеріне бекітілуі мүмкін. Басқа жағдайларда пайданың мөлшері тауар өндірушілердіңбәсекеқабілеттілігі нәтижесінде нарықта қалыптасады және ол көптеген конъюктуралық факторлардан, шаруашылық операцияның жүргізу уақытынан, шығындарқұрылымының әсерінен өзгеруі мүмкін.
Әдетте, жасалған мәміленің көлемі ұлғайған сайын, оның құрамындағы пайда үлесі аз болады. Ғылым саласында шығындардың негізгі бөлігін еңбектік шығындарқұрағандықтан оған ең төменгі рентабельділік деңгейі салынады. Сауда саласы материалдық қорларды құру қажеттілігімен байланысты болғандықтан, оныңрентабельділік деңгейі жоғарырақ болады. Материалдық өндіріс аясында материалдық шығындар, еңбек және тозу шығындары және т.б. болғандықтан, оған рентабельділіктің ең жоғарғы деңгейі сәйкес келеді.
2.3 Баға құрамындағы салықтар
Салықтар – заң жүзінде мемлекетпен бекітілген біржақты реттілікте белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыздық және өтемсіздік сипаттағы бюджетке аударылатын ақшалай төлемдер (ҚР Салық кодексі, 10 бап).
Баға құрамына келесі салықтар кіреді:
- әлеуметтік;
- қосымша құн салығы;
- акциз.
Әлеуметтік салық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше әлеуметтік-экономикалық немесе мәдени аяларын дамытуға не материалдық қолдауға бағытталған бюджетке төленетін аударымдар. 1999 жылдан бастап әлеуметтік салық Зейнетақы қорына, зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталыққа, әлеуметтік сақтандыру қорына, жалпы медициналық сақтандыру қорына, жұмысбастылықты қолдау қорына аударымдарды және автокөлік жолдарын пайдаланушылардың аударымдарын біріктірді. Бұл салықтың шамасы кәсіпорынның еңбекақы шығындарымен тығыз байланысты, өнімнің өзіндік құнына «сақтандыру аударымдары» ретінде жеке шығындық бап сипатында бола отырып өлшенуге мүмкін болады.
Әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі (ставкасы) 21% құрайды (Казақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың сәуір айындағы «Халыққа жолдауында» осы салық мөлшерлемесін 21-ден 13%-ға дейін төмендету шараларын Үкіметке тапсырды). Салықтың қызмет ету уақытында мөлшерлемелер өзгеріліп әр-түрлі төлеушілер үшін 26%-дан 65%-ға дейін сараланады.
Қосымша құн салығы өндіріс үдерісінде және тауарлар (жұмыстардың, қызметтердің) айналымында қосылатын, өнімді өткізу бойынша айналымнан алынатын құнның бір бөлігі және Қазақстан Республикасы аймағына тауарлардың импортталуы кезіндегі бюджетке аударылатын төлемдер ретінде сипатталады.
ҚҚС республика территориясында тұтынылған немесе пайдаланған тауарлар мен қызметтерге қатысты тұтынудағы жалпы салық болып табылады.
ҚҚС өндірілетін және көрсетілетін қызметтер құнының салығы болып табылады. Салық өнімді (тауарларды, қызметтерді) өндірудің және өткізудің барлық кезеңдерінде алынады. Нәтижесінде соңғы тұтынушы салықты толық төлейді, ал өнімді өндіруде және өткізуде төленген ҚҚС-ғы оларды төлеген субъектіге қайтарылуы мүмкін.
Салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге міндетті ҚҚС, өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін есептелген ҚҚС сомасы мен алынған тауарларға төленуге міндетті ҚҚС сомасының айырымымен анықталады. Осылайша, кәсіпорын тауарды сатқанда сол кәсіпорында қалыптасқан құнға салық қосып оны өтеп алады. Бұл сату бағасына қосылатын ҚҚС бөлігі мемлекеттік бюджетке аударылады. Сонымен, тауарлардың іс жүзіндегі айналымы салықтық төлемдермен тығыз байланысты, ал салықтың барлық ауыртпашылығы соңғы тұтынушыға жүктеледі.
Қандай да бір жеңілдіктер мен шегерімдер болмаған жағдайда косымша құн салығы табысы төмен тұлғаларды табысы жоғары тұлғалармен салыстырғанда табыстарынан жоғары пайыз төлеуге міндеттейді. Мәселен, бір айда табыстары 6000теңге және 36000 теңге құрайтын екі жанұя 1160 теңгеге ұқсас тауар сатып алады, ал ҚҚС 16% құрайды. Екі жанұя да бірдей жанама салық-160 теңге төлейді. Мұнда ҚҚС бірінші жанұяда-2,66%, ал екіншісінде-0,44% құрайды.
ҚҚС мөлшерлемесі 2001 жылдың 26 маусымында қабылданған Салық Кодексіне сәйкес 16%-ға тең (Казақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың сәуір айындағы «Халыққа жолдауында» осы салық мөлшерлемесін 16-ден 15%-ға дейін төмендету шараларын Үкіметке тапсырды). Экспорттық тауарлар айналымы бойынша (түрлі-түсті және қара металдар экспортын қоспағанда); Ұлттық Банкке асыл металдарды өткізуді (алтын, платина); халықаралық тасымалдаулармен байланысты қызметтер көрсету, жұмыс атқару нольдік мөлшерлемедегі ҚҚС-ғы салынады.
Акциздер бұқаралық тұтыну үшін өндірілетін және Қазақстанның территориясына енгізілетін тауарларға салынады. Акциздік тауарлар мен қызметтерге келесілер жатады:
1) спирттің барлық түрлері;
2) алкогольдік өнімдер;
3) темекі өнімдері;
4) бекіре және қызыл балық уылдырығы;
5) алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;
6) бензин (авиациялықты санамағанда), дизельдік отын
7) жеңіл автокөліктер (мүгедектер үшін арналған қолмен жүргізілетін автокөліктерді санамағанда);
8) тапанша және газдық кару-жарақтар (билік органдарының қажеттіліктеріне арналғандардан басқалары)
9) газдік конденсатты қосқандағы шикі мұнай;
10) ойын бизнесі;
11) лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.
Тауардың бағасына екі салықтың енуі тауарды қымбаттады, тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне және шикізаттар мен материалдарды қымбаттатып өндірістің қиыншылыққа ұрынуына байланысты ұсыныстың төмендеуіне әкеледі.
2.4 Бағадағы үстемелер мен шегерімдер
Көтерме және бөлшек саудадағы өндіруші-кәсіпорынның бағасының құрамына үстемелер мен шегерімдер енуі мүмкін.
Өндіруші-кәсіпорынның үстемесі – мәміледе қарастырылған жағдайларда өндіруші (жабдықтаушы) сатып алушының қосымша талаптарымен келісіп, орындаған жағдайда тауардың (қызметтің) негізгі бағасына қосылатын үстеме болып табылады. Үстемелер, мысалы, машинаның, құрал-жабдықтардың қандай да бір бөлшегінкүшейтуге, қосымша сервистік қызметтерді көрсеткенге және т.б жағдайларда есептелуі мүмкін.
Көтерме сауданың үстемесі (жабдықтаушы-өткізу үстемесі) – бұл, көтерме фирмалардың базалары мен қоймаларынан тауарды өткізгенде бағасынақосылатын үстеме, ол олардыњ шығындарын жабуға және белгіленген орташа пайданы алуға қажет. Іс-жүзінде, әр баға шығындар мен пайдадан тұрғандықтан, бұл үстеме көтерме сауда қызметінің бағасы болып табылады. Жабдықтау-өткізу үстемелерінде сатып алу, сақтау, жинақтау, іріктеу, тасымалдау, өткізу шығындары ескеріледі.
Саудалық үстеме – бұл тауарды өткізу бойынша бөлшек сауданыњ шығындары және пайданың жеткілікті нормасынан тұратын бөлшек сауда желісінің бағасынаүстеме.
Шегерімдер - тауарды (қызметті) сатушымен нарықты кеңейту, өткізетін тауарлар санын көбейту мақсатында әр-түрлі сатып алушыларға бөлінетін сома. Бағаны «саудаласу» әдісі қолданады.
Шегерімдер келесі түрде болуы мүмкін:
- тауардың номиналдық бағасын төмендету пайызы;
- төмендетілген бағамен алынатын тауар бірліктерінің саны;
- сатып алушыға қайтарылып берілетін немесе тауардың келесі партияларының төлеу шотына есептелетін сомолар.
Шегерімдер көлемі мәміленің сипаттамасынан, төлеу және жабдықтау жағдайларынан, нарық конъюктурасынан, әріптестердің қарым-қатынасына байланысты. Қазіргі уақытта халықаралық саудада шегерімнің 20 түрлері қолданылады. Олардың бірнешесіне сипаттама берейік.
Қолма-қол төлем үшін шегерімдер - шоттарды жылдам қолма-қол қаражаттармен төлеген сатып алушылар үшін бағаны төмендету. Ол сараланған болуы мүмкін. Мысалы, егер шоттар 3 күннің ішінде төленсе-5%, 10 күннің ішінде — 3% және т.с.с.
Жылдам төлемдер үшін шегерімдер - өзара шартта бекітілген мерзімінен бұрын сатып алынған тауардың партиясына төлемді жүзеге асырғаны үшін стандартты сату бағасын төмендету шарасы. Берілген шегерімнің негізгі міндеті-дебиторлық қарыз мерзімін қысқарту және фирманың капитал айналымдылығын жылдамдату.
Төлемді жылдамдату шегерім нұсқасы 3 элементтен тұрады:
1) шегерімнің өзіндік сандық шамасы;
2) сатып алушы мұндай шегерімді пайдалануға мүмкіншілігі бар мерзім;
3) егер сатып алушы төлемді жылдамдату үшін шегерімді игеру мүмкіншілігін жіберіп алған кезде, жеткізілген тауар партиясына барлық қарыз соманы төлеуді жүзеге асыру мерзімі.
Жеңілдетілген баға - жекелеген тауар нарықтарында немесе тұтынушылардың бөлек топтарына өнімнің белгіленген түрлерін өткізуді ынталандыру мақсатымен төмендетілген деңгейде орнатылған баға.
Тауарды кешендік сатып алудағы шегерімдер - егер сатып алушы берілген тауарды сол фирманың басқа қосымша тауарларымен алса, оған кепілденген, стандартты сату бағасынан төмендету шарасы.
Сатып алынатын тауарлардың көлемі үшін шегерімдер (кумулятивті емес) - белгіленген уақытта бір тауардың көп көлемін сатып алушы үшін бағаның төмендеуі.
Айналым үшін шегерімдер немесе бонустік шегерімдер (кумулятивті) – белгілі бір мерзім ішінде қол жеткізген сату деңгейіне байланысты тұрақты сатып алушыларға ұсынылады.
Кумулятивті және кумулятивті емес шегерімдер арасындағы айырмашылықты мысалда қарастырайық.
Кумулятивті шегерімдерді сәнді тауарларды өткізгенде қолданған жөн, өйткені оларды үлкен партиялармен сатып алу сатып алушы үшін тәуекелділікте болады.
Прогрессивті шегерімдер - сериялық шегерім, өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік бергендіктен, алдын-ала белгіленген және көлемі жағынан ұлғайатын тауарларды сатып алу жағдайында ұсынылады.
Дилерлік шегерімдер - өндірушінің өзінің өнімін өткізу бойынша тұрақты делдалдары мен өкілдеріне ұсынатын шегерімдері. Стандартты құрал-жабдықтар, тракторлар, автомобильдерді сатуда кең тараған. Дилерлік шегерімдер автомобильдің маркасына байланысты бөлшек бағаның 15-20% құрауы мүмкін.
Арнайы шегерімдер - сатушылар тапсырмаларына мүдделі болған ерекше сатып алушыларға; сынақ партиялары үшін, тапсырмалардың жиілігі мен тұрақтылығы үшін беріледі.
Сатуды ынталандыру үшін шегерімдер - нарыққа жылжытуға, жарнама мен сауда агенттерінің қызметтеріне жоғары шығындарды талап ететін жаңа тауарларды алған сауда делдалдарына кепілденген стандартты сату бағасынан төмендету шарасы. Бұл шегерімдер прейскуранттық бағадан қосымша пайыз түрінде немесе өндірушіден сатып алған тауардың бірлігіне абсолюттік сома түрінде бекітілуі мүмкін.
Экспорттық шегерімдер - ішкі нарықтағы сатып алушылар үшін бекітілген шегерімдеріне қоса шетел сатып алушыларына арналған бағаны төмендету шарасы. Бұл шегерімнің мақсаты — сыртқы нарық үлесін жаулап алу.
Мерзімдік шегерімдер - тауарды белсенді сұраныс кезеңінен тыс сатып алғаны үшін беріледі. Оның мақсаты — активтердің айналымдылығын жылдамдатуды, өндірістік қуаттар жүктемелерінің мерзімдік құбылуын төмендетуді қамтамасыз ету үшін кезекті мерзімнен бұрын тауарды сатып алуға тұтынушыларды ниеттеу.
Мерзімдік шегерімнің көлемі келесілермен анықталады:
1. сатып алушымен, белсенді сатуларға дейін тауарды сақтау шығындарын қарай;
2. өндірушімен, тауарды өзінде сақтауға және қоймада тауар тұрып қалушылығына байланысты мүмкін шығындар нәтижесінде өндірістің тоқтап қалу қауіпіне қарай;
Сондықтан мерзімдік шегерімнің көлемі белсенді мерзімнің жақындауына қарай ұлғайып отырады.
Фирмадан бұрын сатып алынған тауарды қайтарғаны үшін шегерімдер (прейскуранттық бағаның 25-30% көлемінде) – ескірген модельді қайтарған уақытта беріледі. Мұндай шегерімдер автомобильдерді, стандартты өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды және т.б. сатқанда қолданылады.
Бұрын қолданған құрал-жабдықтарды сатудағы шегерімдер бастапқы бағадан 50% құрауы мүмкін. Бұл жағдайда алдында қолданған машиналарды, механизмдерді және басқа да құралдарды пайдамен сатып алу мүмкіндігі бар.
Жасырын шегерімдер - сатып алушыға тегін қызметтер көрсету, тегін үлгілер беру жолымен, пайызсыз несиелер немесе жеңілдетілген несиелер, фрахтқа жеңілдіктер түрінде беріледі.
Сервистік шегерімдер. Кейде жабдықтаушылар, едәуір инвестиция мен күш жігерді талап ететін, тиімді сервистік желіні құру және қолданудан көрі сервистік шегерімдерді ұсынуды артық санайды.
Клубтік шегерімдер. Қазіргі уақытта өз мүшелеріне тауарлар мен қызметтерге «клубтік бағалық шегерімдер» ұсынатын көптеген ұлттық және халықаралық дисконттық клубтар бар. Мысалы: компания «Procter & Gamble». Клуб мүшелері жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін.
3.1 Бағаны есептеу схемасы
Тауарға бағаны есептеу ретті түрде бірқатар кезеңдердің орындалуымен тығыз байланысты:
1. Бағақалыптастыру мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
Кәсіпорын үшін тауар бағасы тауар мен қызметтерден пайда алу функциясын атқарады. Сондықтанда, фирма бағаны есептей отырып, өзі үшін бекітілетін баға арқалы қандай мақсатқа жететінін нақты айқындау керек.
2. Сұранысты анықтау.
Кәсіпорынмен тағайындалған кез-келген баға сұраныс деңгейіне қалайда болса әсерін тигізеді. Әдетте сұраныс бен баға кері пропорционалдық тәуелдікте болады, яғни баға жоғары болған сайын сұраныс төмендейді, сәйкесінше баға төмен болған сайын сұраныс ұлғайады.
3. Өндіріс шығындарын бағалау.
Әр кәсіпорын алдын-ала ойластырған баға саясатын жүзеге асыру үшін шығындар құрылымын өндірістің жоспарланған көлемімен салыстырып, өнім бірлігіне қысқа мерзімді шығындарды есептеу керек.
4. Бәсекелестер тауар бағасы мен сапасын талдау.
Қалыптасқан сұраныстың жоғарғы деңгейі мен қалыптасқан шығындардың төменгі шегі арасындағы айырмашылық баға бекіту үшін диапазонды көрсетеді. Осы диапазонда фирма бәсеклестер тауар бағасы мен сапасын зерделейді. Кәсіпорынға өзінің бәсекелестерінің тауар бағасы мен сапасын білу өте қажет.
5. Бағақалыптастыру әдісін таңдау.
Сұраныс функциясын, шығындар құрылымын және де бәсекелестер бағасын талдаудан кейін, осы аталған шектеулерді максималды түрде ескеретін бағақалыптастыру әдісін таңдау керек. Бағаны әр түрлі амалдармен анықтауға болады, олардың әр қайсысы баға деңгейіне әр түрлі жағдайда ықпал етеді.
6. Бастапқы бағаны есептеу.
Таңдалған әдіс негізінде бағаның мүмкін деңгейі есептелінеді.
7. Қосымша факторларды есептеу.
Бағаның соңғы деңгейін анықтамас бұрын, фирма баға деңгейіне әсер ететін бірқатар қосымша факторларды ескеру қажет, баға саясатының мақсатының сақталуын бақылау, сатып алушылар, делдалдар, мемлекет тарапынан баға деңгейіне көзқарастарын ескеру.
8. Соңғы бағаны бекіту.
Бұл кезеңде бағаның соңғы деңгейі бекітіліп, сәйкесінше құжаттар рәсімделінеді.
3.2 Баға саясатының мақсаты
Баға саясатының негізгі келесі мақсаттары бар:
Фирманың әрі қарай өмір сүруі. Мұндай мақсат нарықтың өткір бәсекелестік жағдайында пайда болады, өндірушілер өте көп, ал кәсіпорынның тауары (қызметі) ешқандай айрықшылықпен сипатталмайды.
Пайда максимизациясы. Бұл мақсат келесі шарттарда қалыптасады:
-кәсіпорын бәсекелестерде жоқ, ерекше тауарларды ұсынады;
-тауарға сұраныс ұсыныстан жоғарғы деңгейде болады.
Өткізуді максималды түрде ұлғайту. Осы мақсатты ұстанушы фирмалар, шығынды төмендету есебіне пайданы ұлғайтуға тырысады.
Сападағы лидерлік. Фирма бұйымның сапалы сипаттамаларын максималды түрде жоғарлату жолымен бәсекелестерден алға шығуға ұмтылады. Тауар сапасының жоғарлауы оларға деген, бағаның көтерілуін білдіреді.
Жаңа нарықтарға шығу кәсіпорындарды тұтынушыларға қатты ықпал беретін бағаны қолдануға мәжбүр етеді, олар өз кезегінде тұтынушылар көңілін аударады және нарыққа енуге мүмкіншілік береді.
Инвестициядан қажетті қайтарылымдыққа бағытталған бағаны бекіту.
Мұнда кәсіпорын инвестицияның қажетті қайтарымдылығын қамтамасыз ететін бағаны анықтауы қажет, мысалы инвестициядан 15%-ық қайтарымдылық. Бұл нәтиже егерде, сату көлемі мен шығындар алдын-ала күтілген деңгеймен сай болған жағдайда іске асады. Ал, бұл мәнді дәрежеде тауардың бекітілген бағасына сатып алушылардың байқататын әсеріне, көзқарасына тәуелді.
3.3 Бағақалыптастыру стратегиясының түсінігі
Кәсіпорынмен баға стратегияларын таңдауда келесі жағдайлар мүмкін.
1 Жағдай. Фирма тауарға бағаны бірінші рет орнатуы керек. Бұл жағдай фирма өзінің жаңа тауарын ішкі нарыққа шығарғанда, немесе дәстүрлі тауарды сыртқы нарыққа немесе нарықтың жаңа сегментін қолданғанда іске асады.
2 Жағдай. Бәсекелес өзінің тауарына бағаны өзгертіп жіберді, бұл жағдай фирманың бәсекелестің бұл қадамына әсер етуге мәжбүр етеді және де келесі мүмкін қызметтерді талдау негізінде сәйкес шешімдерді қабылдайды:
- өз тауарына баға өзгерту арқылы жауап беру;
- қандай дәрежеде жаңа бағаны бекітуді анықтау;
- жаңа баға орнына қандайда бір басқа бағалық емес стратегияны қолданып, бәсекелестің бағаны өзгерткен жағдайын бір қалыпқа келтіруіне себепкер болады.
Өте күшті бәсекелестік жағдайда бәсекелестермен бағаның өзгеруіне фирма әсері өте жылдам болуы керек. Осыған байланысты фирмалар бағалық шешімдерді қабылдауда алдын-ала дайындалған бағдарламалармен әсер білдіруі керек.
3 Жағдай. Фирма өз тауарын деген ағымдағы баға шығындар тарапынан, не сұраныс тарапынан немесе екеуінің де тарапынан да дұрыс жолда екендігіне күмәнданады. Мысалы, сатып алушылар көп төлеуге дайын; қомақты шығындар үлесі нәтижесінен жеткілікті пайдалылық қамтамасыз етілмеген; тауар ескірді; күшті инфлияция байқалады және т.б..
4 Жағдай. Фирма сапасы бойынша сараланатын тауарды өндіреді. Бұл тауарлар арасында сұраныс және шығындар бойынша байланыс бар. Әр тауар варианты бойынша жақсы сатылымды қалыптастырып, пайдаға қол жеткізуде оңтайлы бағаны анықтау қиынға соғады.
Қазіргі заманғы бағақалыптастыру тәжірибесінде баға стратегиясының тармақталған жүйесі қолданылады: сараланған бағақалыптастыру, бәсекелестік бағақалыптастыру және ассортиментік бағақалыптастыру.
3.4 Бағақалыптастыру стратегиясының түрлері
Баға стратегиясының негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:
Жоғарғы баға стратегиясы. Бұл стратегияның басты мақсаты — өндіріліп, шығарылып отырған жаңа тауар өте құнды болғандықтан, ол үшін бірқалыпты нарықтық бағадан жоғары төлеуге дайын сатып алушылардан «қаймағын сүзіп алу» жолымен үстеме пайда табу.
Орта баға стратегиясы (бірқалыпты бағақалыптастыру). Тауардың өмірлік циклының құлдырау фазасынан басқа барлық кезеңінде қолданылады, пайданы ұзақ мерзімді перспектива ретінде ұстанатын фирмаларға тән.
Төменгі баға стратегиясы (нарыққа ену стратегиясы) тауардың өмірлік циклының кез келген фазасында қолданыла алады. Бұл стратегия баға бойынша сұраныс икемділігі өте жоғары болғанда тиімді болып табылады.
Кешендік сатуды ынталандыру стратегиясы (шығындық лидер) тауар бірлігін сатуда қолданбай, бір тұтастай сатқанда қолданылады. Сатудың шығындық лидері – фирма өзінің басқа да тауарларын өткізу мақсатында сатып алушыларды тарту бойынша фирманың минималды пайдамен өткізілетін тауары.
Қосымша тауарлар стратегиясы сатып алушылардың көңілін аудару үшін жарнамалық іс-шара болып табылады. Бұл жағдайда фирма негізгі тауарға қосымша бұйымдар жинағын ұсынады, тұтынушы «қаныққан» тауарды сатып алуға тоқтам жасайды. Бұл стратегияның қиындығы, баға құрамына стандарттық жинақталым ретінде нені қосу керек, ал қосымша ретінде не ұсыну керек екендңгңнде.
«Лидер соңынан еру» стратегиясы. Олигополиялық нарықта жиі қолданылады. Бұл жағдайда нарықтағы үлесі ауқымды болып табылатын фирмалардың бірі жабдықтаушылармен жариялы емес түрде негізгі лидер болып табылады.
Мәртебелі баға стратегиясы өте жоғары бағамен сатылатын тауарларды және тауар маркасы мен тауар сапасына ерекше көңіл аударатын нарық сегменттерін қарастырады. Бұл стратегия фирма және оның тауарларының жоғарғы мәртебелілігі болған жағдайда және минималды бәсекелестік шартында мүмкін болады.
Шығындық көзқараспен байланысты тауарлар бағасының статегиясы. Тауарлардың өндірілуі шығындық көзқараста қарастырылады, егерде тауар бірлігінің өндірілу көлемінің өзгеруі басқаларының өндірісінің өзгеруімен қатар болса. Бұл негізгі өнім өндірісі үдерісіндегі жолай өндірілетін қосалқы тауарларға байланысты.
Сұраныс көзқарасымен байланысты тауарлар бағасының стратегиясы. Тауарлар өзарабайланысты болады, егерде олардың біреуінің бағасы екіншіге әсер етсе. Бұл бір тауар екінші тауарды алмастыратын дәрежеде болған шартта мүмкін болады.
Баға бекітудегі қызметтерді үйлестіру стратегиясы. Ол екі жағдайда пайда болады: баға бойынша шешімдерді қабылдаужәнен қатарлас баға саясатын жүргізу. Кейбір елдерде баға бойынша мәлімелерді жасасу заңмен тиым салынған, сондықтанда фирмалар екінші жағдайға ұмтылады.
Бағалық дискриминация стратегиясы. Фирма тауар мен қызметтерді оларды өндірудегі шығындарына қарамай әр түрлі бағамен сатады.
«Байланыстырылған бағақалыптастыру стратегиясы». Бұл стратегияны қолдану кезінде тауар бағасы мен оның шығындары тең болатындай соммадағы тұтыну бағасына бағдарланып бекітіледі.
«Өзгермейтін баға» стратегиясы. Фирма ұзақ мерзім бойында өзгермейтін бағаны сақтау мен бекітуге ұмтылады, өйткені өндіріс шығындары өзгеретін жағдайда фирма, баға саясатын қайта қарастыру орнына, тауар құрамы мен қорапталыну мөлшерін, сыртқы бейнесін өзгертуге тырысады.
Нольмен аяқталмаған немесе психологиялық баға стратегиясы – нольмен аяқталған соммаға қарсы бағаның қандайда бір төмендеуі. Тұтынушыларда фирма өз бағасын терең талдап, оларды минималды түрде орнатуға тырысады деген пікір қалыптасады.
Бағалық жолақ стратегиясы бір атаудағы тауардың әр бағасы сапаның белгілі бір деңгейін анықтайтын баға диапазонын айқындайды.
Өздік жұмысқа тапсырма
1 Бағақалыптастырудың теориялық негізі
2 Баға функциялары
3 Бағаның жіктелуі
4 Баға құрамы
5 Баға құрамындағы өзіндік құн
6 Баға құрамындағы пайда
7 Баға құрамындағы салықтар
8 Бағадағы үстемелер мен шегерімдер
9 Фирманың баға саясаты
10 Бағаны есептеу схемасы
11 Баға саясатының мақсаты
12 Бағақалыптастыру стратегиясының түсінігі
13 Бағақалыптастыру стратегиясының түрлері
14 Шығындық бағақалыптастыру
Глоссарий
Амортизация – бұл кәсіпорынның өзінің операциялық қызметіне пайдаланылатын негізгі капиталдың физикалық және моральдық тозуының компенсациясын қамтамасыз ететін мақсатта ақша қаражаттарының аударымы.
Анықтамалық бағалар – арнайы баспаларда (бағалық анықтамаларда, каталогтарда), газеттер мен журналдарда, ақпараттық бюллетеньдерде жарияланатын бағаларды білдіреді.
Баға - өткен мәмілелердегі ұқсас обьектілерді сатып алуға қанша жұмсалғанын көрсететін, жасалған факт.
Бағалау күні – бұл бағалау орындалатын кездегі сәт. Кәсіпорынның құндылығы уақыт бойынша өзгереді және бұл өзгерулер қысқа уақыт ішінде де маңызды болуы мүмкін.Осыған байланысты басынан бастап бағалаудың күнін белгілеп қою керек. Ол кәсіпорынның сату күні, тексеру күні, мүліктік кешенді бөлумен байланысты сот арқылы шешу күні және т.б. жағдайлар болуы мүмкін.
Бағалау қызметі – ғылымының негізінде, бағалау бойынша кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бірқатар қағидалары бар қызмет.
Бағалау мақсаты – кәсіпорының нарықтық құнын есеп айырысумен негіздеу. Кәсіпорындарды бағалау белгілі бір нақты міндеттің орындалуына бағынады. Бағалаушы, жасалып жатқан бағалаудың міндетін білгеннен кецін ғана керекті әдістемені дұрыс таңдай алады.
Бағалау функциясы – бұл оны қолдану аясы болып табылады. Бағалау кәсіпорынның құнын анықтауда сатушы мен сатып алушыға көмектеседі. Бағалаудың басқа қызметі кәсіпорынның құнын, оны несиелеу немесе сақтандыру үшін анықтауды білдіреді.
Баланстық құн – кәсіпорынның балансында белгіленген, құрылысқа кеткен шығындар немесе оның өзіндік негізгі қаражаттарына элемент алу.
Бастапқы құн – белгілі кәсіпорын обьектілерінің эксплуатацияға енгізілген кезіндегі есептік құжаттарда тіркелген баға. Эксплуатацияға берілген мүлік обьектісі бастапқы құн бойынша, не оларды модернизациялау мен реконструкциялаудан кейін немесе қорды ресми қайта бағалау белгіленген уақыттан есептейді.
Бәсеке қағидасы – Жал шарты немесе мүлікті сатып алу не сату мәмілелерін жасайтын жалгер мен жал берушілер, сатушылар мен сатып алушылар арасында, жылжымайтын мүлік нарықтарында бәсеке пайда болады. Әрбір обьекті бәсекеде болады. Бәсекенің болмауы монополиялық жағдайды туғызады.
Бизнес – бұл заңды, жеке тұлғалардың нақты қызметі.
Биржалық бағалар – арнайы ұйымдастырылған шикізаттық, ауыл шаруашылық, тауарлық және тағы да басқа биржалық деп аталатын сапалы бір түрлі тауарлар нарығына әрекет етуші бағаларды білдіреді.
Бренд – бұл фирмалық атау немесе тауарлық белгі, олар өз иелері жүргізген жарнамалық компаниялар арқасында кең танымалдыққа ие болады.
Деректерді жинау мен талдау – бағалаудың берілген кезеңін бірқатар қадамдарға бөлуге болады: жалпы деректерді жинау мен жүйелендіру, арнайы деректерді жинау мен талдау, ең жақсы және ең тиімді қолдануды талдау.
Импорттық бағалар (сыртқы сауда немесе келісілген) бағалар - әлемдік бағаларды және өнімді, оларды есептеу құқығы заңды түрде орнатылған, жеткізуші фирмалармен келісу нәтижесінде қалыптасады.
Инвестициялық құн – егер оны белгілі бір инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық салым ретінде қарастырсақ, онда оны мүліктік кешеннің құны деп айтуға болады.
Капитал құны - өздерін ақтау үшін салынған жаңа капиталды салымдар алып келетін табыс. Капитал құны – капитал сомасынан пайыздық ставка түрінде анықталады. Инвестор болып несие беруші, кәсіпорын акционері немесе кәсіпорынның өзі бола алады. Капитал құны – бұл альтрнативті құн, яғни капиталды салудан инвесторлардың күтетін табысы.
Құн – алушының (инвестор) бағаланатын меншікті алуға жұмсайтын төлемнің мөлшері.
Мобилизация – айналым қаражаттарының бір бөлігі негізгі қызметтен алынып, толық құрылысты қаржыландыруға жіберіледі.
Пайдалылық – адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тауарлар мен меншік обьектілерінің қабілетін пайдалылық деп атайды.
Реверсия – ақша ағымының тікелей капитализациясы арқылы есептеледі. Капитализация коэффициенті кәсіпорындар нарықтарының жағдайына қарап таңдалады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Цены и ценообразование: Учебник для вузов / Под ред. И.К. Салимжанова. – М., 2001. – 333 с. 2. Чудаков А.Д. Цены и ценообразование: Учебник для вузов. – М., 2003.–376 с.
3. Шуляк П.Н. Ценообразование: Учебно-практическое пособие. – 4-е изд. перераб. и доп. — М., 2001. – 216 с.
4. Уткин Э.А. Цены. Ценообразование. Ценовая политика. – М., 2000. – 224 с.
5. Цены и ценообразование / Под ред. В.Е. Есипова. – СПб.: Питер, 2001.– 464с.
Қосымша әдебиеттер:
6. Слепнева Т.А., Яркин Е.В. Цены и ценообразование: Учебное пособие. – М., 2001. – 90 с.
7. Слепнева Т.А., Яркин Е.В. Цены и ценообразование: Учебное пособие. – М.: 8. Нэгл Т.Т., Холден Р.К. Стратегия и тактика ценообразования. – СПб.: Питер, 2001. – 544 с.
9. Тарасевич В.М. Ценовая политика предприятия. – СПб.: Питер, 2001. – 272 с.
10. Томас Т. Нэгл , Рид К. Холден. Стратегия и тактика ценообразования. – СПб.: Питер, 2001. – 382 с.
11. Ценообразование. Учебное пособие / Под ред. проф. В.А. Слепова. – М., 2000. – 152 с
12. Селезнева Н.Н., Ионова А.Ф. Управление финансами. Задачи, ситуации, тесты, схемы: Учеб. пособие для вузов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. – 176 с.
13. Цены и ценообразование в рыночной экономике. Ч. 2. Учебник / Под ред. В.Е. Есипова. – СПб., 1994. – 468 с.
14. Цены и ценообразование: Учебник для вузов. – 3-е изд. / Под ред. В.Е. Есипова. – СПб.: Питер, 2000. – 464 с.
15. Баранов А.И., Беленов О.Н., Смирова Ю.В. Разработка ценовой политики предприятия. – М., 1997. – 89 с.
16. Вопросы ценообразования: Учебно-методическое пособие / Сост. Т.Н. Николаева. – М., 1995. – 160 с.
17. Голощапов Н.А. Организация ценообразования на предприятии: Учебно-практическое пособие. – М., 2000. – 360 с.
18. Есипов В.Е., Маховикова Г.А. Ценообразование на мировом рынке: Учебное пособие. – Л.: Изд-во ЛФЭИ, 1991. – 230 с.
19. Желтякова И.А., Маховикова Г.А., Пузыня Н.Ю. Цены и ценообразование: Краткий курс (учебное пособие). – СПб.: Питер, 1999. – 112 с.
20. Желтякова И.А., Маховикова Г.А., Пузыня Н.Ю. Цены и ценообразование: Тесты и задачи: Учебное пособие. – СПб.: Питер, 1999. – 208 с.
21. Котлер Ф. Основы маркетинга. – М.: Прогресс, 1993.–560 с.
22. Уткин Э.А. Цены. Ценообразование. Ценовая политика. – М., 1997. – 300 с.
23. Цацулин А.Н. Цены и ценообразование в системе маркетинга: Учебное пособие. 2-е изд. – М., 1998. – 448 с.
24. Экономика предприятия: Учебник для вузов / Под ред. В.П. Грузинова. – М., 1999.
25. Яковлев Н.Я. Цены и ценообразование. – М., 2001. – 70 с.
Реферат тақырыптары
1 Бағақалыптастырудың теориялық негізі
2 Баға функциялары
3 Бағаның жіктелуі
4 Баға құрамы
5 Баға құрамындағы өзіндік құн
6 Баға құрамындағы пайда
7 Баға құрамындағы салықтар
8 Бағадағы үстемелер мен шегерімдер
9 Фирманың баға саясаты
10 Бағаны есептеу схемасы
11 Баға саясатының мақсаты
12 Бағақалыптастыру стратегиясының түсінігі
13 Бағақалыптастыру стратегиясының түрлері
14 Шығындық бағақалыптастыру
15 Толық шығындық әдіс
16 Тура шығындық әдіс
17 Шекті шығындық әдіс
18 Залалсыздықты талдау негізіндегі әдіс
19 Инвестиция рентабельділігінің әдісі
20 Нарықтық бағақалыптастыру
21 Тұтынушылар бағақалыптастыру факторы ретінде
22 Тұтынушыларға бағдарланған бағақалыптастыру
23 Бағаның қалыптасу үдерісіне бәсекенің ықпалы
24 Бәсекеге бағдарланған бағақалыптастыру
25 Фирманың баға саясатына мемлекеттің ықпалы
26 Бағаны мемлекеттік реттеудің формалары
27 Қазақстан Республикасындағы баға саясаты
28 Табиғи монополиялар мен ақылы қызметке қойылатынбағаларды аймақтық реттеу
29 Табиғи монополиялардың қызметтеріне, жұмыстарына жәнетауарларына бағаны (тарифтерді) енгізіп, бекітудің реттілігі
30 Трансферттік бағақалыптастыруды мемлекеттік бақылау
31 Бағаны реттеудің шет елдік тәжірибесі
32 Өзара шарт жасасу кезіндегі бағақалыптастыру
33 Өзара шарттық бағалар
34 Франколау немесе жабдықтаудың базистік шарты
35 Сыртқы саудалық бағаларды есептеу
36 Тауарлар және қызмет көрсету нарығындағы бағақалыптастыру
37 Өндірістік-техникалық тағайындалу өнімдеріне бағаның қалыптасу ерекшеліктері
38 Құрылыс саласындағы бағақалыптастыру
39 Қызмет көрсету аясындағы бағақалыптастыру
40 Көліктік саладағы бағақалыптастыру
41 Ғылыми-техникалық өнімдерге баға бекіту
Емтиханға арналған сұрақтар
1 Бағақалыптастырудың теориялық негізі
2 Баға функциялары
3 Бағаның жіктелуі
4 Баға құрамы
5 Баға құрамындағы өзіндік құн
6 Баға құрамындағы пайда
7 Баға құрамындағы салықтар
8 Бағадағы үстемелер мен шегерімдер
9 Фирманың баға саясаты
10 Бағаны есептеу схемасы
11 Баға саясатының мақсаты
12 Бағақалыптастыру стратегиясының түсінігі
13 Бағақалыптастыру стратегиясының түрлері
14 Шығындық бағақалыптастыру
15 Толық шығындық әдіс
16 Тура шығындық әдіс
17 Шекті шығындық әдіс
18 Залалсыздықты талдау негізіндегі әдіс
19 Инвестиция рентабельділігінің әдісі
20 Нарықтық бағақалыптастыру
21 Тұтынушылар бағақалыптастыру факторы ретінде
22 Тұтынушыларға бағдарланған бағақалыптастыру
23 Бағаның қалыптасу үдерісіне бәсекенің ықпалы
24 Бәсекеге бағдарланған бағақалыптастыру
25 Фирманың баға саясатына мемлекеттің ықпалы
26 Бағаны мемлекеттік реттеудің формалары
27 Қазақстан Республикасындағы баға саясаты
28 Табиғи монополиялар мен ақылы қызметке қойылатын бағаларды аймақтық реттеу
29 Табиғи монополиялардың қызметтеріне, жұмыстарына және тауарларына бағаны (тарифтерді) енгізіп, бекітудің реттілігі
30 Трансферттік бағақалыптастыруды мемлекеттік бақылау
31 Бағаны реттеудің шет елдік тәжірибесі
32 Өзара шарт жасасу кезіндегі бағақалыптастыру
33 Өзара шарттық бағалар
34 Франколау немесе жабдықтаудың базистік шарты
35 Сыртқы саудалық бағаларды есептеу
36 Тауарлар және қызмет көрсету нарығындағы бағақалыптастыру
37 Өндірістік-техникалық тағайындалу өнімдеріне бағаның қалыптасу ерекшеліктері
38 Құрылыс саласындағы бағақалыптастыру
39 Қызмет көрсету аясындағы бағақалыптастыру
40 Көліктік саладағы бағақалыптастыру
41 Ғылыми-техникалық өнімдерге баға бекіту