Биотехнология

ГЕНЕТИКАЛЫҚ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ОРГАНИЗМДЕР (ГМО) ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

ГМО- бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады.Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян геннін  қосу нәтижесінде  біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе,  күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған  солтүстік камбаласының генін пайдаланған.Енді ол аязға төзімді ,үсімейді.Бұл бізге  не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдың алудың жолы осы деп шешті ме? Айтып өткен картоп өнімі  колорад қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстік аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге,  бір пішінді  бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді  қосуға болады. Сонымен,  ғалымдар  дақылдардың  өнімділігін арттыру үшін  олар зиянкестерге төзімді болу үшін  аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда.

Читать полностью »

СҮТТІҢ ҚОРЕКТІК САПАСЫ ЖӘНЕ СҮТТЕГІ МИКРООРГАНИЗМДЕР

Ұлы орыс физиологы И.П. Павловтың айтуынша – сүт табиғаттың өзі дайындаған таңғажайып тағамы.

Сүт тағамдарын дайындау қазір өндірістік жағдайда игерілді. Бүгiнгi таңда елiмiзде 200-ден астам сүт өңдеу кәсiпорындары бар.

Орыстың дәрігер ғылымы Н.И. Лунин витаминдерді анықтаудағы  тәжірибесінде дәлелдегеніндей, табиғи сүт құрамында адам мен жануарлар ағзасына қажетті барлық заттар бар, яғни 20-дан астам амин қышқылдары, 20-дан астам май қышқылдары, 50-ден аса макроэлементтер және микроэлементтер, 16-ға тарта витамин, қанттың 3 түрі, түрлі ферменттер, сондай-ақ тотығу, орын басу, зат алмасу процестерінің қалыпты жүруін, сүттің бактерицидтік касиеттерін камтамасыз ететін гормондар мен иммунды денелер көптеп кездеседі. 

Читать полностью »

БИОГАЗ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ

Биотехнология — (био…bios-тіршілік+thechne, (грекше) —  өнер, шеберлік және logos — ғылым) — тірі ағзалар (организмдер) мен биологиялық әрекеттеді өндірісте пайдалану.

Биотехнология терминін алғаш рет 1917 жылы венгер  инженері Карл Эреки енгізді. Карл Эрекидің пікірінше, «биотехнология — бұл тірі организмдер көмегімен белгілі бір өнімдерді өндіру жөніндегі барлық бағыттардағы жұмыстар» болып табылады.

Қазіргі кезде бұл терминге  төмендегідей анықтама береді: Биотехнология — биологиялық процестер мен объектілерді пайдалануға негізделген экономикалық жағынан тиімді, маңызды заттарды өндіру  мен жоғарғы өнімді микроорганизмдердің штаммдарын алу, өсімдіктердің сорттары мен формаларын, жануарлардың асыл тұқымын шығарумен айналысатын ғылым мен өндірістің жаңа бағыты.

Читать полностью »

ҚОЙ МЕН ТАУЫҚТЫҢ КСАНТИНОКСИДАЗА ФЕРМЕНТІНІҢ НИТРАТТЫ НИТРИТКЕ АЙНАЛДЫРА АЛАТЫН ҚАБІЛЕТІ

Бұрында сиырдың сүтінен өте таза күйінде бөлініп алынған ксантиноксидаза ферменті өте белсенді түрде нитратты (NO3-) нитритке (NO2-) айналдыратыны бірінші рет анықталған болатын (Аликулов и др., 1980). Өсімдіктер мен микрооргнанизмдерде нитратты азоттың көзі ретінде сіңіргенде тек нитратредуктаза деген ерекше фермент ол да құрамында молибдені бар фермент нитратты нитритке айналдырады және нитрит одан ары аммонийге айналып, организм денесінде синтезделетін белоктар, нуклеин қышқылдары және т.б. маңызды қосылыстардың құрамына кіріп кетеді. Ал, жануарларда ондай фермент жоқ, себебі — жануарлар нитратпен қоректене алмайды. Жануарлардағы ксантиноксидазаның нитратты нитритке айналдыратыны қабілеті кейінірек қоршаған ортаның нитратпен ластануының зияндығына жаңа көзқарас алып келді.

Читать полностью »

ЖАСУШАЛЫ СЕЛЕКЦИЯДА БИДАЙДЫҢ КАЛЛУСТЫ ҰЛПАЛАРЫНДАҒЫ ПЕРОКСИДАЗА ФЕРМЕНТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Қазақстан Республикасы әлемдегі жоғары, сапалы бидайды шығаруына байланысты ең ірі мемлекеттің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының негізгі және стратегиялық  маңызды бұтағы өсімдік шаруашылығы болып табылады. Солтүстік Қазақстанда бидайды 11,04 млн.га егеді, оның егу ауданы 62% -ға жетеді.

Қазіргі кезде жасушалық селекцияда биотехнологиялық әдістермен сонымен қатар селекциялық жұмыстармен өсімдіктердің иммунитетін индукциялауға қоздырғыштардың белгілі бір түрлерін кең қолданды. Бүгінгі күні  жасушалық селекция бағытында бағалы бастапқы түрлерді сұрыптау жолдарымен селективті факторларды қолданылады.

Читать полностью »

ҚОШҚЫЛ ЭХИНАЦЕЯ ӨСІМДІГІНІҢ КАЛЛУСТЫҚ КУЛЬТУРАСЫ БИОМАССАСЫНЫҢ ӨСУІНЕ ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ РЕЖИМНІҢ ӘСЕРІ

Өсімдіктер жасушалары мен ұлпаларының культурасы негізінде экономикалық тиімді биологиялық белсенді заттардың өндірістік жағдайда алынуы өнімділіктің төмендеу болуымен шектеледі. Екінші реттік метаболиттер синтезі in vitro жүйесінде бірқатар факторлармен бақыланады, олардың бірі – температура. Жасушалық культуралардың өсуі мен биосинтезіне температура әсері  жайлы мәліметтер сәйкес келмейді. Температураның өзгеруі өндірілетін қосылыстардың сандық қана емес, сапалық құрамын өзгерте алады.

Жұмыстың мақсаты. Гидрооксикорий қышқылы мен  оның туындылары, флавоноидтар, суда еритін полисахаридтер және  т.б. биологиялық активті заттардың продуценті қошқыл эхинацея өсімдігінің каллустық культурасы биомассанының температуралық режимнің өзгеруіне тәуелділігін зерттеу.

Читать полностью »

ҰЛПАНЫҢ ІN VITRO МӘДЕНИЕТІН БҰРШАҚТЫҢ СЕЛЕКЦИЯСЫНДА ҚОЛДАНУ

Өсімдіктердің іn vitro жасуша және ұлпа мәдениеті қазіргі уақытта қарқынды дамып, ауыл шаруашылығы ғылымы мен тәжірибесі қолданысында кең орын алуда.

Қазіргі уақытта бұл әдістерді селекциялық — генетикалық зерттеулерде қолдану өнімділіктің жоғарылауымен және кейбір ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын арттырумен байланысты бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Әсіресе бұл әдеттегі селекция мен генетика әдістері мүмкін емес немесе қандай да бір қиыншылықтар кездесетін саласының мәселелеріне қатысты (1).

Читать полностью »

3 страниц123



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы