Биотехнология

ДЕМІКПЕМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫҢ ИММУНОГРАММАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Демікпе (Бронхиалдық астма) ғаламдық проблема болғандықтан, көп ғасырлар бойы зерттеушілердің назарын өзіне аударады [1].

Демікпе кең таралған аурулардың бірі болып табылады. Ол қалай бала кезінде және солай өмірдің кез-келген мерзімінде пайда бола алады. Оның даму жайындағы ғылыми болжамдарды оптимистік деп санауға болмайды[2]. Әлемдегі демікпемен ауыратын науқастардың саны 1998 жылы 155 млн. адамға бағаланды [3]. Ал Қазақстандағы демікпемен ауыратын адамның саны 1999-2007 ж. ж. (100 мың адамға) 60 мың адамға тең болды.

GINA (2007) бойынша демікпенің анықтамасы:  “ Демікпе – бронхылардың кері обструкциясының болуы, бронхылардың шырышты қабықшасындағы қабыну процесінің болуы, бронх жолдарының жоғары сезімталдығының болуы сияқты белгілер тән, тыныс алу жолдарының созылмалы қабыну ауруы .”

Читать полностью »

ВИТИЛИГО АУРУЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТАРАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 Меланоциттер ақуыз синтездеуші және меланин грануласын сақтаушы, жақсы дамыған органеллалары бар өсімші клетка. Клеткада тирозин аминоқышқылынан меланин түзілетін ДОФА- оксидаза мен  тирозоназа ферменттері бар.

Меланин синтезі меланоциттің ерекше, күрделі құрылысты органелласы- меланосомаларда түзіледі. Олар қалың қабықпен қапталған және ұзына бойы орналасқан жіпшелерден немесе концентрациялық пластинкалардан тұратын жоғары ұйымдастырылған ішкі структураға ие. Меланосомдар сфера тәрізді немесе элипсоид тәрізді болуы мүмкін және де үлкендігі 0,5-1 ммк дейін жетеді. Өзінің дамуында меланосомдар 4 сатыдан өтеді және пигменттік клетканың периифериясына қозғала отырып, структурасы ерекшеленгенге дейін жоғарлаушы электронно- оптикалық тығыздыққа ие болады. Осындай түрде олар кератиноцитке беріледі(өзге де мүшелердің секрециясына ұқсас, бірақ қазіргі уақытта меланиннің берілуін фагоцитарлық процесс ретінде қарастырады).

Читать полностью »

ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ АУМАҒЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ

    20 ғасырдың соңғы онжылдықтарында көпшілік туризмінің экологиялық туризм бағыты қарқынды даму үстінде. Ресей ғалымы А. В. Дроздов экологиялық туризмді табиғатқа бағытталған топқа жатқызып, оны 2-ге бөледі: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық туризм; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс экологиялық туризм.

Экологиялық туризм Қазақстан үшін жаңа әрі жан-жақты бағыт болып табылады. Ерекше қорғалатын аумақтарға қойылатын талаптар мен әлемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары мен Үкіметтің нормативтік құжаттары  ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, оның ішінде жоғары категориялы қорықтық режиммен де туристік және рекреациялық мақсатта қолдануға рұқсат береді. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңның 39  бап, 5 тармағында мемлекеттік табиғи қорықтың негізгі қызметінің бірі – мемлекеттік табиғи қорық және оның қорықтық зонасын экологиялық-ағарту, ғылыми және шектеулі түрде туристік мақсатқа пайдалануды реттеу болып табылады.

Читать полностью »

КАСПИЙ –БОЛАШАҚ. БОЛАШАҚ -ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Каспий теңізі – ішкі континентте орналасқан әлемдегі ең үлкен су қоймасы , ол ешқандай әлемдік мұхиттармен жалғаспаған. Көлемі398000 км. Ол Еуразияның ішкі жағында орналасқан, табиғаттың керемет жаратылысы болып табылады.Каспий теңізі өте сезімтал экожүйе болып табылады. Соңғы он жылдықтағы антропогенді және биохимиялық факторлардың әсерінен экожүйенің жалпы жағдайы, әсіресе теңіздің солтүстік шығыс бөлігіндегі жағдай нашарлап кетті.Жалпы, Каспий теңізі экожүйесінің жағдайы дағдарыс алды деп бағаланады, және де солтүстік-шығыс бөлікте мұнай алуға кіші су қоймаларын жоспарлары бойынша жасаса, оның табиғи ортасын ірі масштабта нашарлатуы мүмкін.Каспийдің жоғары деңгейде ластануының көптеген  себептері баршылық.

Читать полностью »

МҮКТЕР МЕН ҚЫНАЛАРДЫҢ РАДИОАКТИВТІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Ядролық зарядтарды сынау кезінде, атомдық электростанциялардағы апаттар кезінде радиоактивті изотоптар жоғары биіктікке көтеріліп, содан соң баяу Жердің бетіне түседі. Түсу жылдамдығын жер қыртысындағы изотоптардың  мөлшерімен бағалауға болмайды, себебі ядролық қаруды сынау барысында радиоактивті изотоптардың мөлшері ұлғайды.

 Радиоактивті изотоптардың ауадан түсудің индикаторлары мүктер мен қыналар бола алады. Мүктер мен қыналардың қоректену ерекшелігі — олардың қоректік заттарды атмосферадан ылғалмен бірге алатыны. Сол кезде топырақ аса үлкен рөл атқармайды. Сондықтан топырақтан құнарлы заттарды алатын өсімдіктерге қарағанда мүктер мен қыналар атмосфераның ластану индикаторлары бола алады. Сонымен қатар топырақтың сіңіру қабілеті тым жоғары және радиоактивті 137Cs изотопын аз береді.

Читать полностью »

3 страниц123



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы