Биотехнология

МҰНАЙМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ МИКРОАҒЗАЛАР КӨМЕГІМЕН ТАЗАРТУ

Қазақстан дүние жүзі бойынша мұнай державасы болып саналатын елдердің қатарынды. Мұнай қоры бойынша дүние жүзінде 13-ші орынды иеленсе, ал мұнай шикізатын өндіру көлемі бойынша 18-ші орынды алады. Европа және Азия елдері ішінде Қазақстан Ресей, Ұлыбритания, Норвегиядан кейінгі төртінші орында тұр.  Территориямыздың 1 млн 700 мың шаршы шақырымын мұнай және газ қоры алып жатыр. Қазіргі таңда  208-ден астам мұнай газ кен орындары ашылған. Басым көпшілігі Батыс Қазақстан облысы аумағында шоғырланған [1].

Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдау жердің топырақ қабатының құнарлығына кері әсерін тигізеді. Құнарлы топырақ мол өнім екені белгілі. Сонымен бірге біздің планетамызда топырақ маңызды басқа да роль атқарады. Жердің топырақ жамылғысында  және оның гумустық қабатында тірі организмдердің және олардың биогенді энергиясының негізгі бөлігі  орналасқан. Осыдан «топырақ-организмдер»  экологиялық жүйесі биосфераның қалыптасуының, тұрақтылығының және өнімділігінің  бас механизмінің бірі болып табылады.

Читать полностью »

ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

   Қант қызылшасы біздің еліміздің егістігіндегі ең маңызды техникалық дақылдардың бірі. Әйтсе де, қазіргі кездегі алып қант өндірісі тамыржемістің қантсыздығынан және түсімнің төмендеуінен туындайтын дағдарыстан қасірет шегіп отыр. Басқа да егістік дақылдары атап айтқанда бидай, картоп секілді, қант қызылшасын егудің де тиімді екенін әлемдік тәжірибе көрсетеді. Мысалы, 1990 жылы Германия астық дақылдарының 56,6%-ін айдалған жерден алды, ол ел табысының 9,5%-ін құрады. Сол уақыттарда қант қызылшасының 5,3%-ы айдалған жерден алынды және ол ел табысының 4,3% үлесін құрады.

Қант өндірісін көтеру – өте күрделі технологиялық процесс, ол егілген қант қызылшасы сұрыптарының өнімділігіне және төзімділігіне, алынған шикізаттың сапалы өндірісіне байланысты.

Читать полностью »

ЖАҢА БИОРЕТТЕГІШ БИДАЙ ФУЗИКОКЦИНІНІҢ ӘСЕР ЕТУ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Қазақстанда күннен-күнге экологиялық жағдай күрделеніп бара жатыр. Оның негізгі себебі антропогендік әсерлердің көбеюі. Мысалы: Арал аймағының құрғақтануы, сонымен қатар өзендер мен суларды сапасыз пайдалануы, Қазақстан жерінде шөлейттену мен тұздану процестерінің өтуі. Сол себептен Қазақстандағы экологиялық жағдайларды жұмсарту және өңдеу үшін, экологиялық проблемалардың алдын-алу мақсатының ең өзекті мәселесінің біреуі — Қазақстанның территориясын көгалдандыру және ормандатуды қарастыру керек. Бұл мәселені шешу үшін ең алғаш рет президентіміз Н.Ә. Назарбаев ұсыныс жасап «Жасыл – ел» бағдарламасын жариялады. «Жасыл – ел» бағдарламасын нақты және уақытында орындау үшін және түрлі ағаш өсімдіктерді көбейту үшін  жаңа технологияларды енгізу қажеттігі сөзсіз. Көпжылдық өсімдіктерді ұрықпен  көбейтуге қарағанда вегетативті жолмен көбейтудің көп тиімділігі бар.

Читать полностью »

РНҚ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРДЕГІ ВИРУСТАРМЕН СУПРЕССИЯЛАНУЫНЫҢ БИОХИМИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ

Эукариоттарда ген экспрессиясының регуляциясында маңызды биологиялық рөлді РНК интерференция молекулалық үрдісі атқарады (RNA interference (RNAi)). RNAi бұрыннан өсімдіктерде геннің пост транскрипциондық тыныштығы (post-transcriptional gene silencing(PTGS)) деген атпен белгілі және ол тірі ағзалардағы ген экспрессиясының реттелуінде негізгі рөлді ойнайтын молекулалық механизм болып табылады. RNAi жоғары өсімдіктерде табиғи молекулалық тұрақтылық негізі. Сонымен қатар ол вирусты таңдаулы түрде анықтап, оның кезекті деградацияға ұшырауын қамтамасыз етеді.

RNAi-дың бастапқы механизмі, ұзын қос тізбекті РНК молекуласының (dsRNA) синтезі  болып табылады (1). Келесі RNAi-дың функционалды қадамы Dicer (Dicer-like DCL) -(РНКаза III тобының мүшелері)  ферментінің әсері. Ол өз кезегінде  өзіне қысқа РНК молекуласын интерференциялайтын (short interfering RNAs(siRNAs)) және микро РНҚ-ның (microRNAs) 3′ жабысқақ ұшы 20-30 нуклеотидтің) әрекетін катализдейді (2).

Читать полностью »

БРОНХТЫ ДЕМІКПЕМЕН НАУҚАСТАРДЫҢ ИММУНОКОМПЕТЕНТТІ ЖАСУШАЛАР АПОПТОЗЫНЫҢ САРЫСУЛЫҚ МАРКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

Ағзаның сыртқы орта жағдайларына реакциялық жауабы жеке генетикалық ерекшеліктерге байланысты екендігі белгілі. Әр түрлі генотиптердің эндогенді және экзогенді факторлармен әсерлесуіне байланысты жеке сезімталдық және бронхты демікпенің дамуы байланысты.

Адам генетикасының жаңа бағыттарының бірі — сыртқы орта әсеріне жауап беретін реакциялардың қалыптасуына жауап беретін гендердің тізбегіндегі түрлерін анықтау  болып табылады. Мұндай гендерге ксенобиотиктер детоксикациясының, ДНК репарациясының және апоптоздың  бақылау гендері жатады.

Читать полностью »

ЕСІЛ ӨЗЕНІНДЕГІ МӨҢКЕ БАЛЫҚ ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ПОЛИМОРФИЗМІ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

   Есіл өзені балықшаруашылығының болашағы зор өзендердің бірі. Онда балықтардың 20 шақты түрі тіршілік етеді. Соның ішінде қарапайым немесе алтын мөңке балық (Carassius carassius) және күміс мөңке  балық (Carassius autarus gibelio) сияқты балық түрлері бар. Айта кетерлігі, күміс мөңке балықтың саны алтын мөңке балықтан әлдеқайда көп немесе басымырақ.

   Күміс мөңке балықтың алтын мөңке балықтан бірқатар ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, денесінің ұзындығы алтын мөңке балықтан гөрі қысқа, түсі күмістей, алтын түстілері де аз кездеспейді.  Құрсағының түсі қаралау, арқасы құрсағынан қарағанда әлдеқайда қап — қара; жүзбеқанаттары сары түсті. Күміс мөңке балықтың денесі алтын мөңке балықтан қысқа болғанымен, ол анағұрлым тезірек өседі. Ең ірі дараларының ұзындығы 40 см-ге, салмағы 4 кг-ға дейін барады.

Читать полностью »

АНТИГЕН БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН ЛИМФОЦИТТЕРДІ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

Қазіргі таңда әртүрлі аурулар диагностикасында иммунологиялық әдістерді кеңінен қолданады [1, 2]. Соңғы жылдары бұл мақсатта перифириялық қанда антиген байланыстыратын лимфоциттерді (АБЛ) қолдану мүмкіндігі туралы мәліметтер пайда болды. АБЛ, көптеген авторлардың пікірінше, жасуша мембранасында орналасқан арнайы рецепторлармен антигенді байланыстыру қабілеті бойынша бір топқа біріктірілген лимфоциттердің гетерогенді популяциясын көрсетеді [3].

АБЛ анықтауды бактериялық (дифтерия, бруцеллез, туберкулез, сифилис, ірің-қабыну және сепсистік аурулар, т.б.) және вирустық (кене энцефалиті) инфекциялары, сондай-ақ, деструкциялық-қабыну үрдістерінің (гломерулонефрит, пиелонефрит, тонзиллит, гепатит, панкреатит, т.б.) диагностикасында сәтті қолданылады [4].

Читать полностью »

3 страниц123



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы