БРОНХТЫ ДЕМІКПЕМЕН НАУҚАСТАРДЫҢ ИММУНОКОМПЕТЕНТТІ ЖАСУШАЛАР АПОПТОЗЫНЫҢ САРЫСУЛЫҚ МАРКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ


Скачать/Жүктеу

Ағзаның сыртқы орта жағдайларына реакциялық жауабы жеке генетикалық ерекшеліктерге байланысты екендігі белгілі. Әр түрлі генотиптердің эндогенді және экзогенді факторлармен әсерлесуіне байланысты жеке сезімталдық және бронхты демікпенің дамуы байланысты.

Адам генетикасының жаңа бағыттарының бірі — сыртқы орта әсеріне жауап беретін реакциялардың қалыптасуына жауап беретін гендердің тізбегіндегі түрлерін анықтау  болып табылады. Мұндай гендерге ксенобиотиктер детоксикациясының, ДНК репарациясының және апоптоздың  бақылау гендері жатады.

Жасушалардың бағдарламаланған өлімінің молекулалық механизмдерін зерттеу биологиялық ғылымның қазіргі кездегі ең күрделі және маңызды  мәселесі болып табылады. Бұл мәселенің өзектілігі көптеген аурулардың жасушаның бағдарламаланған өлімінің реттелуінің бұзылуымен байланысты болуымен анықталады. Нақты аурулармен қатар жүретін жасушаның бағдарламаланған өлімінің реттеудің бұзылуының нақты механизмдерін анықтау берілген аурудың патогенезін және этиологиясын анықтауға көмектеседі. Соның салдары ретінде – жасушаның бағдарламаланған өлімінің реттелуінің бұзылуын түзету мүмкіндігі болып табылады [1-3].

Бронхты демікпе кезінде иммунокомпетентті жасушалар апоптозының бұзылуы қабыну ошағындағы сыртқы модулятор гендерінің (ИЛ-5) және bcl-2, bcl-xl, bcl-w, bak (агонистер) сияқты апоптоздың жасушаішілік эффекторлар белсенділігінің артуымен байланысты. Жасушадағы пролиферациялық және апоптоздық белсенділіктің негізгі реттеушісі p53 генінің өнімі болып табылады. Бұл транскрипциялық факторға жатады және проапоптоздық гендерді белсендіреді, сондай-ақ, антиапоптоздық эффекторлардың белсенділігін басып-жаншуға қабілетті [4].

Жұмыстың мақсаты. Бронхты демікпе кезінде иммунокомпетентті жасушалар (p53, bcl-2) апоптозының сарысулық маркерлерінің құрамын анықтау.

            Материалдар және әдістемелік құралдар.

Біздің зерттеуімізде 30 адам тексерілді. 10 науқаста демікпенің жеңіл түрі, тағы 10 науқаста аурудың орташа формасы, және қалған 10 адамда бронхты демікпенің ауыр түрі деген диагноз қойылды.

Нәтижелер сау және жасы 18-ден 45-ке дейінгі 10 адамнан тұратын бақылау тобымен салыстырылды.

Науқастарға жалпы клиникалық, иммунологиялық тексеру, сондай-ақ, апоптоздың қансарысулық маркерлеріне зерттеу жүргізілді.

Қан сарысуындағы Bcl-2, P53 концентрациялары иммуноферменттік жинақ (BMS244/2 Bcl-2, Bender MedSystems Bcl-2 үшін; BMS256 P53, Bender MedSystems P53 үшін) көмегімен өлшенді. Bcl-2 үшін жинақтың құрамына  ұяшықтарда Bcl-2, Р53-ке сорбцияланған арнайы антиденелері бар сәйкесінше микропланшеттер кіреді. Антиденелермен жабылған ұяшықтарды 300µl Wash Buffer екі рет шаяды. Әрбір ұяшыққа 50 µl-ден коньгатты, белгіленген FITS (Bcl-2 үшін), биотин (Р53 үшін) енгізді. Содан кейін, 50 µl ұяшықтарға үлгілерді  Sampl Dileunt  қосылған 1:10 (Bcl-2 үшін), 1:2 (P53 үшін) қатынасында енгізген. Екі сағаттық инкубациядан кейін байланыспаған коньгатты шайып жойған, ұяшықтарға 100 µl-дей құрамында пероксидазамен (Bcl-2 үшін), стрептавидинмен (P53 үшін) белгіленген екіншілік антиденелері бар коньгаттарды енгізді. Байланыспаған коньгатты 30 минуттық инкубациядан кейін шайып жойған. Содан кейін, субстраттық комплекске 100 µl TMB Substrate Solution қосқан. Ол субстратты комплекспен өзара әрекеттесіп боялған ерітінді түзеді. Ферменттік реакция 100 µl Stop Solution қосқан кезде аяқталды. Анықталатын ақуыз концентрациясын көрсететін бояудың қарқындылығын толқын ұзындығы 450 нм кезінде Microplanshet  Reader (BiolabSystem) көмегімен өлшеді. Bcl-2, Р53 концентрациясын дайын ақуыздық препараттар негізінде құрылған стандартты қисық бойынша анықтады.

Зерттеудің алынған нәтижелерінің статистикалық өңдеуін t Стьюдент критериін пайдалану арқылы жасады. Топтарды зерттеу кезіндегі айырмашылықтың дұрыстығын p<0,05-0,01-0,001 санады.

            Нәтижелер мен нәтижені талқылау

Сау адамдардың қансарысуындағы р53 ақуызының құрамы  жоғары болып шықты, бірақ антиапоптоздық әсері бар ген ақуызының  (bcl-2) деңгейі өте төмен болып шықты.

Керісінше, бронхты демікпемен ауыратын науқастардың қансарысуында bcl-2 ақуызының мөлшері жоғары екендігі, ал р53 концентрациясы төмен екендігі анықталды (1 кесте).

    1 кесте. Бронхты демікпемен ауыратын науқастардағы апоптоздың  қансарысулық маркерлерінің мөлшері

 

     Зерттелген науқастардың тобы     Р53 (U/ml) p    Bcl-2 (U/ml) p
     Жеңіл формадағы демікпе, (n=10) 2,3   1,2  
     Орташа түрдегі демікпе, (n=10) 1,7   1,8  
     Ауыр демікпе, (n=10) 1,56 <0,05 2,5 <0,05
     Бақылау тобы, (n=10) 3,13   1,1  

Алынған нәтижелердің сараптамасы бойынша иммунокомпетентті жасушалар (р53 өте жоғары мәні және bcl-2 өте төмен мәні) апоптозының деңгейі  жоғары  науқастардан тұратын  2 топ құралған — 12 (40%) және апоптоздың төмен деңгейі — 11 (36,7%) науқас.

Апоптоз процесі төмен болып шыққан топпен салыстырғанда — 70,2%, апоптоз белсенділігінің қансарысулық белгілері бар науқастарда перифериялық қандағы нейтрофилдердің  мөлшері жоғары болатындығына көз жеткіздік — 75,5% (1-сурет). Лимфоциттердің популяциялық және субпопуляциялық құрамына сараптама жасау кезінде апоптозы төмен топтағы науқастарда табиғи киллерлердің (CD56+-клеткалар) сәл азайғаны, цитоксикалық лимфоциттердің (CD8+) және  HLA-DR+- жасушаларының (белсенген жасушалар) артқаны айқындалды және бақылау тобымен салыстырғанда осы көрсеткіштердің сенімді өзгеруі байқалды (2-сурет).

         Иммунокомпетентті жасушалардың апоптозы төмен топтағы науқастардың Т-цитоксикалық лимфоциттердің, HLA-DR+- жасушаларының, В-лимфоциттердің (СD19+-клеткалардың) абсолюттік мәнінің артқаны көрсетілді (Сурет 3). Лимфоциттердің мөлшері туралы алынған мәліметтер бронхты демікпемен ауыратын науқастардың қан сарысуындағы апоптоздық ақуыздардың мөлшерімен өзара байланысты және сонымен апоптоздың мәнін биологиялық құбылыс ретінде растайды. Апоптозы төмен топтағы науқастарда  иммуноглобулин Е артқаны байқалды (сурет 4).

Жүргізілген зерттеулер бойынша келесі мәліметтерге қол жеткіздік: апоптоздың белсенуімен науқастардың перифериялық қанында нейтрофилдер құрамы жоғары және IgE мәні төмен болады. Осы мәліметтерге қарап, бұл топта нейтрофилдік қабыну басым деп айтуға болады.

Тх2 иммундық жауаптың белсенуін көрсететін апоптоз белсенділігі төмен топтағы науқастарда IgE мөлшері жоғары болады. Тх2-жасушалар CD30 молекулалар экспрессиясының жоғары деңгейіне ие, мұны Тх1 қарағанда апоптозға тұрақтылығы жоғары фактор ретінде қарастыруға болады.  Сондай-ақ, Тх1 клеткалардың FasL өндіру қабілеті анықталды. Сонымен қатар, IgE мес жасушаларда FcsR  -мен өзара әрекеттесіп, эндогенді цитокиндердің (ИЛ-4, ИЛ-6, ИЛ-13, ФНОα) индукция жолымен олардың тіршілігін қолдайды (апоптозды алдын алады).

Сонымен, бронхты демікпе кезінде про- және антиапоптоздық эффекторлар әсерінен иммнокомпетентті жасушалардың бағдарламаланған өлімінің бұзылуы байқалады. Бұл қабынудың персистенциясына және ауруға сай клиникалық-функционалдық белгілерімен байланысты.         Иммунокомпетентті жасушалардың апоптозы төмен топтағы науқастардың Т-цитоксикалық лимфоциттердің, HLA-DR+- жасушаларының, В-лимфоциттердің (СD19+-жасушалардың) абсолюттік мәнінің артқаны дәлелденді.

Әдебиеттер

1    Скулачев В.П. Явление запрограммированной смерти. Митохондрии, клетки и органы:Роль активных форм кислорода // Соросовский Образовательный Журнал. -2001.-№6(7). -С.4-11.

2   Утешев Д.Б.,Сергеев А.В., Утешев Б.С. Апоптоз: фармакологические аспекты // Экспериментальная и клиническая фармакология. -2000. -№7(61). -С.7-65.

3   Самуилов В.Д., Олескин А.В., Лагунова Е.М. Программируемая клеточная смерть // Биохимия. -2000. – Т.65(8). — С.1029-1046.

4   Булгакова В.А. Оценка функциональной активности иммунокомпетентных клеток при атопической бронхиальной астме у детей // Иммунология.-2008.-№5.- С.284-289.

5  Аббасова С.Г., Липкин В.М., Трапезников Н.Н., Кушлинскии Н.Е. Система FAS-FASL в норме и патологии. Вопр. биол., мед., фарм. химии. 1999; 3: 3-17.

 


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы