Телепублицистің даралық сипаты, шеберлігінің ауқымы, парасат-пайымы үемі көрерменнің көз алдынан өтіп отырады. «Атамекен” хабарындағы Қ.Игісіновтің студияда әңгімелеу өнері, кейіпкер бейнесін ашу шеберлігінен кең тынысты, эпикалық серпілісті, С. Оразалиновтың хабарында адамда болуға тиісті табиғи сезімдер, үміт, арман, күйіну, сүйіну, ризалық, өкінішті, Б.Омаров жүргізген «Жеті күн”, «Бетпе — беттегі” тереңдік пен болмысқа, өмір құбылысына көзқарастағы жүйелі тұтастықпен, өмір иірімдерінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін аша білгендігіне жан-жақты талдау жасалынды.
Журналистика
Телевизиялық публицистика жанрлары мен пішіндерінің эволюциясы
Тележурналситика жанрлары мен пішіндері газет пен радиода орныққан, кезеңдер бойында сыннан өткен жанрлар негізінде дамып, орнықты. Газет жанрлары радионың өзгешелігіне сәйкестеніп, келе-келе радиоэфирге сіңісті. Радио ағашында радиогазет үлігісінде дамыса, телеэкран спецификасына тележурнал ыңғайлы болды. Сөйтіп, тележурналстика жанры тележурнал қойнауынан бастау алып, дамыды. Зерттеуде баспасөз бен кино, радио мен телевизия жанрларының арасындағы әлеуметтік-саяси, танымдық-тәрбиелілік функцияларының бір-біріне жақын екендігі ғылыми дәлелденді. Дегенмен, тележанрларды зерттегенде сюжеттің өн бойындағы көріністі мәнерлеуші құралдардың бейнені саналуан пішінге құбылтатын ерекшелігіне айрықша назар аударылды.
Қазақ теледидарында хабардың пайда болуы мен қалыптасу жолдары
Кеңестік тележурналистиканың басты міндеті – қоғамдық пікірді партияның саясатында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қалыптасытур арқылы аудиторияға тұрақты ықпал ету болды. Сонымен бірге марксизм-ленинизм тұрғысынан қоғамдық өмірдің көкейтесті құбылыстарын түсіндіретін, бағалайтын шығармаларды жасау және тарату, сол заманның жанды тарихын жасау, қоғамдық сананы қалыптастыруға қатысу, көпшіліктің және жекелеген тұлғалардың тәжірибелік қызметін жандандыру, халыққа қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірдің маңызды оқиғалары туралы хабарлап отру, тәрбие, ойын-сауық, оқыту құралы ретінде көпшілікке қызмет көрсетудің мәні дәйекетлді.
Цифрлық радиохабар таратудың дамуы
Бүгінгі күнде дамыған мемлекеттер қатарындағы елдерде сандық радиохабар тарату технологиясына көңіл бөлінуде. Оның кәдімгі аналогтық радиохабардан немен ерекшеленетінін көрейік:
Радиожурналистиканың техникалық құралдары, радиодағы журналистік мамандықтар
Микрофондар — акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі — гректің «микро» — аз, шағын, «фоне» — дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналды-ратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі.
Читать полностью »
Дыбыс жазу – радиожурналистиканың басты факторы
Адамзат қай жерде өмір сүрмесін дыбыстар әлемінде, түрлі дыбыстардың ортасында болады. Адам өміріне оның етене еніп кеткендігі соншалықты — сағаттың тықылы, машинаның гүрілі т.б. сияқты айналадағы тұрмыстық шулар еленбейді. Ал, құлақка сіңіп, үйреншікті болған дыбыстар ортасынан бөліне қалған жағдайда, солардың жетіспей түратындығы аңғарылады.
Мұқан Әбуғалиев (1927-2002 жж.) — журналист
Мұқан Әбуғалиев 1927 жылы 27 наурызда Семей қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Читать полностью »
Балалар үйінде өскен балаң жігіт 16 жасында Шығыс Қазақстан облыстық “Алтай большевигі” газетіне курьер болып қызметке кіріседі.
Курьер бола жүріп қолына қалам алып, газетке мақалалар жаза бастайды. Аз уақытта корректор, әдеби қызметкер, бөлім бастығына дейін көтеріледі.
Мұқан Әбуғалиев облыстық “Коммунизм туы” газетінде 12 жыл жауапты хатшы, 5 жыл редактордың орынбасары, 15 жыл бойы редактор қызметін атқарыпты.