Скачать/Жүктеу
Адамзат қай жерде өмір сүрмесін дыбыстар әлемінде, түрлі дыбыстардың ортасында болады. Адам өміріне оның етене еніп кеткендігі соншалықты — сағаттың тықылы, машинаның гүрілі т.б. сияқты айналадағы тұрмыстық шулар еленбейді. Ал, құлақка сіңіп, үйреншікті болған дыбыстар ортасынан бөліне қалған жағдайда, солардың жетіспей түратындығы аңғарылады.
«Радионың өзі — дыбыс искусствосы. Дыбыс адамның нәзік түйсігіне соғып, ұғым туғызатын эмоциялық құбылыс. Дыбыс өнері өмір шындығын, көркем образдарды естірту арқылы бейнелейді. Бұл оның бейнелеу тәсіліндегі өнердің басқа салалардан ерекшелігі, өзіне тән ерекше сипаты», — делінген дыбыстың радиода қолданылуы жайлы анықтамада. («Қазақ радиожурналистикасы»). Яғни, радиожурналистикада дыбыстың алатын орны ерекше екендігі ескеріліп, оның табиғи сипатына көңіл бөлінеді.
Айналаны қоршаған ортадағы құбылыстар, адамдардың сөздері, дауыстары, құстардың сайрағаны, музыка аспаптарының дыбысы, ағаштардың, жапырақтардың сыбдыры, күннің күркіреуі, машинанын, гүрілі т.б. күнделікті кездесетін әсерлер адам өмірі үшін қажетті заттардан шығады. Дыбыс — ауа тербелісі, толқын. Ол естіледі және белгілі бір көзден шығып, келесі бір межеге жетеді. Егер дыбыс репродуктордан шықса, оның шеңберін бойлай бекітілген жеңіл диск-мембрана тербеледі. Ал, музыкалық аспаптарды қолданғанда, ондағы дыбыс
көзі сол аспаптың ішегі тербеліп тұрған ауа бағаны болып табылады. Адамның есту мүшесі мен дыбыс көзінің арасын ауа бөліп тұрады, яғни естілген дыбыс адамның есту мүшесіндегі жарғақ толқын арқылы тербеліске түседі де, ми қабаттарына дыбыстың берілгені жайлы сигнал түседі. «Дыбыс – кең мағынасында газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында — адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс,» — делінген қазақ энциклопедиясында берілген сипаттамада.
Адам өмірінде дыбыс толқындарының маңызын және оны зерттейтін ғылым ретінде акустиканың атқаратын рөлі орасан зор. Дыбыстың барлық сипатын зерттеу әскери өндіріс саласында, халық шаруашылығын дамытуда, музыка аспаптарын жасауда т.б. және хабар таратудың жетілген жүйесін дамытуға тиісті үлес қосады. Әсіресе, электронды БАҚ-тың қоғамдагы рөлін арттыруда өте қажет. Өйткені, дыбыстық эффектісіз радиохабарлардың жасалуы мүмкін емес.
Дауысты құбылтып, түрлендіріп беру тәсілімен дыбыстық картиналар жасау арқылы электронды хабар берудің сипаты өзгеріске түседі. Ресми маңызды деген хабардың өзін бір қалыпты дыбыспен беру адамның логикалық ойлау жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер ете алмайды. Яғни хабардың эмоциялық ықпалы нөлге тең. Мұндай адам психологиясына әсері жоқ хабарлардың қабылдануы ауыр болғандықтан, тыңдарман аудиториясын тез шаршатып, жалықтырып жіберсді. Сондықтан да, хабардың мазмұнын ғана емес, эфирден берілу формасы, естілу ерекшеліктері ескеріліп, тыңдаушыны тартып, жетелеп отыруы тиіс. Дәлірек айтқанда, негізгі жүкті көтеретін, басты қызмет атқаратын нәрсе — сөйлеушінің сөйлеушінің дауыс ырғағы. Адам дауысының ырғақтарын, үн реңдерін қағазға түсіру мүмкін емес. Қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші қасиеті — үннен, жанды дауыстан айырылады, сол арқылы оның мазмұны да кемиді. Сондықтан да радиохабарларының естілу арқылы жасалатын әсері басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда басымырақ.
Дыбыстың таралуына қарай түрлі өлшемдерге жіктеуге болады. Мысалы, адам сөйлеп түрған кезде шығатын дыбыс 50дб. деп алса, онда қаттырақ сөйлегені 60 дб. немесе 100 дб. Інуіи есептеуге болады. Децибелл (дб) — дыбыстың естілуін, таралуын есептейтін бірлік. Аса жақсы акустикалық жарақтандырылған бөлмеде дыбыстың естілу шамасы 0 дб. ал, тыныш бөлмеде 30 дб. болады. Радио үйінде хабар жасалатын бөлмелер арнайы акустикалық жабдықталған. Естілуі 10 дб-ге тең. Уақыт өтуімен ілесе кеңістікке таралатын тербелістер толқын деп аталады. Дыбыс таралған кезде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне толқын арқылы жетеді. Бүкіл толқын атаулының негізгі қасиеті — олардың физикалық денені тасымалдамай, энергияны тасымалдауы. Біртекті ортада толқындар жарық сәулесі тәрізді түзу сызық бойымен таратылады. Бұлай таралу «еркін таралу» деп аталады да, тек космоста ғана пайдаланылады. Жер бетіндегі толқындардың таралу сипаты «еркін таралудан» өзгеше болады. Яғни жердегі толқындар «жағалай» таратылады. Биіктеген сайын атмосферада сыну көрсеткіші артады да, рефракция (дыбыс сәулелерінің қисаюы) құбылысы салдарынан радиосәуле жерге қарай ойысады.
Ауада таралатын толқындар қума толқын болып табылады. Ауаның дыбыс өткізгіш екенін 1660 жылы ғалым Р. Боиль тәжірибе жасап, дәлелдеген. Ауаның дыбыс өткізу қасиетіне арналған қарапайым тәжірибе: егер ішіне электр қоңырауы орнатылған шыны қораптың ішіндегі ауа шығарылып тасталса, онда қоңыраудың дыбысы естілмейді, өйткені өткізгіш ауа жоқ. Дыбыс сұйық ортада да, қатты ортада да тарала алады.
Кейбір жиіліктерде түрлі жергілікті радиостанциялардың жұмыс істеуіне рұқсат етілген. Қысқа толқындар арқылы жер шарының кез келген нүктелерімен байланыс жасауға болады. Әуе кеңістігінде ұшақтарды ұшыру, қондыру сәттерінде де осы жиілік пайдаланылады.
Соңғы диапазонға — ультрақысқа толқындар жатады. Бұған бүкіл радиотолқындар кіреді. Қысқа толқындарда негізінен көп арналы (каналды) байланыс орнатылып, телефон, радио, теледидар арқылы кең көлемде хабар таратуға, қабылдауға мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар бұл толқында түрлі объектілерге дейінгі қашықтықты және бағытты анықтауда, атмосфераның жоғары қабаттарының, планеталардың құбылысы жайлы деректер алуға да қолданылады.
Радиобайланыста қолданылатын толқындар анықтамасы:
Ҳзын толқын — шақырымдық, ұзындығы 1-20 шақырым, жиілігі 148-408 кгц. Қалалы, таулы жерлерде қолдануға ыңғайлы. Ең ұзақ таралуы — 2000 шақырым.
Орта толқын — гектометрлік, ұзындығы 575-187 метр, жиілігі 535-1605 кгц. Бұл толқын күндізгіге қарағанда жақсы таралады. Яғни, алыс қашықтықтарға радиобайланыс көбінесе түнде таралады.
Қысқа толқын — декаметрлік, толқын ұзындығы 90-11 метр, жиілігі 3,95-26,1 кгц. Бұл толқын көбінесе шетелдергс хабарлар тарату үшін қолданылады. Космостық байланысқа жарамайды.
Ультрақысқатолқын-(УКВ- 1,УКВ-2, ҒМ) метрлік,ұзын-дығы 4,6-2,8 метр, жиілігі 65,9—108 мгц.
ҒМ — радиостанцияларының біздің елімізде жұмыс істсй бастағанына аз ғана уақыт болды. Алайда, өздерінің жогарі.і сапалылығымен эфирді жаулап алды. Көптеген үлкен қалалір радиостанциялары осы толқынмен хабар таратады.
Секундына 300 мың км/секунд жылдамдықпен таралатын радиотолқындарының жердің бетімен таралатыидары — жоғары толқындар деп аталады. Ал, әр түрлі бұрыштарға, тұйықтарға таралатын толқын — кеңістіктік толқындар деген атауға ие. Әуе кеңістігі бір қалыпты емес. Төменгі 10-15 шақырымдағы қабат тропосфера, ал жоғары қабаттағы 500-ден 600 шақырымға дейінгі аралық ионосфера деп аталады. Ауа жәй тұрған күйінде электр тогын өткізбейді, ал күннің сәулесінің әсерінен ионизация процесі өткен соң ток өткізгіштік қасиетке ие болады. Осы иондану кезінде радиотолқындар бағытына өзгеріс енеді. Олардың мүлде өшіп қалуы, шағылуы, бұрылуы сияқты әсерлері толқынға ион жасайды. Атмосферада неғұрлым иондану көп болса, соғұрлым радиотолқындардың қисаю процесі көбейеді. Ал, жердің қисық траекториясына қарай радиотолқындардың қисық пішін алуы рефракция деп аталса, ал толқын алдындағы кедергіге кездесіп, ол бағытынан бұрылады, яғни дифракция процесі өтеді.
Радиотолқындардың шағылуы, жаңғырықтың пайда болуы радиолокацияның негізі болады. Көрінбейтін заттардың тұрған жерін радиотолқындар әсері арқылы анықтау радиолокация деп, ал оған пайдаланылатын құралдар радиолокатор деп аталады. Бұл құралдар көбінесе әскери техникада, көлік инспекцияларында қолданылады. Радилокацияда радиопередатчиктен антенна арқылы таралган радиотолқын кез келген заттан, әсіресе электр өткізгіш заттардан тез шағылады. Мысалы, самолеттер, кемелер, су асты қайықтары т.б. Яғни, радиопередатчиктің антеннасы арқылы тараған толқын алдындағы объектіден жан-жаққа шағылады, бірақ энергияның бір бөлігі бұрынғы шыққан жеріне қайтып, қабылдағыш антеннаға келеді.