РАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ДЕРЕКТІ — КӨРКЕМ ЖАНРЛАРЫ


Скачать/Жүктеу

Радиожурналистиканың деректі-көркем жанрлары радионын табиғатын танытып, оның тек бұқаралық ақпарат кұралы ғана емес, үлкен өнер саласы екенін көрсетуге мүмкіндік береді. дыбысталатын тіл кұдіретімен деректі-көркем туындылардын жасауына жол ашты. Өйткені, жанрлардьң бұл тобы радиожурналистика мен радиодраматургияның үйлесімі мен үндестігі аясында дүниеге келетін радиотуындыларды қамтиды. Олардың құрылымы деректі және әдеби-көркем элементтердің синтезімен, өзара бірлесіп әрекет етуімен сипатталады.

Радиожурналистиканың деректі-көркем жанрлары-радиоочерк. радиофельетон, деректі драма. радиокомпозииия.
Радиоочерк — ақпаратты, талдамалы жанрлар функциясын атқара отырып. қамтитын тақырыбынын ауқымына, бейнелейтін нысанасын теренінен дәйектеу дәрежесіне қарай деректі-көркем жанрларға келіп топтасады.
«Алғашында радиоочерк газет жанрларының сөйлеу тіліндегі байланысы ретінде қабылданды. Кейін оған талап күшейіп, тіпті, тікелей әсер алу, дауыс ырғағының нанымдылығы сақталған жағдайда автордың очеркті жай оқып шыққанының өзі белгілі бір оң нәтиже беретін болды» деп мәлімдейді зерттеуші М. Барманқұлов. Осы кітап авторы радиоочерк жанрының тарихы негізіне былайша тұжырым жасайды: і:Очерк жанрының радиоға бейімделуі біртіндеп жүзеге асты. Деректі жанр акустика әлеміне келіп әдеттен тыс ортаға бейімделді. Жалпы. радиоочерктің қалыптасуы ескі бағытта жүрді. Біріншіден, радиоочерктің тілі әдеби-көркем тілге біртіндеп жақындай берді. Екіншіден, очерктің құрылымына радионың табиғатына тән қосымша элементтер келіп қосылды. Бұлар бейнелі, жанды сөзбен етене ұштаса отырып, очерк жанрының мүмкіндіктерін
кеңейтті, оны жаңа бейнелеу құралдарымен байытты Радиоочерк жанры 30-жылдардың соңына қарай Қазақ радиосынын эфирінен ресми түрде беріле бастады».
Радиоочерктің негізгі нысанасы адам, проблема, кейде оқиға болып табылады. Оның ең басты ерекшелігі — кейіпкердің немесе оқиға куәгерінін деректі-жанды әңгімесі. Сондықтан да, радоочерк шынайы дерекке, толыкқанды дәйекке құрылады. Өйткені, оның кейіпкері нақты өмірдегі адамның өзі. Сол тұрғыдан алғанда радиоочерк өнер туындысы. көркем шығарма болып есептеледі.
Жанрлық даму тенденциясына байланысты радиоочерктің үш тармағын талдап айтқан жөн.
1. Алғашыңда радиоға тән сипатта емес, жалпы журналистиканың принциптеріне сүйеніп жазылған жазушылар мен әдебиетшілердің газет-журнал бетінде жарияланып, эфирден оқылған очерктері.
2. Тыңдаушыға қалай естілетіні ескеріліп, музыкамен көркемделетіні есепке алынатын арнайы жазылған радиоочерктер эфирден берілетін болады.
3. Дыбысталатын көркем мәтінмен бірге кейіпкердің накты әңгімесін таспаға түсіріп алып қоса беретін жанды дерекке құрылған шын мәніндегі шынайы радиоочерктер эфирге шықты, яғни, радионың табиғатына тән радиожурналистиканың дерек-көркем жанры сипатында құрылымдыкқ ерекшеліктері мен айқындалған толыкқанды радиоочерк қалыптасты.
Радиоочерктің жанрлық элементтері: журналистің микрофон алдындағы жаңды әңгімесі, дыбыстық деректерінде таспаға түсіріліп алынған оқиға кейіпкерінің өз сөзі, дәйекті деректер мен мәліметтер, жеке адамиыи тұлғасын сомдау, көркем шегініс пен көркем ойдан қосу, музыка және дыбыс эффектілері.
Бейнелейтін нысанына қарай радиоочерк үш түрге бөлінеді: жолсапар, проблемалық және портрепгтік.
1. Жоясапаррадиоочерк. Онда журналистін іс-сапар кезінде көрген-білген фактілері, құбылыстары, оқиғалары туралы адамзат тағдырындағы сан қилы сәттер жайлы алған әсері.
түйген ойы баяндалады. Жолсапар радиоочерк ел мен жер, әлем аясында жасалатын радиосаясат. Ол журналистің болмысты тану және сол тұрғыда түйгендерін тыңдарманға жеткізу әдісі ретінде жүзеге асады.
2. Проблемачыцрадиоочерк. Мұнда заман ағымындағы. күн тәртібіндегі проблема негізгі нысанаға айналады да. журналист нақты деректерге сүйене отырып соның шешілу жолдарын сөз етеді, осы орайда журналистік позициясын танытып өзіндік ой толғайды. Қазіргі заманғы электронды БАҚ-та радиоочерктің бұл түрі журналистік зерттеу деп те аталады.
3. Портпреттік очерк. Бұл радиоочерктің кең таралған, әйгілі түрі. Өйткені, ол жеке адамның тағдырына. оның өмірі мен еңбек жолына, бастан өткерген қиындықтары мен қол жеткен табыстарына арналады. Дыбыстық сипаттағы деректер мен көркем образдар негізінде жеке тұлғаның жанды сөзбен сомдалған портреті жасалады.
Әлбетте, радиоочерктің үш түрге бөлінуі шартты қисын екенін ескеру қажет. Өйткені, проблеманың адамға, адамның проблемаға қатысты болмауы, іс-сапар кезінде адамға, проблемаға байланысты мәселелердің ұшыраспауы мүмкін емес. Бірақ, кез келген тақырыптын негізгі аспектісі болады. Очерк түрлеріне тән белгілер де содан келіп туындайды,
Радиоочерючң сәтті шығуы журналистің алдын ала жасалған әзірлігіне байланысты. Бұл ретте очерк объектісін қажетті деңгейде зерттеудің маңызы ерекше. Зерттеу нәтижесінде очерктің құрамдас бөліктерін, көркемдік желісін. жалпы біртұтас композициясын ойластыра алады. Радиоочеркті жазу процесі күндерге, айларға, тіпті, жылдарға созылуы мүмкін. Өйткені. автор адамнын жеке тұлға ретіндегі өмірлік белестерін, оқиғаның даму барысын белгілі бір уакытаралығында зерттеуі мүмкін. Қазіргі таңда радиоочерк жанры өкінішке орай өте сирек кездеседі. Эфирдегі дүниенің бәрін қысқа-нұсқа қайыруға тырысатын қазірғі заманғы радиожурналистер ақпаратты, содан соң талдамалы жанрдан әрі аса алмайды. Негізінде, заманның айтулы оқиғалары мен талантты тұлғалардың өмірі мен еңбегі турасындағы дыбыстық деректерді деректі-керкемтуындыларды ;Алтын қорда»‘ сақтау үшін очерктің үш түрін де қолданыс аясына енгізу қажет-ақ.
Радиофельетон. «Бұл — қоғамдық құрылыста кездесетін зиянды құбылысты ащы әжуаға айналдыратын жанр. Ондағы мақсат жақсы сценарий жазумен қоса, жанрдың акустикалық табиғатынан туындайтын өзіндік ерекшеліктерді дұрыс игергенде ғана жүзеге асады. Радиофельетонның объектісі біздің әлеуметтік өмірімізге, тұрмыс-тіршілігімізге, әдет-ғұрпымыз бен салт-санамызға сай емес. жалпы ілгері дамуымызға кедергі болатын жағымсыз фактілер», — деп зерттелген. Арқау болатын фактілердің сипатына қарай радиофельетондар деректі және деректі қойылымды деп екіге бөліп қарастырылады. Біріншісі — таспаға түсірілген жазбалардан, яғни белгілі бір нақты айғақтан тілшінің, яғни, автордың өзі оқитын мәтіннен тұратын деректі радиофельетон. Екіншісі — эфир сахнасында әртістердің орындауымен жасалатын және типтік деңгейде жинақталған фактілерге негізделетін деректі-қойылымды радиофельетон».
Фельетондағы факті сырт көрінісімен бірге іштей кайшылык дэрежесіне қарай екі түрлі сипатта болады. 1) Қандай да бір құбылыстың біздің өмірімізге, салт-дәстүрімізге мүлде сай келмейтін оғаштығынан туындаган ешқандай әдеби өңдеусіз-ақ өзінен-өзі күлкі тудыратын әсерлі фактілер. Мұндай фактілер фельетон үшін дайын материал болып табылады. 2) Жалпы адамзат бойында кездесетін ұнамсыз қылықтар салдарынан туындайтын өмірде жиі ұшырасатын жағымсыз фактілер. Мұндай фактілер жиынтығы радиофельетонға өздігінен негіз бола алмайды. Сондықтан да ол фактілерді сатиралық жинақтау арқылы топ-тастырып, типтендіру үшін фельетонистің шығармашыльқ тапқырлығы қажет. Демек, жалпы алғанда фельетондағы факті екшелген, жинақталған, түйінделген, тұжырымдалған даму заңдылығы бар шындықтың бір бөлшегі, кәдімгі өмірдің өзінің көрінісі болуы шарт.
Радиофельетон күнделікті өмірде. заман ағымында өзіміз бетпе-бет тап болатын коғамдағы келенсіз жайттармен, кейбір кертартпа әрекеттермен күресуге арналған әдіс, типтік кемшіліктерді жоюға қолданылатын журналистік тәсіл. өткір де өміршең жанр.
Радиокомпозиция — радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын біртұтас, әрі толық мәнде пайдаланудың кешенді қисынын жүзеге асыруға жол ашқан жанр.
Радиокомпозиция — құрамына дыбыстық дерек. музыка, әдеби материал енетін, автордың шешімімен алуан түрлі материал бір тақырьш аясында топтасатын радиохабар.
Радиокомпозицияның кең тараған бірнеше түрі бар:
1. Әдеби радиокомпозиция бір немесе бірнеше автордың бір такырыпқа жазған поэзиялық туындыларынан. я болмаса, прозалық шығармаларынан алынған үзінділерден құрастырылады. (Мысалы; Қ. Аманжоловтың, М. Макатаевтың, Т. Молдағалиевтін «Туған жер» тақырыбына жазған өлеңдерінен үзінділер).
2. Әдеби-музыкалық композиция. Онда әдебикомпозицияға тән принцип толығымен сақталып қалады, әдеби материалдар сол талапқа сай іріктеледі, бірақ. оларды бір-бірмен сабақтастыру, өзара үндестіру, бір әдеби туындыдағы ой желісін екінші бір әдеби материалдардағы оймен ұштастыра өрбіту тақырыпқа байланысты әндер, музыкалық туындылардың немесе симфониялық шығармалардың үзінділерін орынды шебер қолдану арқылы жүзеге асырылады.
3. Деректі композиция құрылымы жағынан радиоочерк пен радиоэнгіме ұқсайды. Олардан ара жігін айырып тұратын ең басты өзгешелігі — мұнда журналистің окыған мэтіні, айтқан сөзі, баяндауы ерекше мэнге ие болып, айтулы рөл атқармайды, өйткені, автор аудитория назарьш өз сөзіне емес, композицияның сюжетін құрайтын деректі жазбаға аударуды мақсат етеді. Сондықтан да журналистің сөзі өте ықшамды, қыска-нұсқа болып келеді. Әдетте, журналист бұл жанрды орасан зор тарихи маңызы, әлеуметтік мәні бар дыбысталған деректерді тыңдарманға тартымды етіп жеткізу үшін қолданады.
Радиоэңгіме — монологқа құрылатын деректі-көркем жанр. Оған да радиоочерктегі тәрізді өмірлік дерек өзек болады. Сондықтан да, радиоэңгіме деректіксипаталады. Ал көркемдік деңгейі тұрғысынан келетін болсақ, бұл жанр әдебиеттегі әңгіме жанрының белгілерін тұтас қамтиды да радионың табиғатына тән көркемдік элементтерді бойына сініреді, Әңгіменің негізгі жанрлық элементі ең алдымен, жанды сөз, содан соң музыка. келесі кезекте дыбыс эффектілері. Радиоәнгіменің мазмұнымен қатар эфирден берілу тәсілі, естілу ерекшелігі де тыңдармандарды тартып, оның көңіл-күйіне әсер етіп. дыбыс аркылы оқиға көрінісі, кейіпкер бейнесі сомдалуы қажет. Радиоәңгімедегі еңбасты қызмет атқаратын нәрсе —сөйлеушінің дауыс ырғағы. Адамның жаңды даусы . оның ырғақтары мен үн реңдері — әңгіме мазмұнын жандандыратын ең басты құрал. Радиоәңгіме — автордын микрофон алдындағы емін-еркін тіл қатуы аркылы, керек жерінде зсерлі, бейнелі өткір тілмен, енді бірде логикалық жағынан үтымды ойлы да, оралымды тілмен сойлей алатындығы нэтижесінде радионың диапазонын кенейте түскен жанр.
Қазак радиосынын әуе толқынынан ұзақ жылдар бойы үзілмей жалғасып келе жаткан «Сыр сандық»‘ айдарынан берілетін белгілі радиожурналист Дүйсенбек Қанатбаевтың әдебиет және өнер қайраткерлерінің тағдыры мен шығармашылығы жайындағы радиоәңгімелері аталмыш жанрдың үздік үлгілері болып есептеледі. Деректі драма-бұл сюжеттік желісі өмірде болып жатқан оқиғалар мен фактілерден құралатын журналистің баяндауындағы шежіре. Онда сөз болатын оқиғаға қатысушыдардың түпкілікгі аты-жөндері айна қатесіз сақталады да, деректік материал мәтінмен астастырылып, тікелей шығарманың дыбыстық құрамына енеді.
Деректі драмада автордан басқа адамдардың рөлдерін актерлер орындайды. Автор, яғни, журналист деректі драманы тыңдарманғаұсьшатынтұлға. Ағылшын, немісжурналистерінің деректі драмаларының «Мең сіздерге мына бір жайды баяндап берейін», «Мен келе жатып, таңғажайып оқиғағатап болдым»,
«Бірде маған бейтаныс кісі қоңырау шалды’» деп басталуы дәстүрге айналған.
Радиожурналистиканың бай тәжіріибесінде деректі драманын екі түрі қалыптасты.
Біріншісі — қоғамдық маңызы, әлеуметтік мәні бар адамға немесе қандай да бір проблемаға назар аударту мақсатында мейлінше терең психологиялық желіске құрылатын сюжеттік тарих. Бұл шынайы өмірде өзінің шарықтау шегі бар аяқталған, яғни шегіне жеткен деректі тарих, кейіпкердің өзі, кәдімгі өмірдегі адам. Көбінесе, мұндай деректі драманың соңында актер рөлінде ойнаған, өзінің өмір тарихы туралы ең соңынан нақты тұлғаның өзі сөз алады. Сөйтіп, деректі драманың соның өз сөзімен түйіндейді.
Екіншісі — аяқталмаған деректі драма. Бірінші деректі драмаға қарама-қайшы. Мұнда керісінше ең бір шешуші тұсына келген кезде кілт үзіледі де, соны не болғаны белгісіз аяқталмастан қалады. Мұнын ақыры не болатынын әр тыңдарман өз алдына елестете алуы үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Сонымен қатар деректі драманың бір түрі аудитория назарын аударып алудың бірден-бір тәсілі.
Аяқтамаған деректі драмада журналист өз кейіп керінің әлеуметтік жағдайын, психологиялық күйін егжей-тегжейлі зерттей отырып сипаттайды да өзі әңгімелеп отырған өмір-шежіренің түбінде тынатыны туралы тындармандардың өзіндік болжамдарын айтып хат жазуларын сұрап сөзін аяқтайды. Қажет деп тапқан жағдайда радио арна ең үздік хат иесі үшін бағалы сыйлыққа бәйге жариялайды. Және де жеңімпазды анықтау да тыңдармандар үлесіне тиеді. Бір сөзбен айтқанда, деректі драманын бұл түрінің соңына көп нүкге қойылады. Өйткені, баяндалып жатқан тарих соңына жетпей бел ортасынан үзіледі.
Ал жалпы деректі драманың эстетикалық деңгейі ондағы радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын қолданудың кешенді қисынын табумен өлшенеді. Сол тұрғыдан алғанда радиожурналистика жанрларынын көркемдік құрылымының эволюциясын былайша сипатгауға болады: Радиофельетон”.
Фельетондағы факті сырт көрінісімен бірге іштей қайшылық дәрежесіне қарай екі түрлі сипатта болады.
1) Қандай да бір құбылыстың біздің өмірімізге, салт-дәстүрімізге мүлде сай келмейтін оғаштығынан туындаған ешқандай әдеби өңдеусіз-ақ өзінен-өзі күлкі тудыратын әсерлі фактілер. Мұндай фактілер фельетон үшін дайын материал болып табылады.
2) Жалпы адамзат бойында кездесетін ұнамсыз қылықтар салдарынан туындайтын өмірде жиі ұшырасатын жағымсыз фактілер. Мұндай фактілер жиынтығы радиофельетонға өздігінен негіз бола алмайды. Сондықтан да ол фактілерді сатиралық жинақтау арқылы топтастырып, типтендіру үшін фельетонистің шығармашылық тапқырлығы қажет. Демек, жалпы алғанда фельетондағы факті ерекшелген, жинақталған, түйінделген, тұжырымдалған даму заңдылығы бар шындықтың бір бөлшегі, кәдімгі өмірдің өзінің көрінісі болуы шарт.
Радиофельетон күнделікті өмірде. заман ағымында өзіміз бетпе-бет тап болатын қоғамдағы келенсіз жайттармен, кейбір кертартпа әрекеттермен күресуге арналған әдіс, типтік кемшіліктерді жоюға қолданылатын журналистік тәсіл. Өткір де өміршең жанр.
Радиокомпозиция — радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын біртұтас, әрі толық мәнде пайдаланудың кешенді қисынын жүзеге асыруға жол ашқан жанр.
Радиокомпозиция — кұрамына дыбыстық дерек, музыка, әдеби материал енетін, автордың шешімімен алуан түрлі материал бір тақырып аясында топтасатын радио хабар.
Радиокомпозицияның кең тараған бірнеше түрі бар:
1. Әдеби радиокомпозиция бір немесе бірнеше автордың бір тақырыпқа жазған поэзиялык туындыларынан я болмаса, прозалық шығармаларынан алынған үзінділерден құрастырылады. (Мысалы; Қ. Аманжоловтың, М. Мақатаевтың, Т. Молдағалиевтің «Туған жер» тақырыбына жазған өлеңдерінен үзінділер).
2. Әдеби-музыкалық композиция. Онда әдеби композицияға тән принцип толығымен сақталып қалады, әдеби материалдар сол талапқа сай іріктеледі, бірақ оларды бір-бірмен сабақтастыру, өзара үндестіру, бір әдеби туындыдағы ой желісін екінші бір әдеби материалдардағы оймен ұштастыра өрбіту тақырыпка байланысты әндер, музыкалық туындылардың немесе симфониялык шығармалардың үзінділерін орынды шебер қолдану аркылы жүзеге асырылады.
3. Деректі композиция құрылымы жағынан радио очерк пен радио әнгіме ұқсайды. Олардан ара жігін айырып тұратын ең басты өзгешелігі — мұнда журналистің оқыған мәтіні, айтқан сөзі, баяндауы ерекше мәнге ие болып, айтулы рөл аткармайды, өйткені, автор аудитория назарын өз сөзіне емес, композицияның сюжетін құрайтын деректі жазбаға аударуды мақсат етеді. Сондықтан да журналистің сөзі өте ықшамды, қысқа-нұсқа болып келеді. Әдетте, журналист бұл жанрды орасан зор тарихи маңызы, әлеуметтік мәні бар дыбысталған деректерді тыңдарманға тартымды етіп жеткізу үшін қолданады.
Радиоәңгіме — монологқа құрылатын деректі көркем жанр. Оған да радиоочерктегі тәрізді өмірлік дерек өзек болады. Сондықтан да, радиоәңгіме деректік сипаталады. Ал көркемдік деңгейі тұрғысынан келетін болсак, бұл жанр әдебиеттегі әңгіме жанрының белгілерін тұтас қамтиды да радионың табиғатына тән көркемдік элементтерді бойына сіңіреді, Әңгіменің негізгі жанрлық элементі ең алдымен, жанды сөз, содан соң музыка келесі кезекте дыбыс эффектілері. Радиоәңгіменің мазмұнымен қатар эфирден берілу тәсілі, естілу ерекшелігі де тыңдармандарды тартып, оның көңіл — күйіне әсер етіп, дыбыс арқылы оқиға көрінісі, кейіпкер бейнесі сомдалуы қажет. Радиоәңгімедегі еңбасты қызмет атқаратын нәрсе — сөйлеушінің дауыс ырғағы. Адамның жанды даусы, оның ырғақтары мен үн реңдері — әңгіме мазмұнын жандандыратын ең басты құрал. Радиоәңгіме — автордың микрофон алдындағы емін-еркін тіл қатуы арқылы, керек жерінде әсерлі, бейнелі өткір тілмен, енді бірде логикалық жағынан ұтымды ойлы да, оралымды тілмен сөйлей алатындығы нәтижесінде радионың диапазонын кеңейте түскен жанр.
Қазақ радиосынын әуе толқынынан ұзақ жылдар бойы үзілмей жалғасып келе жатқан «Сыр сандық»‘ айдарынан берілетін белгілі радио журналист Дүйсенбек Қанатбаевтың әдебиет және өнер қайраткерлерінің тағдыры мен шығармашылығы жайындағы радио әңгімелері аталмыш жанрдың үздік үлгілері болып есептеледі. Деректі драма-бұл сюжеттік желісі өмірде болып жатқан оқиғалар мен фактілерден құралатын журналистің баяндауындағы шежіре. Онда сөз болатын оқиғаға қатысушыдардың түпкілігі аты-жөндері айна қатесіз сақталады да, деректік материал мәтінмен астастырылып, тікелей шығарманың дыбыстық құрамына енеді.
Деректі драмада автордан басқа адамдардың рөлдерін актерлер орындайды. Автор, яғни, журналист деректі драманы тыңдарманға ұсынатын тұлға. Ағылшын, неміс журналистерінің деректі драмаларының “Мен сіздерге мына бір жайды баяндап берейін”, “Мен келе жатып, таңғажайып оқиғаға тап болдым”,
“Бірде маған бейтаныс кісі қоңырау шалды” деп басталуы дәстүрге айналған.
Радиожурналистиканың бай тәжірибесінде деректі драманың екі түрі қалыптасты.
Біріншісі — қоғамдық маңызы, әлеуметтік мәні бар адамға немесе қандай да бір проблемаға назар аударту мақсатында мейлінше терең психологиялық желіске құрылатын сюжеттік тарих. Бұл шынайы өмірде өзінің шарықтау шегі бар аяқталған, яғни шегіне жеткен деректі тарих, кейіпкердің өзі, кәдімгі өмірдегі адам. Көбінесе, мұндай деректі драманың соңында актер рөлінде ойнаған, өзінің өмір тарихы туралы ең соңынан нақты тұлғанын, өзі сөз алады. Сөйтіп, деректі драманың соңын өз сөзімен түйіндейді.
Екіншісі — аяқталмаған деректі драма. Бірінші деректі драмаға қарама-қайшы. Мұнда керісінше ең бір шешуші тұсына келген кезде кілт үзіледі де, соны не болғаны белгісіз аяқталмастан қалады. Мұның ақыры не болатынын әр тыңдарман өз алдына елестете алуы үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Сонымен қатар деректі драманың бір түрі аудитория назарын аударып алудың бірден-бір тәсілі.
Аяқталмаған деректі драмада журналист өз кейіпкерінің әлеуметтік жағдайын, психологиялық күйін егжей-тегжейлі зерттей отырып сипаттайды да өзі әңгімелеп отырған өмір-шежіренің түбінде тынатыны туралы тыңдармандардың өзіндік болжамдарын айтып хат жазуларын сұрап сөзін аяқтайды. Қажет деп тапқан жағдайда радиоарна ең үздік хат иесі үшін бағалы сыйлыққа бәйге жариялайды. Және де жеңімпазды аны0тау да тыңдармандар үлесіне тиеді. Бір сөзбен айтқанда, деректі драманың бұл түрінің соңына көп нүкге қойылады. Өйткені, ба-яндалып жатқан тарих соңына жетпей бел ортасынан үзіледі.
Ал жалпы деректі драманың эстетикалық деңгейі ондағы радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын қолданудың кешенді қисынын табумен өлшенеді. Сол тұрғыдан алғанда радиожурналистика жанрларынын көркемдік құрылымының эволюциясын былайша сипаттауға болады:
- ақпараттық жанрларда сөз алдыңғы кезекке шығады;
- акпаратты таңдамалы жанрларда сөз өзіндік мәнін сақтап қалады да дауыс ырғағы сөзбен тең дәрежеде рөл атқарады. Демек, мұндағы ақпарат аумағы сөзбен және дауыс ырғағымен, яғни, интонациямен шарттасады. Әлбетте. ол екеуінен өзге бейнелеуші құралдар да талдамалы жанрдың, құрылымында кездеседі, бірақ, олар бар болғаны қосымша рөл атқарады;
- деректі көркем жанрларда дыбыстық элементтер тұтастығы алдыңғы кезекке шығады, яғни сөз, музыка. дыбыс эффектілері біркелкі қолданылады, сөйтіп адам болмысы, өмірлік оқиға, қандай да бір нысан туралы толыққанды мағлұмат беретін дыбыстық элементтер образы жасалады.
Сондықтан да радиожурналистиканың деректі-көркем жанрларымен жұмыс істегенде радиожурналист радионың бейнелеуші құралдарын қолданудың кешенді қисынын меңгеруі тікелей қажеттілікке айналады.
Тікелей эфирдің өзін ғалымдардың бір тобы пішін деп баға-лайды, ал мен оны радиожурналистикадағы жаңаша бағыт ретін-де талдадым. Зерттеп — зерделеу барысында бұрынғы дәстүрлі радиожурналистикамен сабақтастыра отырып, тікелей эфир пішіндерін топтастырдым, сондай-ақ, тікелей эфирге тән әдіс-тәсілдерді тізбектедім. Сонымен, тікелей эфир пішіндері:
Кері байланыс — студиядағы жүргізуші мен телефон желісіндегі тыңдарманның тікелей эфирдегі әңгімесі сұрақ — жауап түріндегі пікір алмасуы, сауалдамалық радио ойын. Бұл пішін психологиялық желіске құрылады. Өйткені, жүргізуші тыңдарман ойына барлау жасай отырып, өз ойын соған сәйкес сабақтауы керек. Және бастан — аяқ әуенмен әрленіп, сазбен көмкерілуі тиіс. Себебі, тыңдарман жүргізуші тастаған сауал төңірегінде ой қозғау үшін, немесе ол қойған нақты сұраққа жауап беру үшін ойланып алуына уақыт қажет. Бұл пішінді қазіргі тәуелсіз арналардағы жеңіл — желпі әңгіме — дүкенге емес, бір кездері (1998 жылы) Хабар радиосында болған ұлттық салт-дәстүр ұғымдарын қамтитын «Көкпар» жастардың дүниетаным көкжиегін кеңейтіп, білім өресін арттыруға бағытталған. “Ен, ең, ең…” тәрізді сауалнамалық радиоойын түрінде ұйымдастыра білген жүргізуші өзінің де, өзгенің де интеллектуалдық деңгейін көтерер еді.
Студиядағы хабар. Эфирдегі жүргізушінің жеке өзінің, ал кейде оның студия қонағымен әңгімесі есебінде жүзеге асады. Қазіргі таңдағы жүргізушілер үшін ең оңтайлы, ең ұнамды әдіс. Жүргізуші журналистің жеке өзінің әңгімесі. Оның түйіні туралы ой айту үшін тағы да өзіміздің — Қазақ радиосына жүгінеміз. Оған мысал: диссертациялық жұмыстың өн бойын-да осымен үшінші рет қайталап айтуға тура келетін — Құсман Игісіннің “Дөңгеленген дүниесі”, Дүйсенбек Қанатбаевтың “Сыр сандығы”, орыс тілінде Марат Низамиев, қазақ тілінде Кенжебек Әбдімәуленов жүргізген “Үкіметтік арна”. Теориялық негізге сүйенсек, журналистің жеке әңгімесі радиокомментарий журналистің өзін әйгілі етіп таныстыруы үшін емес, қоғамдағы құбылыстардың мәнін ашып көрсетіп, айқын түсіндіру үшін жасалуы керек. Әлбетте, комментарий жанрына кез келген журналистің шамасы келмейді. Оның үстіне қазіргі әуе толқынындағы ұжымның да, жекелеген журналистердің де радиожурналистика жанрларын өз стилінің тегершегі ретінде қолдануға деген құлқы жоқ. Барлық хабардың бірсарынды сипат алуы тыңдарманды жауыр етіп жіберетініне көздері жетпеген-діктен емес, соған көңіл бөліп, мән бермегендіктен ертеден кешке дейін қай хабарды тыңдасаң да сұхбат 7 тамыз 2002 жыл, түскі сағат 13.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейінгі аралықта жедел ақпарат орталығының “Жедел сұхбат” айдарынан Зейнал Мұсабаева жүргізген сұхбат, “Болашақ” шығармашылық тобының “Қаһарман” бағдарламасынан “Тарихтан — тәбәрік” ай-дарымен астаналық журналист Сәуле Досжан жүргізген сұхбат, “Ауыл” шығармашылық тобының “Тіршілік” бағдарламасынан “Әрекет түбі – берекет” айдарымен Маржан Тұрысбекқызы жүргізген сұхбат. Ең соңғы сұхбат жер мәселесіне арналды да, қарапайым еңбек адамымен әңгімеге құрылғандықтан әлдеқайда нанымды шықты. Ал “Жедел сұхбаттың” жеделдігі де шынайылығы да жүрексіне сөйлеп, жасанды дауыспен сұрақ қойған жас журналистің жасқаншақ әрекетінің астарында қалып қойды. Сұхбат жанрының өзегі, мәнісі – нақты сұраққа жауап алу. Бірақ, тыңдаған сұхбаттардың біреуінде де осы талап орындалмады. Керісінше, Сәуле Досжан сұхбат алған әскері техникалық мектептің курсанты Манас өз ата – аналарына сәлем жолдағанда, “Денсаулығым ұрып тұр” деп дүрсе қоя береді.
Иә, бұл бүгінгі таңдағы қолданыс аясында кездесетін жанрлар. Ал қолданыстан шығып ұмыт бола бастағандары қаншама? Басқасын былай қойғанда очерк, репортаж жанрлары журналис қолтаңбасын қалыптастырып “Алтын қорда” сақталатын хабарлардың қатарын молайтар еді.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы