Скачать/Жүктеу
ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС — ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16 — 18 ғасырдағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми теориялық және технологиялық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс, негізінен, империялық тәжірибені, кәсіби кұпияны қорландырып, машық тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдықта қамалып, өндірістік амал-шараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. 16 ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу, қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым қайта өрлеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ дәріні ойлап табуы жөне кітап шығару тәсілін меңгеруі ғыл. жөне тех. кызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл — Р. т. п-тің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезендерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Ц.Бернулли, Э.Ма-риотт, Ж.Л. Д’Аламбер, Р.А. Реомюр, П.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихка «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапкыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. түрғыдан қолда-ну үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі Ғ.-т. п-тің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қаркынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді тех. нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы салалар: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғыл.-тех. іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды. Ғ.-т. п-тің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғылыми-тех-никалык революция жетістіктерімен байланысты. Оның ыкпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. мін-деттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ, биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революция-ландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғьлымның алдына тың талап, тосын міндет қою, әрі оны күрделі, эксперименталды жабдықтармен жарақтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы Ғ.-т. п-тің ерекше қыры — тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: а. ш., көлік катынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғ.-т. п. әлеум. прогресстің негізі болып табылады.
М. Ізімүлы
РЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ — ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-; дың 40-жылдарынан басталған Ғ.-т. р. барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің күрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол аркңлы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатен карым-катынасы айқындала түсті. Ғ.-т. р-ның ғыл.-тех. және әлеум. сипаттағы екі негізгі алғышарты болды. Оның пісіп-жетілуінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы жаратылыстанудағы жетістіктер шешуші рөл атқарды. «Жара-тылыстанудағы революциялар» дүмпуі электронның, радийдің, хим. элементтер түзілуінің ашылуына, салыстырмалылык, теориясы мен кванттық ілімнің негізделуіне орай жүзеге асып, ғылымның микроәлем мен үлкен жылдамдықгар саласына дендей енуімен ерекшеленді. Ең алдымен, өнеркөсіп пен көлік қатынасында электрді қолдануға орай техникада да түбірлі өзгерістер болды. Радио ойлап табылып, жаппай тұтынымға енді. Авиация дүниеге келді. 20 ғ-дың 40-жылдары ғылым атом ядросын ыдырату проблемасын шешті. Әсіресе, кибернетиканың пайда болуы маңызды рөл атқарды. Атом реакторларын және атом бомбаларын жасау жөніндегі зерттеулер көптеген мемлекеттердің үлттық ғыл.-тех. жобалар шеңберінде ғылым мен өнеркәсіпті өзара әрекеттестіру шараларын қолға алуына қозғау салды. Ғылым салаларын қаржыландыру деңгейі күрт өсіп, зерттеу мекемелерінің саны көбейді. Ғыл. жөне тех. жасалымдардың арасында тікелей байланыс күшейіп, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу қарқыны артты. 20 ғ-дың 50-жылдары ғыл. зерттеулерде, өндірісте, сондай-ақ басқару жүйесін-де Ғ.-т. р-ның рәмізіне айналған электронды-есептеу машиналары кеңінен пайдаланыла бастады. Ғ.-т. р-ның қазіргі кезеңі ғылымның өндіргіш күшке айналып, қоғамдық еңбек бөлінісінің жаңа сатыға өтуі. Өндіріс құралдары мен шаруашылық карым-катынастар субъектісінің сапалы өзгеріске ұшырап, өнімге жұмсалатын материал, капитал мен еңбек шығынының көрсеткіші кеми түсуімен; жаңа энергия көздерінің табылып, сипаты алдын ала белгіленген жасанды материалдарды қаделеуімен; өндірісті ғыл. ұйымдастырудың, бақылаудың және басқарудың зәру құралы ретінде ақпараттық қызметтің мән-маңызы артып, ғылым салаларының өзара байланысынын, күрделі проблемаларды кешенді зерттеу қарқыннының, гуманитарлық ғылымдар рөлінің өсуімен; әлеум. прогрестің мейілінше қарқындап, күллі адамзат іс-әрекеттерінің ынтымақтастыққа ойысуымен, «ғаламдық проблемалар» деп аталатын мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осындай негізгі ерекшеліктерімен қатар Ғ.-т. р-ның басты ғыл.-тех. бағыттары: өндірістік үрдістерді, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді түрде автоматтандыру; энергияның жаңа түрлерін тауып, пайдалану; жаңа құрылымды материалдарды, биотехнологияны, информатиканы қолдану жолы қалыптасқан. Алайда, Р.-т. р-ның мәні әлгі аталған ерекшеліктеріне де, басты бағыттарына да, тіпті қандай да бір ғаламат ғыл. жаңалықтарға да барып шектелмейді. Ғ.-т. р. дегеніміз өндірістің бүкіл тех. базисін, бүкіл технол. тәсіл-дерін қайта құруды ғана білдіреді. Ғ.-т. р. адамзаттың аса маңызды қызметтері аясының: табиғат пен қоғам заңдылықтарын теория жүзінде танудың (ғылым); табиғатты түлетудің тех. құралдары мен тәжірибелері кешенінің (т е х н и к а ), материалдык игіліктерді жасау үрдісінің (өндіріс) жөне практикалық іс-қимылдар мен әр қилы қызмет түрлерінің жосықты өзара байланысу тәсілдерінің (б а с қ а р у ) бірегей жүйесін құруға арналған алғышарттар жасайды. Өндіріс пен қоғамдық тұтынымдағы Ғ.-т. р. енгізген өзгерістер ауқымы мен қарқыны адам мен табиғаттың, қоғам мен табиғи ортаның қарым-қатынасын жаңа сатыға көтеріп, халықтар. ғыл.-тех. ынтымақтастықты дамытуды талап етуде. Әсіресе, Р.-т. р-ның салдарынан туындаған кейбір зардаптар ұлттық, тіпті құрлықгық шеңберден шығып, көптеген елдің күш біріктіруін, халықаралық деңгейде реттеуді қажетсінеді. Мыс., табиғи ортаның ластануымен күресу, ғарыш серіктері арқылы байланысу, әлемдік мұхит ресурстарын игеру, компьютерлік-технол. желілер қауіпсіздігін камтамасыз ету, т.с.с. мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық ахуалын орнатып, ғыл.-тех. жетістіктер айырбасына жол ашуға әр түрлі даму деңгейіндегі мемлекеттердің мүдделілігі артыт келеді; қ. Жаһандану, Экология.
Әдеб.: Философский энциклопедический словарь, 2-изд., М., 1989. ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКА (ағылш. зсіепсе йсііоп — ғыл. туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ, кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанрлық түр. Ғ. ф. өнердегі дербес жанр ретінде 20 ғ-да қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те төн. Фантастика (грек. рһапіааіа — қиялдау, рһапіазііісе — қиялдау өнері) үғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен енертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара жігі ажыратылмаған. Әдебиетте Р. ф. — ғылыми п о э з и я жөне ғ ы л ы м и п р о з а болып, екі пішімде қалыптасты. Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану сала-сында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғыл. поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Рим ойшылы К.Лукрецийдің «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы Ғ. ф. жалпы фантастикалык арнадан бөлекше, филос.-әлеуметтік бағыттағы мұмкіндігімен ерекшеленеді. Ғ. ф. прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арнаулы саласына айналды. Әлемдік әдебиеттегі Ғ. ф-ның ірі өкілдері: Ж.Верн, Г.Уэллс, О.Ча-пек, С.Лем, Р.Бредбери, А.Кларк, Р.Шекли, О.Хаксли, А.Р. Беляев, .
А.Азимов, К.Сайман, ағайынды А.Н. жөне Б.Н. Стру-гацкийлер. Қазіргі қазақ әдебиетіне Ғ. ф. дербес жанр ретінде А.Машанов, Т.Сұлтанбеков, М.Сөрсекеев, А.Мархабаев, Р.Баймаханов, Ш.Әлім-баев, т.б. шығармалары ар-қылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетіндегі Р. ф. жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («Ер Төстік», «Үшқыш кілем», т.б.), аңыздардан («Қорқыт Ата», «Баба түкті шашты Әзіз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда, К и н о д а Ғ. ф. жанры 20 ғ-дың басында қалыптаса бастады. Алғашқы Ғ. ф-лық фильмдерге Верн мен Уэллс шығармаларының сюжеттері негіз болды. Кино саласындағы ірі Ғ. ф-лық шығармалар: «Аспан кораблі» (1918, реж. Ф.Хольгер-Мад-сен), «Аэлита» (1924, реж. Я.А. Протазанов), «Айдағы өйел» (1922, реж. Ф.Ланг), «Ғарышка сапар» (1936, реж. В.Н. Журавлев), «Қос мекенді адам» (1962, реж. Г.С. Казанский, В.А. Чеботарев), «Басқа планеталық» (1982, реж. С.Спилберг), «Жұлдызды соғыс» (1977, реж. Дж. Лукас), т.б. Ғ. ф-лық фильмдерге, көбінесе, ғарыштық саяхат әлемі, басқа планеталықтардың жерге келуі, т.б. оқиғалар арқау болған. «Кәсіпқойлардың әлемдік ұйымы» және «Еурокон» атты Ғ. ф-ның халықар. бірлестіктері құрылған. Бейнелеу өнеріндегі Ғ. ф. жанры, көбінесе, көркем шығармалардың сюжеттері негізінде қальштасқан.
ҒЫЛЫМ ЛОГИКАСЫ
Ғылыми танымның логикалық жақтарын зерттейтін философия ғылымының саласы. Ғ. л. жалпы ғылымға, ғыл. танымға тән зандылықтарды зерттейді. Филос. зерттеудің арнайы нысаны ретіндегі Ғ. л. жөнінде 20 ғ-дың 1-ширегінде позитившіл филос. ағым өкілдері (Фре-ге, Рассел мен Витгенштейн) мәселе көтере бастады. 20 ғ-дың 30-жылдары Вена үйірмесіне қатысушылар, сондай-ақ К.Поппер, В.Дубис-лав, Х.Рейхенбах, т.б. ғалымдар философияны формалды логика ретінде түсіндіріп, оның міндеті — ғылымның тіліне талдау жасау деген анықтама ұсынды. Әсіресе, Рейхенбахтын айтуынша, философтың қолынан келетіні — ғылым нөтижелерін талдау, оларға мағына беру және дүрыстығын анықтау ғана. Таным теориясы ғылымды талдау болады. Бұл тұжырым, әрине, философияның өзіндік проблематикасын жоққа шығарады. Бірақ бұдан ғылым логикалық талдаудың нысаны бола алмайды деген қорытынды шықпайды. Формалды логика дайын, қалыптасқан білімді қарастырады; білімнің жалпы ғылымға тән формалдық құрылымын, элементте-рінің байланысын зерттейді. Ғыл. танымды талдап зерттеуге формалды логиканың, дайын аппаратын (индуктивтік жөне дедуктивтік) қолданудың практикалық пайдасы зор. Қазіргі кезде оны пайдаланбайтын ешбір ғылым саласы жоқ. Бірақ оның ғыл. танымды зерттеудегі рөлін тым асыра бағалап, ғылымның бірден-бір логикалық негізі деу үстірттік. Білім жүйесі ретінде ғылымға талдау жасағанда формалды логиканың түрғысынан шешілмейтін басқа да мәселелер ұшырасады. Олар — білімнің ақиқатқа қатысы, оның шығу тегі, шынайылығы, т.б. Мұндай мәселелер танымның логикасы мен теориясы болып саналатьш диалектика тұрғысынан қарағанда ғана толық шешімін табады. Диалектиканың заңдары мен категориялары — адам танымы мен практикасының қорытындысы, жиынтығы. Ол адам ойының ақиқатқа, жаңа ғыл. жетістіктерге жетуіне жол ашьш, реттейтін логикалық пішім — ғыл. ойдың принциптері. Диалектика үшін өзгермейтін дайын білім жоқ; білімді жалпы таным дамуының бір кезеңі ретінде карастыра отырып, оның қалай пайда болатынын, даму заңдылыкгарын айқындап, ғыл.-зерттеу әдістерінің рөлі мен міндеттерін ашып көрсетеді. Яғни формалды логика дайын, қалыптасқан білімді оның түпнұсқалы негізінен айырьш алып қалса, диалект. логика, керісінше, танымның қайнар көзін, даму бағытын, оның түпнүсқасы мен негізін, табиғатын белгілі бір зандылықтар аясында зерттейді. Зерттеліп отыр-ған жүйені жан-жақты, теория жүзінде нақтылы бейнелеу үшін бүтін жүйенің бастапқы негізін зерттеп білу керек. Бұл бастапқы негіз жүйенің басқадай қырларын, анықтамаларын мүмкіндік түрінде де, дамыған түріндде бойына сіңіреді. Бірақ ғылым бір жақты, абстрактылы түсінікпен канағаттанып қалмайды. Ұғынудың біржақтылығынан, жартыкештігінен әрі өту үшін әлгі санның ішкі қайшылықтары қалыптаса дамуының басты басты кезеңдері, өмір сүру; пішімдері ғылымның жаңа нақтылы ұғымдарымен бейнеленуі кажет. Ойлаудың бұл диалект. даму жолы абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу әдісі деп аталады. Бұл әдіс өзінің логикалық қүрылымы жағынан өте күрделі Мұнда теория мен эмпирия тарих пен логика, индукцш мен дедукция, анализ бен синтез тоғысып жатады. Сонымен, Р. л. — өз аддына ғылым саласы немесе ерекше логикалық жүйе емес, ол ғылым сияқты күрделі нысан жайындағы білімдердің жиынтығы.