Спорт

Қазақстандағы қазақ күресінің даму кезеңдері

Қазақстандағы қазақ күресінің даму кезеңдері бойынша халықаралық спорт түріне дейін тұрақты түрде дамып келе жатқандығы анықталды. Қазақ күресінің дамыундағы осы спорт түрі бойынша мамандар дайындау жағдайлары, әдістемесі мен құралдарының қарқынды жақсарту қезендері бөлініп белгіленді. Мамандар дайындау бағдарламаларында және спорттың осы түрі бойынша сабақтар өткізуде оқу, дағды мен біліктіліктің кең ауқымын игеруді жоспарлаған ғылыми, әдістемелік жұмыстар талданды. Қорытынды жасап айтқанда, қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жалпы және арнайы дене дайындығын, спорттық жаттығу мен жарыс өткізу ережелерін жетілдіру, қазақ күресінің әдістемелік құралдары мен оқулықтарын шығару кезеңдерімен дамуы белгіленді. Зерттеудің нәтижелері негізінде мынадай тұжырымдар жасауға болады:

Читать полностью »

Өскелең ұрпақты дене шынықтыруға тәрбиелеуде қазақ күресін қолдану мүмкіндіктері

«Өскелең ұрпақты дене шынықтыруға тәрбиелеуде қазақ күресін қолдану мүмкіндіктері» атты бөлімінде сауалдама алу мен дене шынықтыруға даярлықты сынап көру нәтижелері келтірілген.  Өскелең ұрпақты дене шынықтыруға даярлау мен денсаулығын нығайтудың пәрменді құралы ретінде жалпы қазақ күресі тиімділігінің, дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру және аз қозғалудың орнын қозғалыс белсенділігімен өтеу негіздемелері келтірілген.

Оқушылардың дене тәрбиесінде қазақ күресін қолдану тиімділігі қазақтың ұлттық күресімен шұғылдануға деген тілекті қоса алғанда оқу-жаттығу сабақтарының денсаулықтың, дене шынықтыруға даярлықтың деңгейіне, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға уәж қарқынына оң ықпалын айқындауға мүмкіндік береді.

Читать полностью »

Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес түрлері бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауда қазақтың ұлттық күресінің мүмкіндіктері

«Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес түрлері бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауда қазақтың ұлттық күресінің мүмкіндіктері» атты бөлімінде тек қазақ күресіне тән ерекшеліктер мен жарыс ережелері, жекпе-жекті жүргізу шеберлігі мен әдісі, жеңіске жетудің бірегей әдістері мен тәсілдерін қалыптастыруға, қолданылатын тәсілдердің сапасы мен тиімділілігін жақсартуға септігін тигізетін әдістер, көрсетілген ерекшеліктерді зерттеу нәтижелері талқыланады. Сонымен бірге спорттық күрестің олимпиялық және халықаралық түрлеріне қатысты жеңіске жетудің тәсілдерін орындау әдістерінің белгілі бір ұқсастықтары мен қолданылуы, қолданылатын құралдары мен күресу әдісі талқыланады, бұл әсіресе киіммен күресу спорттық түрлеріндегі және жас спортшылармен жұмыста қазақ күресі бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа спорттық күрестің басқа түрлері өкілдерінің тиісті дайындықтан кейін қазақ күресінен жарыстарда ойдағыдай өнер көрсету мүмкіндіктері талқыланады, бұл қолда бар жарыстарды өткізу практикасымен расталып отыр. 

Читать полностью »

Қазақ күрестің осы спорт түрінен мамандар дайындаудағы оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдері

«Қазақ күрестің осы спорт түрінен мамандар дайындаудағы оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдері» атты бірінші бөлімінде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік деректерге шолу жасалды, мұндағы ең маңызды кезеңдер: ұлттық спорт түрлерінің жастардың дене шынықтыру құралы ретінде танылуы, қазақ күресінен бірыңғай ережелердің қабылдануы, салмақ дәрежелеріне бөлу, Бүкілқазақстандық спартакиадалардың бағдарламасына енгізілу және қазақ күресінен Қазақстан чемпионаттарының өткізілуі, қазақ күрестен дайындау тәжірибесі мен техникасының Қазақстанда еркін күресті дамытуда қолданылуы, қазақ күресінен бастап басқа спорттық күрес түрлерінде жоғары нәтижелерге жеткен атақты Қазақстан балуандары, қазақ күресі жөніндегі ғылыми және әдістемелік жұмыстардың жариялануы, қазақ күресі мамандығының дене шынықтыру және спорт бойынша мамандар дайындау бағдарламасына енгізілуі, осы пән бойынша бағдарламалар мен оқу құралдарының әзірленуі,  төсбелгі және куәлік берілетін «қазақ күресінен спорт шебері» нормативінің енгізілуі.

Читать полностью »

Баскетбол

Мазмұны

КІРІСПЕ

1.Баскетболдың  даму тарихы

2.Ойын техникасы

3.Ойын тактикасы

4.Ойын техникасын үйрету методикасы

5 Қорытынды

КІРІСПЕ

Баскетбол ағылшын тілінен аударганда «basket» себет жане «ball» доп деген сөзді білдіреді.Баскетбол камандалық спорттық ойын,оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру,сонымен қатар қарсылас каманда допты салдырмау әрекетін жасайды.

Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды.Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған.Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы төрілген.

Читать полностью »

Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар

Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы