Өскелең ұрпақты дене шынықтыруға тәрбиелеуде қазақ күресін қолдану мүмкіндіктері


Скачать/Жүктеу

«Өскелең ұрпақты дене шынықтыруға тәрбиелеуде қазақ күресін қолдану мүмкіндіктері» атты бөлімінде сауалдама алу мен дене шынықтыруға даярлықты сынап көру нәтижелері келтірілген.  Өскелең ұрпақты дене шынықтыруға даярлау мен денсаулығын нығайтудың пәрменді құралы ретінде жалпы қазақ күресі тиімділігінің, дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру және аз қозғалудың орнын қозғалыс белсенділігімен өтеу негіздемелері келтірілген.

Оқушылардың дене тәрбиесінде қазақ күресін қолдану тиімділігі қазақтың ұлттық күресімен шұғылдануға деген тілекті қоса алғанда оқу-жаттығу сабақтарының денсаулықтың, дене шынықтыруға даярлықтың деңгейіне, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға уәж қарқынына оң ықпалын айқындауға мүмкіндік береді.

Спорттық шеберліктің өсуіне қарай рөлі артатын, дене тәрбиесі мен спорттың құндылықтарын одан әрі игеруге маңызды негіз болып  табылатын дене шынықтыру құралдарын орынды қолдануға оқу-жаттығу әсерлерінің бағытталуы шұғылданушылардың дене шынықтыруға даярлық пен спорттық шеберлікті арттыруды анықтайтын факторлардың бірі болып келеді.

Анкеталық сауалнама нәтижелері бойынша Қазақстанның ұлттық спорт түрлері тек көрермендер үшін ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен студенттер арасындағы  дене тәрбиесінің спортпен шұғылдану тәсілі ретінде оған қоса тұрғын халықтардың қозғалыс белсенділігіне қолдау көрсету тәсілі ретінде лайықты орынға ие болып келеді. Оқу бағдарламаларын талдау кейбір оқу орындарында дене шынықтыру мен дене тәрбиесі сабақтарында қазақ күресін, ұлттық ойындардың кейбір қимыл және ойын тәсілдерін меңгеріп, оларды сабақтың кіріспе, негізгі бөлігінде қолдану қарастырылғандығын анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеулер дәлелдегендей, қазақ күресінің қимылы мен әдістік іс-әрекетттерін мектеп оқушалары мен студентердің дене тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану оқушы жастардың физиологиялық дене дамуы мен дене даярлығын жетілдіруге және күнделікті белсенділіктерін арттыруға зор ықпалын тигізеді [Қ.А. Усин, Ж.А. Усин, 2009; Ж.С. Байшулаков, Н.М. Шепетюк, 2008 және т.б.].

Қазақстанның ұлттық спорт түрлері тек көрермендер үшін ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен студенттер арасындағы дене тәрбиесінде және спортпен шұғылдану тәсілі ретінде, соған қоса жергілікті халықтың қозғалыс белсенділігіне қолдау көрсету қажеттілігіне сәйкес келеді. Респонденттер қазақ күресіне ұлттық спорт түрлері арасында ерекше орын береді. Ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептерінің сауалнама жұргізілген оқушылары арасында  30% пайыздан астам респондент дене шынықтыру сабақтары мен сыныптан тыс сабақтар барысында спорт түрлері арасынан қазақ күресін таңдаған.

Дене тәрбиесі және спорт түрлерінен мамандарды даярлауда дене шынықтыру саласы бойынша жасөспірімдер мен ересектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру және қозғалу белсенділігін арттыру, балалардың денсаулығын жақсарту, спорттық жаттығулар туралы білік пен дағды, білім щеңберінің аясын кеңейтуді міндетті түрде жоспарлау болып табылады. Спорт түрі бойынша теория мен тәжірибелік курстан басқа, мамандық бойынша айналысатындарға, сабақтарды кәсіби деңгейде өткізу, жарыстарды ұйымдастыру, әдістік, алайлылық (тактикалық), психологиялық, дайындау және ұзақ уақыттық жеке дайындық жұмыстарын жоспарлау қарастырылуы керек.

Адамның салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз байланысы сөзсіз. Табиғат өскелең ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі байқалады. Үйде, бала бақша мен мектептерде балалардың қозғалыс мұқаждығы өте төмен.

Балалар мен жасөспірімдердің ағзаларының (жүрек, кан тамыр, тыныс жүйелерінің және т.б.) функционалдық мүмкіншіліктерін арттыратын, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратына дамыту әсерін беретін және гиподинамиялық өтімділікті алдын алатын дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жеткілікті шұғылдану қажет болып саналады [А.А. Виру, 1991; Я.С. Вайнбаум, 1993; Г.Д. Иванов, А.Қ. Құлназаров, 2008  және т.б.].

Жоғары оқу орындарында болсын, мектепте де оқушылардың дене тәрбиесі сабағынан білімін жетілдіру керек, өйткені дене жүктемелерін дұрыс қолдану, оны ары қарай жетілдіру жолдарымен оқушы жастар таныс емес. Дене жүктемелерінің адам ағзасына пайдасы мен қаншалықты әсер ететінін осы дене тәрбиесі білімі арқылы көпшілікке жеткізу дене тәрбиесі мен спорт мамандарының міндеті болып табылады. Жан-жақты қарастырып оны жақсы түсіндіріп, студенттер мен оқушыларға дене тәрбиесінен білім беру қажет.

Мамандарға сауалнама жүргізу бойынша, кезеңдегі дене тәрбиесі, көбінесе, практикалық сабақ, ал дене тәрбиесінен білімін жетілдіруге көңіл бөлінбейді. Оқушыларды дене тәрбиесі сабағымен шұғылдандырып қана қоймай, дене тәрбиесінен білімдерін де жетілдіруге болады.

Мысалы, күрес түрлерімен айналысу адам ағзасы мен ішкі ағзаларының дамуына, жыныс бездері мен дене күшінің дамуына және денсаулығының мықты болуына әсер етеді, жастардың адамгершілік пен жігерлік және басқа да психологиялық сапаларын қалыптастыруға тәрбиелеуде, дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б.) дамытуда тиімді әдіс болып табылады. Сонымен қатар, арнайы қозғалыс дағдыларын: күрестің барлық әдістерін, арнайы жаттығулар мен палуандар акробатикасын, дененің қауқарсыз мүшелерінің жарақатының алдын алу, күрестің тактикасын, жарақаттан қауіпсіздендіру тәсілдерін және т.б. нәрселерді меңгеру қажет. Өз пәні бойынша жалпы дамыту жаттығулары мен жалпы дене даярлығын арнайы дайындықтан ажырата білу, бастауыш топтағы спортшылардың дайындық кезеңін дұрыс жоспарлау және оларды спорттық шеберліктің әртүрлі кезеңдерімен алмастыра білу дағдысын қалыптастыру білімін жетілдіру керек.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы