Скачать/Жүктеу
«Қазақ күрестің осы спорт түрінен мамандар дайындаудағы оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдері» атты бірінші бөлімінде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік деректерге шолу жасалды, мұндағы ең маңызды кезеңдер: ұлттық спорт түрлерінің жастардың дене шынықтыру құралы ретінде танылуы, қазақ күресінен бірыңғай ережелердің қабылдануы, салмақ дәрежелеріне бөлу, Бүкілқазақстандық спартакиадалардың бағдарламасына енгізілу және қазақ күресінен Қазақстан чемпионаттарының өткізілуі, қазақ күрестен дайындау тәжірибесі мен техникасының Қазақстанда еркін күресті дамытуда қолданылуы, қазақ күресінен бастап басқа спорттық күрес түрлерінде жоғары нәтижелерге жеткен атақты Қазақстан балуандары, қазақ күресі жөніндегі ғылыми және әдістемелік жұмыстардың жариялануы, қазақ күресі мамандығының дене шынықтыру және спорт бойынша мамандар дайындау бағдарламасына енгізілуі, осы пән бойынша бағдарламалар мен оқу құралдарының әзірленуі, төсбелгі және куәлік берілетін «қазақ күресінен спорт шебері» нормативінің енгізілуі.
1928 жылға дейін қазақ күресінің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетіндердің салмағыда ескерілмеді. Сондықтан палуандар жарысына көбінесе ірі, салмағы жоғары батырлар қатысады. Біріктіретін ереже болмағандықтан жарыс жергілікті жерде қабылдыңған немесе келсім шартқа сәйкестірілген ереже бойынша өткізіледі. Осы жылы қазақ күресіне тән бүкіл әдіс, тәсілдерін қамтыған бірыңғай ереже жарияланды [М. Болғамбаев, 1985].
М.Т. Тәнекеев [1973] бұл, 1928 жыл, өзін түрлі спорттық оқиғалармен танытқан деп жазған. Ұлттық спорт және классикалық спорт түрлерінен көптеген жарыстар өткізілген. Соған байланысты, Республикалық дене шынықтырудың жоғары кеңесі қазақ күресінің спорттық жарыстарына бірыңғай ереже бекітті.
XX ғасырдың 20-жылдарына дейiн қазақ күресте салмақ дәрежесi мен жас мөлшерiне қарай бөлу болмаған. Салмақ дәрежесiне және жас мөлшерiне қарай бөлiнiп күресу осы кезенде ене бастады деп жеткізеді Е. Әлімханов [2008].
Қүрес ережелері ел арасында ауызша тарап, оның негізгі шарттарын балуандар талассыз мойындаған, бірақ арасында бар айырмашылықтарын алдын ала өзара келісім бойынша белгілеп қабылдаған.
Қазақ халқының әр аймақта күресу тәртіптерінің айырмашылығын алысу киімінен де белгілеуге болады. Мысалы, зертеушілер [Қ.Р. Байдосов, 1987; Е. Әлімханов, 1996 және т.б.] қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш белбеусіз күресу түрін, шапан киіп белбеу буынып күресу түрін, белбеуді жалаңаш кеудеге буынып күресу түрін, күртеше киіп күресу түрін және жалаң аяқ отырып (төрттағанда) күресу түрлеріне бөледі.
Қазақ күресінің даму кезеңдері бойынша кеңес дәуіріне тарихи жорыққа аттанатын болсақ, бұл күрес түрінен 1928 ж. [Е. Әлімханов, 2008] және 1936 ж. [Б.М. Доскараев, 2009] бірінші және үшінші Бүкілқазақстандық спартакиадаларында жарыстар өтті, ал 1938 жылы бірінші республикалық колхозшылар спартакиадасында жарыстар өтті [М. Болғамбаев, 1980 және т.б.].
Сайып келгенде, кеңестік Қазақстанда спорттық күрестің барлық халықаралық және олимпиадалық түрлері қазақ күресінен гөрі бірнеше он жылдыққа кешігіп, дами бастады (1 кесте).
Грек-рим (кәсіби француз) күресінің тек бір өкілі ғана 20, 30 және 40-шы жылдарда Қазақстан және Орта Азияның аумағында күшін, өз өнерін белсенді түрде көрсетті, ол Қажымұқан Мұңайтпасов. Бірақ, ең алдымен, қазақ күресі өкілі болғандықтан төрттағандық күрессіз, қарсыласының жауырнын тігізіп бірінші лақтырғанға дейін үстасуларға шыққан, грек-рим күресінен секцияларын ашпаған.
1кесте – Әлемде және Қазақстанда спорттық күрестің дамуы | |||
Күрестің түрі |
Әлемде дамуы |
Олимпиадалық ойындарының бағдарламасында |
Қазақстанда дамуы |
грек-рим күресі (француз, классикалық күресі) |
19 ғасырдың 90-шы жылдарында Францияда қатты дамыды және Европада таралды Ресейді қоса |
Бірінші Олимпиададан 1896 ж. бастап |
1940 ж. басы, Федерацияның негізі 1946 ж. қаланған |
еркін күресі |
1904 ж. бастап АҚШ, Европада 20-30 жж. |
1904 ж. бастап |
1950 ж. басы, Федерацияның негізі 1955 ж. қаланған |
самбо |
КСРО-да 1938 ж. мемлекеттік тұрғыда танылды, А.А. Харлампиев 1949 ж қолайлы спорттық нысанға айналдырды, 1966 ж. бастап күрестің халықаралық түрі болып есептеледі |
енгізілмеген |
1950 ж. басы Федерацияның негізі 1955 ж. қаланған |
дзюдо |
1882-1884 жж. Жапон., 1920-1933 жж. Кеңестік Ресей аумағында дамуы, бірақ тыйым салынды, дүниежүзілік бірінші біріншілік 1956 ж. өтті, КСРО-да 60 жылдары қайтадан дамыды |
1959 ж. бастап, XVIII жазғы Олимпиадалық ойындар 1964 ж. (Токио қ., Жапон.) |
1960 ж. басы |
Грек-рим күресінің халықаралық ережелері 1896 жылы қабылданып бірінші Олимпиядалық ойындарынан бастап бағдарламасына қірген. Ол грек-рим (франциялық) қүресі Европада қәсіптік қүрескерлердің өнерлерімен кең тарғандықтан болған. Бірақ, салмақ бойынша бөліп күресу 1906 жылдан басталған, сонда 1911 жылына дейін тек қана үш салмаққа бөліңген [Г.С. Туманян, 2006 және т.б.].
Балалық шағынан қазақтың ұлттық күресінен жекпе-жектерге жие қатысқан, ал 1904 ж. Петербургте И. Лебедев мектебіне қабылданған, онда 2 жыл оқыған Қажымұқан Мұңайтпасов кәсіби француз күресінің жарқын өкілі болып табылады. Ресей мен Европада өткізілген француз күресінен бірнеше кәсіби біріншілікті, сонымен қатар АҚШ-та еркін күрестен біріншілікте ұтты. 1927 жылы (Қазақ АКСР ОАК) оған спортқа сіңірген еңбегі үшін «Қазақ халқының батыры» құрметті атағын берді.
1970 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында алғашқы рет қазақ күресі мамандығы енгізілді, соған байланысты көптеген әдістемелік жұмыстар, қазақ күресі техникасы мен әдісінің жіктемесі, тәсілдерін үйрету әдістемесі, қазақ күресінен мамандар дайындау жөніндегі оқу құралдары, оқулықтар мен бағдарламалар шығарылды.
1971 жылы ҚазССР Спорткомитетінің қаулысы бойынша «Қазақ ССР-нің спорт шебері» атағы енгізіліп, қазақ күресі бойынша төсбелгі мен куәлік қоса тапсырылатын болады.
Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің даму мәселелері ҚР-ның 1999 жылғы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңында (2 б. 10 т.) Қазақстандағы халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелері ашылған.
90-шы жылдары жарыстардың ережелерін және киім нысанын жетілдіруге көп көңіл бөлінді, қазақ күресіне арналған киім нысанын спорттық күрестің басқа түрлерімен айырбастауға жол беруге болмайтыны атап өтілді.
Б.Жаңалин жасаған қазақ күрес жарыстарының ережесін 1993 жылы ҚР Туризм, дене тәрбиесі және спорт министрлігі бекітті. Киім нысаны жеңі қысқа кеудешеге өзгертілді, ал 1997 жылы нысандық киім мен жарыстардың ережелерін жетілдіру қорытындылары бойынша Е. Әлімханов кандидаттық диссертациясын қорғады.
Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін қаржыландыру мәселелері дене шынықтыру және спорттың белсенді түрлерімен шұғылдануға, салауатты өмір салтына, қозғалыс белсенділігі мен бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру шараларына республика тұрғындарын кеңінен тарту мен жұмылдыру тәсілі ретінде «Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» бойынша қарастырылады.
Қазақстан жастарының осы спорт түрімен шұғылдануға деген құлшынысы қазақ күресінің едәуір дами түсуіне, спортшылар шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануына, халықаралық және олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді.
Қазіргі кезде қазақ күресінің жеткен деңгейі – бірнеше елде тұрақты түрде дамып келе жатқан халықаралық спорт түрі болғандықтан, жүйелі түрде халықаралық жарыстар, континенттік және әлемдік жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу талап етіледі. 2005 жылы Ресейде және 2006 жылы Моңғолияда қазақ күрес бойынша Азияның І және ІІ чемпионаттары өткізілді. 2007 жылы Азияның ІІІ чемпионатында Қазақстанда өткізілген (Сәтбаев қаласы) Моңғолияның, Қытайдың. Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Түркіменстан, Ресей мен Қазақстан командалары қатысты. 2009 жылы қазақ күресі бойынша Қызылдорда қаласында (Қазақстан) өткен Азияның V чемпионатында бірінішілік үшін әлемнің 10 шақты елінен келген қазақ күресінің дәстүрлі қатысушылары – атап өткен командаларымен қоса Иран және Сирия командалары күш сынасты. Қазақ күресі бойынша әлем чемпионаттарында қатысқан командалардың саны тіптен көп. 2006 жылы Алматы қаласында өткен қазақ күресі бойынша біріншілікте әлемнің 42 спортшысы шайқасты. 2008 жылдың қарашасында Орскіде (Ресей) қазақтың ұлттық күресі бойынша ІІ әлем біріншілігі болып өтті, оған әлемнің 20 елінен ең мықты палуандар қатысты. 2010 жылдың қазанында Астана қаласында қазақ күресінен ІІІ әлем біріншілігі өтті (30-дан астам елінен палуандар қатысты).