Скачать/Жүктеу
Қазақстандағы қазақ күресінің даму кезеңдері бойынша халықаралық спорт түріне дейін тұрақты түрде дамып келе жатқандығы анықталды. Қазақ күресінің дамыундағы осы спорт түрі бойынша мамандар дайындау жағдайлары, әдістемесі мен құралдарының қарқынды жақсарту қезендері бөлініп белгіленді. Мамандар дайындау бағдарламаларында және спорттың осы түрі бойынша сабақтар өткізуде оқу, дағды мен біліктіліктің кең ауқымын игеруді жоспарлаған ғылыми, әдістемелік жұмыстар талданды. Қорытынды жасап айтқанда, қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жалпы және арнайы дене дайындығын, спорттық жаттығу мен жарыс өткізу ережелерін жетілдіру, қазақ күресінің әдістемелік құралдары мен оқулықтарын шығару кезеңдерімен дамуы белгіленді. Зерттеудің нәтижелері негізінде мынадай тұжырымдар жасауға болады:
1 Қазақ күресінің Қазақстанда қазақ ұлттық күресінен мамандар дайындаудағы оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде тұрақты дамып кележатқан халықаралық спорт түріне дейін қалыптасу кезеңдері атап көрсетілді:
Бірінші. 20-ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдары (1920-1939 жж.) – спорттың ұлттық түрлерінің дамуына түрткі болған жағдайлар, қазақ күрестен жарыс өткізудің бірыңғай ережелерінің құрылуы, салмақ санаттарына бөлу, бүкілқазақстандық спартакиадалардың бағдарламаларына енгізу, республикалық жарыстарды өткізу.
Екінші. Қыркыншы-елуінші жылдар – спорттың олимпиадалық және халықаралық түрлерінің елеулі бәсекесі жағдайында дамуы, қазақ күресінің балуандарын спорттық күрестің басқа түрлеріне тарту, Қазақстандағы дене тәрбиесі мен спорттың, соның ішінде қазақтың ұлттық спорт түрлерінің даму тарихын зерттеу, қазақстандық ғалымдардың ғылыми, тарихи және әдістемелік, соның ішінде қазақ күресі жөніндегі еңбектерінің тұтастай топтамаларының шығарылуы.
Үшінші. Алпысыншы-жетпісінші жылдары – ҚазКСР Спорт комитетінің қазақтың ұлттық спорт түрлерінің жіктемесін енгізуі және осы спорт түрлері бойынша спорттық дәрежелерін, қазақ күрестен «Қазақ КСР-нің спорт шебері» спорттық атағын беру жүйесінің құрылуы, ҚазДТМИ-да қазақ күресі мамандығының енгізілуі, қазақ күресінің техникасы мен әдісінің жіктемесі жөніндегі әдістемелік жұмыстардың, қазақ күрес тәсілдерін үйрету әдістемесінің, қазақ күресінен мамандар дайындау жөніндегі оқу құралдарының, оқулықтар мен бағдарламалардың шығарылуы.
Төртінші. Сексенінші-тоқсаныншы жылдардан 20-ғасырдың соңына дейін – қайта құрудың аласапыран жылдарындағы, тәуелсіздік алу мен Қазақстан Республикасының құрылуы жылдарындағы дамуы, қазақ күресінен жарыстар өткізу ережелерін жетілдіру, қазақ күрестен жарыстар өткізудің бастаулары мен ұлттық дәстүрлеріне оралу, қазақтың ұлттық спорт түрлері мен қазақтың ұлттық күресінің дәстүрлерін зерттеу бойынша ғылыми жұмыстардың тұтастай топтамасының жүргізілуі. Қазақтың ұлттық спорт түрлері бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялардың қорғалуы.
Бесінші. 21-ғасырдың алғашқы онжылдығы. Қазақ күресінен жүйелі түрде халықаралық сайыстарды – Орталық Азия аймағынан, Қытайдан, Моңғолиядан және Ресейден шыққан командалардың дәстүрлі, Венгрия, Түркия, Германия және басқа елдердің командаларының оқтын-оқтын қатысуымен Азия, Әлем чемпионаттарын ұйымдастыру және өткізу.
2 Қазақ күресін спорттық күрестің басқа түрлерімен салыстыра отырып, әдіс-алайлылық, тәсілдердің қайсыбір топтарының түрлерін қолдану жиілігі мен нәтижелілігіндегі елеулі айырмашылықтар айқындалды. Талдау жасалған сайыстарда қолданылатын тәсілдердің барлық топтарының ішінде балуандар санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіруды бәрінен жиі (0,73 әрекет/мин) және нәтижелі (0,35 ұпай/мин) қолданған. Әрі қарай, қолданымдылық көрсеткіштері бойынша жамбасқа алып лақтыру, кеудедеден ұстап қағып жығу, арқалап алып лақтыру, табанмен қағып түсіру әдіс топтары жатады. Қарсыласқа жарияланатын ескертулер есебінен балуандар орта есеппен – 0,21 ұпай/мин алған және мезгілінен бұрын 0,05 жеңіс/мин. Аталғандардан басқа, талдау жасалған жарыстарда тәсілдердің ең жиі әрі нәтижелі қолданылатын топтарына жағадан жұлқып жығу, сирақпен іліп жығу, қарсыластың аяғын орап лақтыру, иықтан асыра тастау (қол ұстап кеудеге таянып), кеудеден асыра тастауды да жатқызуға болады.
Қазақ күресінен жарыстарда тұрып лақтырудың әр түрлі әдістері қолданылады, оны спорттық күрестің басқа түрлерінде де қолдануға болады. Сондықтан, жамбасқа алып лақтыру, арқалап алып лақтыру және аяқ әрекеттерін (санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып, табанмен қағып, сирақпен іліп және қарсыластың аяғын орап) қолданудың жоғары белсенділігі мен нәтижелілігі қазақ күресі жарыстарының ережелері спорттық күрестің басқа түрлерінен айырмашылығына байланысты. Бұл әдістерді қазақ күресіндегі орындау тәсілін қоян-қолтық ұрыс, дзюдо, самбо, еркін және грек-рим күресетерінде балуандарды дайындауда пайдалануға болады.
3 Қазақстанда қазақ күресіңің танымалдығы спорттың бұл түрін сауықтыру орындарында дене жаттығуларымен жаппай шұғылдануды дамытудағы маңызын арттырады. Қазақ күресінің қазіргі заманғы дамуы спорттың осы түрі бойынша мамандар даярлау жағдайларын, әдіснамасы мен сапасын жақсартуды талап етеді.
Қазақ күресі жарысының кеңінен танылуы мен мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі сабақтарында, сабақтан тыс уақытта және спорт секцияларында дәл осы спорт түрімен шұғылдануды қалауы сабақтарды ұйымдастыруға белгілі бір талаптар қояды.
4 Қазақ күреспен айналысу жеке тұлғаның денсаулығының нығаюына, оның үйлесімді дамуына, шұғылданушылардың денесінің дамуы мен шымырлануына сеп болатындығы, жастардың дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік) дамытудың және дене тәрбиесінің тиімді құралы болып табылатындығы дәлелденді.
Қазақ күресінің кең танымалдығы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы оқыту тиімділігі, ішкі ағзалардың физиологиялық өмір сүру қабілетін дамытуды, дене даярлығының сапасы мен дене қабілеттерін қамтып, күш-жігер мен басқа да психологиялық сапаларды тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілдерін тәрбиелеу үдерісіне енгізілуі, сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесіне көп жағдайда қажеттілігі және олардың күреске қызығушылықтары, осы күрес түрінің орта мектептегі дене тәрбиесі пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.