Журналистика

ИСПАНИЯ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ

Испанияның мерзімді баспасөзі көп уақытқа дейін Еуропа елдерінің баспасөзінен артта қалып келді. Оның себебі елдегі инквизицияның жалпы рухани өмірге катаң бақылау жасауынан еді. Алайда бұл елдегі алғашқы типография ХҮ ғасырдың 60-шы жылдары пайда болып, онда бірінші басылған кітап 1468 жылы Бартоломейдің «Грамматика» деген еңбегі болатын. Алғашқы газеттің шығуы Хуан Австрийский деген кісінің есімімен байланысты. Ол 1661 жылы «Гасета нуэва де Мадрид» Деп аталатын газетті басып шығарды. Аталған басылымның 2 жыл бойы 8 беттен тұратын 20 нөмірі шықты. Тек ХҮШ ғасырдың екінші жартысында ғана мерзімді басылымның саны өсе бастады. 1753-ші жылы күнделікті шығатын бірінші газет «Диарио де Мадрид» (Мадрид газеті) басылып шықты. Бірақ оған материалдардың жетіспеуінен көбіне оқырмандардың өлеңдері, жұмыс істеуге шақырған хабарландырулар, сондай-ақ сатылатын заттар мен жануарлар туралы жариялап отырды. Содан көп кешікпей 1790-шы жылдары «Диарио де Барселона», «Диарио де Валенсия», «Диарио де Мурсиа», «Диарио де Сарагоса» деген газеттер аз ғана уақыттың ішінде пайда болды. Ал 1837 жылы баспасөз туралы елде жаңа заң қабылданып, газет шығарушыларға талап қойылды. Соған сәйкес басылым иелері өз газеттерін таратпай тұрып, оның екі данасын жергілікті үкіметке көрсетіп алуы тиіс болды. Себебі материалдары «қоғамдық тыныштыққа қауіп төндіретін болса» газетті халыққа таратуға тиым салатын.

Читать полностью »

ЖУРНАЛИСТ ПЕН ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ

Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз, творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, творчестволық қызмет жасайды. Ол редакция жүмысында бірінші — ұйымдастырушылық, екінші -әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек.
Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Ол идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн.

Читать полностью »

3 страниц123



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы