ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ


Скачать/Жүктеу

   Қант қызылшасы біздің еліміздің егістігіндегі ең маңызды техникалық дақылдардың бірі. Әйтсе де, қазіргі кездегі алып қант өндірісі тамыржемістің қантсыздығынан және түсімнің төмендеуінен туындайтын дағдарыстан қасірет шегіп отыр. Басқа да егістік дақылдары атап айтқанда бидай, картоп секілді, қант қызылшасын егудің де тиімді екенін әлемдік тәжірибе көрсетеді. Мысалы, 1990 жылы Германия астық дақылдарының 56,6%-ін айдалған жерден алды, ол ел табысының 9,5%-ін құрады. Сол уақыттарда қант қызылшасының 5,3%-ы айдалған жерден алынды және ол ел табысының 4,3% үлесін құрады.

Қант өндірісін көтеру – өте күрделі технологиялық процесс, ол егілген қант қызылшасы сұрыптарының өнімділігіне және төзімділігіне, алынған шикізаттың сапалы өндірісіне байланысты. Жоғары қаттылықты және салмағы үлкен тамыржемісті қант қызылшасының төзімді сұрыптарын алуға бағытталған селекциялық жұмыстарда, қант жинауды арттыруда агротехникалық шаралармен қатар егілу ауданы да негізгі рөл атқарады. Қант қызылшасының селекциялық процесі өте күрделі және қиын, сонымен бірге екіжылдық айқас тозаңданушы дақыл. Сонымен қатар, жаңа сұрыптар үш талапты қанағаттандыруы тиіс: жоғары өнімділікті, әртүрлі фитопатогендерге төзімділікті және қоршаған ортадағы экстремальді жағдайларды. Биотикалық және абиотикалық стрестерге төзімді селекциялық мәселелерді шешуде биотехнологиялық әдістер үлкен рөл атқарады. Өсімдік селекциясының ағзалық деңгейден жасушалық деңгейге алмастырылуында, сонымен қатар орасан көп өсімдік ағзалары жасушаларында, селективті ортадан керекті түрдің іріктелуінде микробиологиялық әдістер қолданылады. Жасушалық сұрыптаудың алғышарты болып қант қызылшасының ұсақ дисперсті суспензиялық культурасы табылады.

Өсімдіктің суспензиялық культурасын алудың негізгі әдісі – каллусты ұлпаны қоректік ортада фрагменттеу және өсіру болып табылады.

Каллусогенез индукциясының экспланттық сапасы ретінде шие бұтақтарын және қант қызылшасының әртүрлі инбредті линияларындағы өркен гүлсидамдары сегменттері қолданылды (Әмірханова және т.б. 1985 ж).  Мурасиге және Скугтың қоректік ортасында таза өсімдік материалын араластыру, қосымша 2 мг/л БАП, каллус ұлпаларының түзілуін туғызды. Каллусогенез қарқындылығынан әртүрлі инцухт-линиялар ерекшелене бастады. Жоғары бейімділікті иеленуші А-52 және ССП линия эксплантаталарында тұтас каллус индукциялары жиі байқалды. Каллустық культураның өсімталдық және цитоморфологиялық сипаттамасын ұлпалық тегі, өсу жағдайы және қоректік орта құрамы анықтайды. Сонымен қатар, каллус культураларының консистенциялары: 1 – борпылдақ, жеке жасушаларға тез ыдырайды; 2 – орта берік, гетерогенді, меристемалық ошақтан тұрады; 3 – берік, қысқарған камбий және тамыр аймақтарынан тұрады (негізінен трахеидтәрізді элементтерден). Салыстырмалы борпылдақ каллус культураларының алынуына әртүрлі тәсілдер әсер етеді: 2,4-Д құрайтын ортада өсіру; Са++ иондарын қоректік ортадан жою және т.б. Линия ССП алынған біздің каллусты жасушамыз борпылдақ консистенцияға және құрылымы бойынша гетерогенді болды. А-52 инбредті линиясындағы каллус берік, гомогенді және жарықта тез жасыл түске енді.

Қант қызылшасының суспензиялық жасушасы ССП инбредті линиясының каллусты ұлпасынан алынды (Әмірханова, 1988). Каллустің түйірін колбаға Мурасиге және Скугтің келесі үстемелерді құрайтын сұйық ортасымен араластырды: 0,1мг/л 2,4 Д, 0,1мг/л НУК және 0,5 мг/л БАП. Тотығу процесін болдырмау үшін қоректік ортаға аскорбин қышқылын 5 мг/л концентрациясын үстемелейміз немесе қосамыз. 100 мл қоректік орта үшін  каллусты ұлпа есептен 2-3 гшикі массаны алды. Екі аптадан кейін алынған бірінші суспензия жаңа қоректік ортаны пассирледі.

Суспензиялық культураның цитологиялық талдауы, өлшемі және пішіні бойынша оның жасушасының гетерогенділігін көрсетті.Үлкен ядролы ұсақ жасушалармен қатар, төменгі ядро – цитоплазмалық қатынастарымен ерекшеленетін вакуольді жасушалар да кездеседі. Жиі кездесетін 6-20 (50%) жасушадан тұратын жасушалық агрегат, суспензиялық культураның агрегаттық  дәрежесін анықтады. Бір жасушалылар және 2-5 жасушаның агрегаты барлық өсіру бірлігінің  27% құрады.

Жүздеген жасушалардан тұратын ірі агрегаттар бірлік болды. Қант қызылшасы суспензиясының тіршілікке қабілеттілігін анықтау әдістемесінде, тірі жасушаны 0,003% концентрациялы көк метиленмен бояды.  Суспензиялық культураның өсу фазасына тәуелдене отырып, тірі жасушалар үлесі 67%-тен 93%-ке өзгерді.

Осылайша, мұнан былайғы қант қызылшасы селекциясын жасушалық деңгейге көшіру жүзеге асты және  қант қызылшасы суспензиялық культурасының сипаттамасы алынды.

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Амерханова М.Б., Рахимбаев И.Р.

Клональное микроразмножение инцухт – линий сахарной свеклы.

Извести АН КазССР 1985, №2, стр. 90-91.

  1. Амерханова М.Б.

Суспензионная культура сахарной свеклы.

V съезд ВОФР тез.докл., Минск, 1998, стр.1.

 


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы