Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы

Камералдық бақылау. Мониторинг

Берілген сұрақтардың біреуіне жауап беріңіз
1.Салық төлеушілерді салық төлеушілердің мемлекеттік базасындағы мәліметтерден алынып тасталуы
2. Ірі салық төлеушілер мониторингінің мазмұны мен мақсаты
ІРІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР МОНИТОРИНГІ

Жалпы ережелер
1. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі – осы тараудың мақсаты үшін — мониторинг) ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бiр мезгiлде мына талаптарға сай келетiн:
1) барлық активтерiнiң баланстық құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мо¬ни¬торинг жүргiзуге жататын iрi салық төлеушiлердiң тiзбесi бе¬кiтiлуге жататын жылдың соңында қолданыста болған айлық есеп¬тiк көрсеткiштiң кемiнде 325 000 еселенген мөлшерiн құрайтын;

Читать полностью »

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сипаттамасы

Қазақстан Республикасының «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» заңына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң серiктестiк атауын, сондай- ақ «жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк» деген сөздердi немесе «ЖШС» деген аббревиатураны қамтуға тиiс фирмалық атауы болады.

Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң фирмалық атауында тиiсiнше «қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк» деген сөздер немесе «ҚЖС» деген аббревиатура болуға тиiс.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң орналасқан жерi деп оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi танылады.

Читать полностью »

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже.

1. Жалпы ережелер.
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрi — Министрлiк) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iске асыруды ықпал ететiн мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту миссиясы болып табылатын орталық атқарушы орган.
2. Министрлiктің негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
2) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарымен және ақша-кредит саясатымен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік фискалдық, кедендiк және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру;
3) экономика секторларында мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру.
3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге acырады.
4. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық органдарында шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Министрлiктiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33-үй.
7. Министрлiктiң толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мемлекеттік мекемесi».
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Читать полностью »

Банк

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ………………………………………………………………………….3

I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы ……………………………………………………………….5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы ………………………………………………………………9

II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау………………………………………..12
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау …………………………..17

III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және
жетілдіру жолдары……………………………………………………………………….25

Қорытынды …………………………………………………………………………………………..28

Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………………………30

Читать полностью »

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік дамытудың қиыншылықтары

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.

Читать полностью »

Несие түрлері

Несие түрлері – бұл белгілі – бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі – бір қасиеттерге ие оның бір түрі.

Түрдің формадан айырмашылығы – түр диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.

Читать полностью »

Банктік несие

Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие – қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез – келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез – келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға  береді.

Банктік несиенің коммерциялық несие аясына қарағанда қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.

Читать полностью »

29 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы