Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сипаттамасы


Скачать/Жүктеу

Қазақстан Республикасының «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» заңына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң серiктестiк атауын, сондай- ақ «жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк» деген сөздердi немесе «ЖШС» деген аббревиатураны қамтуға тиiс фирмалық атауы болады.

Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң фирмалық атауында тиiсiнше «қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк» деген сөздер немесе «ҚЖС» деген аббревиатура болуға тиiс.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң орналасқан жерi деп оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi танылады.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзi орналасқан жерден тыс жерлерде филиалдар құрып, өкiлдiктер ашуға құқылы.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серiктестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзумен аяқталады.

Құрылтай шарты
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтай шарты:

  • жазбаша нысанда,
  • әрбiр құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң шартқа қол қоюы арқылы жасалады.
  • құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиiс.

Құрылтайшылар қатарына кiретiн заңды тұлғаларды олардың тиiстi заңды тұлға атынан сенiмхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкiн. Шартқа қол қоюдан бас тарту серiктестiкке кiруден бас тартуды бiлдiредi. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берiлмейдi. Серiктестiктiң жекелеген қатысушылары мәртебесiнiң ерекшелiктерi барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтiнiнде көрсетiлуге тиiс. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиiс

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысы
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысы серiктестiктiң заңды тұлға ретiндегi құқықтық мәртебесiн белгiлейтiн құжат болып табылады.

Серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде оның жарғысы құрылтай құжаты ретiнде қаралады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысында:

  • серiктестiктiң фирмалық атауы, орналасқан жерi мен мекен-жайы;
  • серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;
  • серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi туралы мәлiметтер;
  • серiктестiк органдарын құру тәртiбi мен олардың құзыретi;
  • серiктестiктi қайта ұйымдастыру және оның қызметiн тоқтату ережелерi;
  • серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi;
  • серiктестiкке қатысушыларға және үлестердi сатып алушыларға серiктестiктiң қызметi туралы ақпаратты ұсыну тәртiбi және мерзiмi;
  • серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi болуға тиiс.

Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа ережелер де болуы мүмкiн.

Серiктестiктiң жарғысында оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн.

Серiктестiктiң нотариат куәландырған жарғысында даналары, сондай-ақ оның кейiнгi өзгерiстерi туралы барлық құжаттар серiктестiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған органда сақталады.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталы

Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшерi құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар табыс етiлген күнгi айлық жүз есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне бара-бар сомадан кем болмауы керек. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (әрі қарай — ЖШС) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының бір түрі болып табылады. Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық серiктестiгi бола алмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс:
1) серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері;
2) серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі;
3) серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау;
4) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
5) серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары;
6) құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;
7) серіктестік жарғысын бекіту;
8) серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында оның қызметінің мәні мен мақсаты көзделуі мүмкін.
Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді, мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету талап етілмейді.
Құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін, сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа қатысушылар үшін міндетті болып табылады, жазбаша нысанда жасалады және нотариалды куәландырылады.
Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды.
Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде көрсетілуге тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады және нотариалды куәландыруға жатады.
Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:
1) серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;
2) серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;
3) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;
4) серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті;
5) серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері;
6) серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi;
7) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі;
8) серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс.
Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыста бөлу тәртібі де белгіленеді.
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін.
Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар:
1) құрылтайшылар серіктестік құруға уәкілеттік берген адам қол қойған серіктестік құру туралы өтінішті;
2) серіктестіктің 3 данадағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жарғысын;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін растайтын құжатты;
4) тұрған орнын растайтын құжат – орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін);
5) құрылтайшылар мен басшының жеке басын кәландыратын құжат пен салық төлеуші куәлігінің көшірмелерін табыс етуге тиіс.
Серіктестік құрылтайшылары өз қызметін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде жарғыны табыс ету талап етілмейді. Алайда Үлгі жарғының негізінде тіркеу туралы өтініште:
1) серіктестіктің атауы мен оның орналасқан жері;
2) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
3) серіктестікке қатысушылардың атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген тізбесі;
4) серіктестіктің өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратыны туралы нұсқама көрсетілуге тиіс.
Өтінішке барлық құрылтайшылар қол қоюға тиіс, олардың қойған қолдарының түпнұсқа екені нотариат арқылы куәландырылуы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар:
серіктестікті тіркеу туралы құрылтайшы өкілет берген тұлғамен қол қойылған өтініш;
3 данадағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі серіктестік жарғысы;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін төленетін алымды төлегенін растайтын құжат;
тұрған орнын растайтын құжат – орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін;
құрылтайшылардың және басшының жеке басын куәландыратын құжат пен салық төлеуші куәлігінің көшірмелері.
Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан
Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгіленген тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келмеуi, табыстау актiсiн немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы, сондай-ақ егер iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға құрылтайшы болып табылса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған және (немесе) қылмыс жасағаны үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216, 217-баптары бойынша сотталса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылса, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады.
Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі айлық жүз есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан кем болмауы керек. 2008 жылға 1 ЕАК 1168 теңгеге теңгеге сәйкес келсе, серіктестіктің ең төменгі жарғылық капиталы 116 800 теңгені құрайды.
Жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген мерзімде барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымды толық енгізуге тиіс. Мұндай мерзім серіктестікті тіркеген күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде жарғылық капитал және оның өз капиталымен арақатынасы тексерілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын тексеру:
1) кез келген қатысушының талап етуі бойынша тәуелсіз сарапшымен жүргізілуі мүмкін. Сараптамаға мүдделі қатысушы ақы төлейді;
2) сот шешімі бойынша;
3) әрбір қаржы жылының қорытындылары бойынша — қаржы есептері бойынша жүргізілуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұғымы

1. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін.
Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
4. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.

 Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

1. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
2. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді.
3. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық
атауы

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік атауын, сондай- ақ «жауапкершілігі шектеулі серіктестік» деген сөздерді немесе «ЖШС» деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауында тиісінше «қосымша жауапкершілігі бар серіктестік» деген сөздер немесе «ҚЖС» деген аббревиатура болуға тиіс. Серіктестік осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуге жатады.
Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын және оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар.
2. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
орналасқан жері мен мекен-жайы

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға және серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық
қабілеті

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
филиалдары мен өкілдіктері

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзі орналасқан жерден тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 43-бабына сәйкес филиалдар құрып, өкілдіктер ашуға құқылы.
Серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға өз филиалдарын құрғаны және өкілдіктерін ашқаны туралы, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы хабарлауға міндетті.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдарын құру және өкілдіктерін ашу туралы шешімді, егер серіктестік жарғысында мұндай шешімдерді оның қатысушыларының жалпы жиналысы қабылдайтыны көзделмесе, серіктестіктің атқарушы органы қабылдайды.

 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары, сондай-ақ ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар оның қатысушылары болып табылады.

 Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайының ерекшеліктері

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды.
2. Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз қатысушы жеке-дара қабылдайды және олар жазбаша ресімделеді. Бұл жағдайда осы Заңның 44-50-баптарының ережелері қолданылмайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар:
1) осы Заңда және серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға;
2) серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;
3) серіктестік қызметінен осы Заңға, серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;
4) серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға;
5) осы Заңда көзделген тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға;
6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың осы Заңда және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
Ескерту: 11-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке
қатысушылардың міндеттері

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар:
1) құрылтай шартының талаптарын орындауға;
2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;
3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;
4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда осы Заңның 17-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің құрылтай құжаттарында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен

Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы

Шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер және заңды тұлғалардың бірлестіктері (қауымдастық, одақ) өз мүлкінің меншік иесі болып табылады. Мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар мүлікті шектеулі заттық құқықтар — оралымды басқару және шаруашылық жүргізу негізінде иемденеді. Заңнамадағы коммерциялық емес ұйымдардың толық тізімі емес. Сондықтан заң актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың меншік иелерінің жаңа ұйымдық-құқықтық формалары көзделуі мүмкін.

Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығы. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады (АК-ның 58-бабы 1-тармағының 1-бөлігі).

Шаруашылық серіктесгігінің жарғы капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде интеллектуалдық қызмет нәтижесіне құқық, және басқа мүлік болуы мүмкін. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғы капиталына заттай формадағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісімімен немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша ақша түрінде бағаланады. Егер ондай салымның құны айлық есептік көрсеткіштің 20 000 мөлшеріне пара-пар сомадан асатын болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауы тиіс. Шаруашылық серіктестігін қайта тіркегенде қатысушылар салымының ақшалай бағасын серіктестіктің бухгалтерлік құжаттары не аудитор қорытындысы растайды. Серіктестік құрылтайшылары (қатысушылары) мұндай бағалаудан кейін бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері алдында салымның көтеріңкі бағасы бойынша анықталған сома шегіңде ынтымақтасып жауапкершілік көтереді. Егер, серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілсе, ол салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген барлық мерзімде мұндай мүлікті пайдаланғандық үшін есептелген төлеммен анықталады.

Салымдарды мүліктік емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен ‘енгізуге жол берілмейді (АК-ның 59-бабының 1-тармағы).

Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капи-талдағы барлық қатысушылардың үлестері және тиісінше олардың ша-руашылық серіктестігі мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлесі) жарғылық капиталдағы салымдарына бара-бар болады. Шаруашылық серіктестікке қатысушы серіктестік мүлкіндегі өз үлесін, егер заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға және сатуға құқылы (АК-ның 59-бабының 2-тармағы).

Жарғылық капиталға салым салудың тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ жарғылық капиталды құру жөніндегі міңдеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік заң актілерінде және (немесе) құрылтай құжаттарында белгіленеді (АК-ның 59-бабының 3-тармағы). Осы салымдардан бастапқы жарғылық капитал құрылады. Қатысушылардың үлесін дәл анықтау және қызметті ұйымдастыру үшін базалық капитал құру — жарғылық капиталдың мәні. Жарғылық капиталдың кепілдік маңызы туралы мәселе заң әдебиеттерінде дау туғызуда.

Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталының мөлшері оның құрылтай құжаттарында анықталады, дегенмен заң актілерінде белгіленген ең төменгі мөлшерден аз болмауы тиіс. Шаруашылық серіктестіктері туралы Жарлыққа (13-, 28-баптар) және ЖШС туралы Заңға (23-бап) сәйкес толық серіктестік үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мөлшерінен кем емес; сенім серіктестігі үшін айлық есептік көрсеткіштің елу мөлшерінен кем емес; шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестік үшін жүз көрсеткіш мөлшерінен кем емес болуға тиіс.

Серіктестіктің мүліктік базасының азаюының тағы бір жағдайы толық серіктестің толық (сенім) серіктестігінен шығуымен немесе шектеулі (қосымша) жауапкершілікті серіктестікке қатысушының өз үлесін (оның бөлігін) серіктестікке сатуымен байланысты (АК-ның 80-бабының 3-тармағы). Егер қатысушы шыққанда толық (сенім) серіктестік сақталса, шыққан қатысушыға серіктестік мүлкіндегі оның үлесінің құны енгізілген салымға бара-бар, сол шыққан күні жасалған балансқа сәйкес төленеді. Қатысушының талабы бойынша және серіктестіктің келісімімен салым толықтай немесе жарым-жартылай зат түрінде қайтарылуы мүмкін. ІІІығып кеткен қатысушыға оның осы жылы серіктестікте болған кезеңінде серіктестіктің сол жылы алған таза табысының оған тиесілі бір бөлігі де төленеді (АК-ның 67-бабы 2-тармағының 1-бөлігі). Осы тәртіпте толық серіктестіктен шығарылған қатысушыға мүліктің бір бөлігінің құны да төленеді (АК-ның 68-бабының 2-тармағы). Мұндай ереже жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктерге де қолданылады (АК-ның 80-бабы).

Қатысушының үлесін (оның бір бөлігін) жауапкершілігі шектеулі (қосымша) серіктестіктің өзі сатып алған ретте, ал оны басқа қатысушыларға немесе үшінші жаққа заң актілері мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген мерзім мен тәртіп бойынша сатуға, не өзінің жарғылық капиталын азайтуға міндетті. Осы кезең ішінде түскен таза табысты бөлу, сондай-ақ жоғары органда дауыс беру жауапкершілігі шектеулі (қосымша) серіктестіктің сатып алған үлесі есептелмей жүргізіледі (АК-ның 80-бабының 5~тармағы).

Қатысушының үлесіне толық серіктестіктің жеке борыштары бойынша өндіртіп алуды аударға борыштарды етеу үшін серіктестіктің басқа мүліктері жеткіліксіз болған жағдайда ғана жол беріледі. Мұндай қатысушының несие берушілері толық серіктестіктен, серіктестік мүлкінен ақы өндіріп алу мақсатымен, борышқордың жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін бөліп беруді талап етуге құқылы. Серіктестік мүлкінің бөліп берілуге жататын бөлігі немесе оның құны несие берушілердің бөліп беру туралы талаптары қойылған кезде жасалған баланс бойынша анықталады (АК-ның 69-бабының 1-тармағы).

Шаруашылық серіктестітінің акция шығаруға құқы жоқ (АК-ның 58-бабының 9-тармағы). Мұндай құқық тек акционерлік қоғамға ғана берілген, ол эмиссияларды тіркеудің күрделі процедурасымен, ерекше бухгалтерлік есеп-қисаппен және басқарудың өзіндік жүйесімен байланысты. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестіктері, егер зан актілеріңде оған тыйым салынбаған болса, басқа бағалы қағаздар шығаруға құқылы.

Сонымен қатар, серіктестікті басқару органы өз мүлкін үшінші жаққа сенімгерлік басқаруға бере алады. Бұл жерде әңгіме мүліктің бір бөлігі туралы немесе мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын туралы болуы мүмкін. Сенімгерлік басқаруға берудің мұндай мүмкіндігі Азаматтық кодекстің Ерекше бөлігінде берілген, ал жауапкершілігі шектеулі (қосымша) серіктестіктер үшін АК-ның 79-бабының 2-тармағында тікелей көзделге

 


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы