2005 жылдың 1 наурызына қарай банктік сектордың жиынтық есептік меншікті капиталы 1 айда 606 млрд. теңгеге немесе 1,9%-ке ұлғайып, 361,3 млрд теңгені құрды. Банктердің жиынтық активтері 164,1 млрд. теңгеге дейін жетті. Капитал адекваттылығының көрсеткіштері есеп беру кезеңіне К1 – 0,093; К2 – 0,158 құрған болатын (01.02.05 күніндегі жағдай бойынша: К1 – 0,097; К2 – 0,162).
Банктердің ссудалық портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) 1 айда 56,5 млрд. теңгеге өсіп (3,1%), 1869,4 млрд. теңгеге дейін жетті. 2005 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердің несиелік портфелінің құрылымында стандартты несиелердің үлесі 57,9%, күдікті – 38,8%, сенімсіз – 3,3% құрады. 2005 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша стандартты несиелердің үлесі 56,2%, күдікті – 40,9%, сенімсіз – 2,9% құраған болатын.
Читать полностью »