«ТұранӘлемБанк» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын талдау


Скачать/Жүктеу

2005 жылдың 1 наурызына қарай банктік сектордың жиынтық есептік меншікті капиталы 1 айда 606 млрд. теңгеге немесе 1,9%-ке ұлғайып, 361,3 млрд теңгені құрды. Банктердің жиынтық активтері 164,1 млрд. теңгеге дейін жетті. Капитал адекваттылығының көрсеткіштері есеп беру кезеңіне К1 – 0,093; К2 – 0,158 құрған болатын (01.02.05 күніндегі жағдай бойынша: К1 – 0,097; К2 – 0,162).

Банктердің ссудалық портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) 1 айда 56,5 млрд. теңгеге өсіп (3,1%), 1869,4 млрд. теңгеге дейін жетті. 2005  жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердің несиелік портфелінің құрылымында стандартты несиелердің үлесі 57,9%, күдікті – 38,8%, сенімсіз – 3,3% құрады. 2005 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша стандартты несиелердің үлесі 56,2%, күдікті – 40,9%, сенімсіз – 2,9% құраған болатын.

Заңды және жеке тұлғалардан тартылған салымдардың жалпы сомасы (банктер мен халықаралық қаржы ұйымдарынан басқа) 8,4%-ке ұлғайып, 4713,6 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 80,5%-ке ұлғайып, 1253,9 млрд. теңгені құрады, жеке тұлғалардың салымдары 3,0%-ке өсіп, 459,7 млрд. теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктер табыстарының жалпы сомасы 2005 жылдың 1 наурызына өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ке ұлғайып, 60,9 млрд. теңгені құрады. Шығындар сомасы өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ке өсіп, 55,2 млрд. теңгені құрады. Банктердің бөлінбеген таза табыстары 5,7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдағы тура сол кезеңіндегі көрсеткіштен 12,3%-ке төмен болып тұр.

Есеп беру кезеңінде 14 банк мәжбүрлі тарату процесінде орын алып отыр.

Жалпы   банк    жүйесіндегі     депозиттер    өсімінің    тенденциясын  1 – 2 қосымшалардан  байқауға  болады.

Ал енді «ТұранӘлемБанктің» шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне сипаттама берейік.

«ТұранӘлемБанкі» АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі заңды тұлғаларды қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз өз қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге асырамыз. Қандай да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз бетінде ғана қалып қояды.

«ТұранӘлемБанк» соңғы жылдары қарқынды даму үстінде. Валюта балансы 2005 жылы 58 млрд. теңгеден 2006 жылы 95,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл жағдай банкті көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстанның банктік қызметтер нарығында 4-ші позициямен қамтамасыз етіп отыр.

Коммерциялық ссудалардың өсім қарқыны баяулады (2005ж. – 59,7%, 2006ж. – 63,4%), бірақ баланс валютасындағы олардың үлесі салыстырмалы түрде қалып отыр және орналастыру құралдырының арасында жоғары үлес салмаққа ие болып отыр.

Халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықтың шеңберінде банктердің және қаржы мекемелерінің алдындағы міндеттемелерінің құрамында – 92,0 млн. АҚШ доллар сомада 2 синдицирленген займ (2005 жылдың маусымында және қазан айында 1 жыл мерзімге тиімді жағдайларда алынған).

2005 жылдың басында банк 2007 жылда өтеу мерзімімен субординирленген облигацияларды, 2006 жылдың желтоқсанында 5 жыл айналым мерзімімен ішкі теңгелік облигацияларды шығарған болатын. Бұл банкке өзінің пассивтерінің құрамында клиенттерді несиелеудің көзі болып табылатын ұзақ мерзімді қаражаттардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Клиенттерге ұсынылған ссуда бойынша сыйақы 2006 жылда банк табыстарының негізгі бабы болып табылады. Есеп беру жылында банктің осы қызметінен түскен табыстардың сомасы 2005 жылмен салыстырғанда 49,4 %-ке ұлғайды. Процетті алумен байланысты емес табыстар банктің бүкіл табыстарының 14%-н құрады. 2006 жылы банк табыстарының жалпы көлемінде 18%-ті құрай отырып, комиссиондық табыстар 37,9%-ке өсті және де бұл клиенттік базаның өсу динамикасын көрсетіп тұр.

2003 жылы ЕБРР Банкпен акционерлік капиталға қатысу жөнінде Келісімге қол қойды  және одан әрі  Банк шығарған 15% жай акцияны сатып алды.

Банк стратегиясы өзіне көшбасшы банк позициясын және қаржылық қызметтер провайдері (жеткізушісі) позициясын ұстануды кіргізеді.

Осы стратегияны жүзеге асыру үшін банк мыналарға жұмылдырылмақ:

  • Банктік қызметтерді кеңейту.

Сондай-ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын кеңейте және несие (ссуда) қоржынының сапасын жақсарта бермек.

  • Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту.
    Банк операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек.

Талдау банк қызметін толық бағалау үшін жасалынады. Талдаудың материалдары  банктің дамуында артықшылықтар мен кемшіліктерді, жоғалтуларды, пайдаланбаған резервтерді, жоспарлауда кемшіліктерді табуға  көмектеседі. Банктің жарғылық қызметі   ортақ ақша өлшеуіште  көрсетіледі және негізгі және айналымдағы құралдар, тартылған құралдар, банктің жарғылық қызметті орындағанда   пайда болатын процестер және қаржылық нәтижелер болып табылады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы