Денсаулыққа қарсы қылмыстарды саралаудың маңызы


Скачать/Жүктеу

Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргендіктің нышандары «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медициналық тұрғысынан бағалаудың ережесінде» берілген:

1) денсаулыққа келген ауыр зиян критерийлердің болмауы;

2) денсаулықтың бұзылуының үзақтыгы — үш аптадан (21 күннен) аса мерзім;

3) жалпы еңбек қабілетін 10 %-тен 33 %-ке дейін айтарлықтай тұрақты жоғалту. Орташа ауырлықтағы зиянға қоддың саусағын немесе аяқтың бармағын жоғалту, майда сүйектің, бір-екі қабырғаның сынуы, т. б. Жатады[30, 256].

Қылмыстың субъективтік жағы — қасақана кінә. Кінәлі өзінің қоғамға қауіпті іс-әрекетінің салдарынан басқа адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келетіндігін ұғынады, қогамға қауіпті зардаптың қалайда болатындырын немесе болуы мүмкін екендігін алдын ала біледі, соны тілейді (тікелей ниет) не оған саналы түрде жол береді немесе немқұрайды қарайды (жанама ниет).

Бұл қылмысты жасаудағы себептер мен мақсат әр қилы. Олардың кейбіреулері денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтірудің саралаотан түрлеріне жатады.

ҚК 104-бабының 2-бөлігі бүл қылмыс құрамының сараланған түрлерін қарастырады, егер олар мына жакдайларда жасалған болса:

а) екі немесе одан да көп адамға қатысты

б) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруга не кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;

в) аса қатыгездікпен, сол сияқты кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі адамға қатысты;

г) ұйымдысқан топпен;

д) бұзақылық ниетпен;

е) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында;

ж) бірнеше рет жасалса немесе бүрын осы кодекстің 96-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді немесе кісі өлтіруді жасаған адам жасаса бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірген қылмыстық іс-әрекетті саралау үшін кінәлі ҚК 257-бабында көзделген қылмыстық жазалауға жататын іс-әрекетті жасауы қажет. Бұл жерде ең бастысы — денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргенде бұзақылық сипаттың болғанын анықтау.

Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бірнеше рет жасалынады деп саналады, егер кінәлі мына қылмыстарды жасаса:

а) ҚК 104-бабында көзделген қылмысты кемінде екі рет;

б) егер ҚК 103-бабында көзделген қылмысты бұрын жасаған болса;

в) егер КК 96-бабында көзделген қылмысты бұрын жасаған болса.

Кінәлінің ниеті денсаулыққа ауыр зиян келтіру екендігі анықталып, бірақ өзіне байланысты емес себептермен ондай зардапқа оның қолы жетпесе, құқық қорғау органдары кейде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келген осындай жағдайды саралауда қиындық көреді. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіруді денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіруге оқталудан ажыратқанда кінәлінің осы қылмыстардағы ниетінің бағыттылып ескеріледі.

1-бөлікте көзделген қылмыстың субъектісі — жасы 16-ға толған есі дұрыс адам, ал 2-бөлік бойынша — 14-ке толған адам.

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру барысында денсаулық қысқа уақытта бұзылса немесе жалпы еңбек қабілеті айтарлықтай емес тұрақты жоғалса, бұл- денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру деп аталады.

Қылмыс құрамының объективтік жагы қоғамға қауіпті іс-әрекетпен (әрекетпен немесе әрекетсіздікпен); денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалту сияқты денсаулыққа келген жеңіл зиян түріндегі зардаптармен; қылмыстық іс-әрекетпен аталған қылмыстық зардап арасындағы себептік байланыспен сипатталады.

«Денсаулыққа келген зиянның ауырлыгын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың ережесінде» 10-тармагына сәйкес, денсаулықты жеңіл жарақаттағандықтың белгілеріне мыналар жатады: денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы үш аптадан (21 күннен) артық емес мерзімге, жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалту — 10 %-ке дейін.

Аталған нысандардың әрқайсысы қылмыстың аяқталған құрамын береді.

Сот практикасы көрудің және естудің нашарлауын, көптеп тырналран, қанталаған жерлерді жеңіл зиянға жатқызады.

Егер денсаулыққа жеңіл зиян келтіріліп, нәтижесінде денсаулық қысқа уақытқа бұзылса немесе жалпы еңбек қабілеті айтарлықтай емес тұрақты жоғалса және ол зардап 6 тәуліктен аспайтын уақытқа созылса, бұл жағдай қарастырылып отырған қылмыстың құрамына жатпайды.

Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақана нысанымен сипатталады. ҚК 105-бабы бойынша саралау үшін кінәлі өзінің қоғамға қауіпті іс-әрекетінің нәтижесінде басқа адамның денсаулығына жеңіл зиян келетіндігін үгынуга және қоғамга қауіпті зардаптың болуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатындығын алдын ала білуге тиіс және соны тілеуге (тікелей ниет) не сапалы түрде оған жол беруге не немқұрайды қарауға тиіс (жанама ниет).

Бұл қылмыстық іс-әрекеттің себептері мен мақсаты әр қилы. Денсаулыққа абайсызда жеңіл зиян келтіргендік үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылмаған.

Қылмыстың субъектісі — жасы 1б-ға толған, есі дұрыс адам.

Қылмыс құрамының объективтік жағына ұрып-соғу, басқа да тән ауырлататындай күш қолдану жатады. Оның зардаптарында денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалту сияқты сипат болмайды.

«Денсаулыққа келген зиянның ауырлыгын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың ережесінде» 10-тармағына сәйкес, ұрып-соғу жарақаттың ерекше түріне жатпайды. Ұрып-соғу дегеніміз — неше қайтара ұру. Егер ұрып-соғу нәтижесінде жәбірленушінің денесіне жарақат түссе, оның денсаулыққа келген зиян ретіндегі ауырлығы жай белгілерге сүйеніп багаланады. Егер ұрып-соққаннан кейін ешқандай көрнекті із қалмаса, сот медициналық сараптама өз қорытындысында жәбірленушінің шағьшғанын атап өтеді, ешқандай көрнекті із қалмағандырын көрсетеді. Мұндай жағдайда ұрып-соғу фактісінің болмағандығын анықтау анықтама, тергеу, прокуратура органдарының немесе соттың құзырына жатады.

Тән ауыртатын өзге де күш қолдану әрекеттеріне ҚК 105-бабында көзделген зардаптарға әкелмейтін, бір жолғы зорлық актілері жатады. Оған қол бұрау, шымшу, итеру, тебу және басқа да тәнді ауыртатын әрекеттер жатады.

Жәбірленуші үшін ауырлау зардаптарға алып келетін ұрып-соғу немесе басқадай зорлық әрекеттер Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша саралануға тиіс.

Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақана нысанымен сипатталады. Кінәлі жәбірленушінің тәнін ауыртатындығын ұрынады, денсаулыққа зиян келетіндігін немесе келуі мүмкін екендігін алдын ала біледі, соны тілейді (тікелей ниет) немесе сапалы түрде жол береді не немқұрайды қарайды (жанама ниет).

Бұл қылмысты жасауға себеп қызғаныш, бас араздық, т. б. болуы мүмкін. Мұндағы мақсат — жәбірленушінің тәнін ауырту. Абайсызда ұрып-соққандық немесе тәнін ауыртқандық үшін қылмыстық жауаптылық болмайды. Қылмыстың субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Келесі салыстыратын бабымыз азаптау.Азаптау дегеніміз — ұдайы ұрып соғу немесе өзге күш қолдану әрекетінен тән зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер бұл осы Кодекстің 103 және 104-баптарында көзделген зардаптарға әкеп соқпайтын болса.

Жәбірленушінің зардап немесе азап шеккендігін анықтау мәселесін тергеу немесе сот өзі шешеді, оны сот-медициналық сараптаманың қарауына бермейді.

Қылмыстың объектісі — адамның дербес қоғамдық қатынастар. Оның объеістивтік жағы — ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шектіру. Бұл жағдайда жәбірленушінің денсаулыкына ҚК 103 және 104-баптарында көзделген зиян келмеңді.

Ұрып-соғудың міндетті нышаны оның ұдайылырында, яғни оны бір жылда үш және одан көп рет жасауда. Әрбір эпизод көп қайтара ұрудан тұрады.

Ереженің 12-тармағына сәйкес, азаптау және қинау дегеніміз – денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін әрекеттер болып табылады. Азаптау немесе қинау фактілерінің болғандығын сот-медициналық сараптамасы анықтамайды.

Сарапшы жарақаттың бар-жоғын, оның сипатын, қай жерде екендігін, қашан салынғандығын, қандай құралмен және тәсілмен салынғандығын анықтайды.

Қинау дегеніміз — ұзақ уақыт ас-су бермей, суық жерде немесе денсаулығына зиян жайда ұстау және басқа да әрекеттер арқылы жәбірленушіні күшелту.

Азаптау дегеніміз — тәнді көп қайтара және ұдайы ауыртуға бағытталған әрекет — қолды бұрау, шымшу, дүре салу. Доғал затпен ұрып көптеген кішігірім жарақат салу, денесін күйдіру.

Азаптап қинағанда кінәлі жәбірленушіге тән зардабын келтіреді немесе психикалық зардап шектіреді, ол үшін әрқилы тәсілдер қолданады. Нәтижесінде жәбірленушінің тәні ауырады, жаны қиналады.

Жәбірленушінің күйзелісін күшейту үшін неше түрлі құралдар мен жабдықтар қолданылуы мүмкін (электр тоғы, қызған темір, сүйекті күйрету, ине, т. б.).       Күйзелту дегеніміз — азаптаудың салдарынан жәбірленушінің ұзақ уақыт және қатты қиналуы. Ешқандай күш қолданылмай, жәбірленушінің тек қадір қасиетін таптау арқылы оның жанын күйзелту азаптауға жатпайды.

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниетпен сипатталады, яғни кінәлі өзінің қорамға қауіпті әрекетінің нәтижесінде (ылғи ұрып-соғу немесе күш қолдану) денсаулыққа зиян келетінін ұғынады, қоғамға қауіпті зардаптың болатынын немесе болуы мүмкін екенін алдын ала біледі, соны тілейді. Қылмыстың субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Азаптау мына жағдайларда жасалса, ол қылмыстың сараланған түрі болады:

а) көрінеу кәмелетке толмаган немесе кінәліге дәрменсіз күйде екендігі белгілі не кінәліге материалдық немесе өзге тәуелдіктегі адамға, сол сияқты ұрлаған не кепіл ретінде түсірген адамға қатысты;

б) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

в) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі белгілі әйелге қатысты;

г) азаптап;

д) жалдау бойынша;

е )әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұргысында жасалса,

Аталған ауырлататын мән-жайлар бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін арттырады және тиісінше жауаптылықты да күшейтеді. Жәбірленушінің материалдық тәуелдікте болуы — оның кінәлінің толық немесе жарым-жартылай асырауында болуы (көбіне кәмелетке толмағандар) не кінәлінің өз құрбанын ұстап отыргандығы, ягни оның материалдық түрғыдан кінәліге тәуелділігі.

Басқа да қатынастарра байланысты тәуелділік болуы мүмкін: бағынышты қызметкердің бастыққа, спортшының жаттықтырушыға, баланың ата-анаға, т. б. Бұл баптың «а» тармағына ұрланған немесе кепілге алынған адамды азаптау, оған тән зардабын немесе психикалық азап шектіру жатады. Егер, жәбірленушіні азаптауға кінәлі адам, сонымен қатар, ұрлауды.немесе кепілге алуды орындаушы да болса, онда оның әрекетін қылмыстардың жиынтығы бойынша саралау қажет.

Басқа саралаушы нышандар ҚК 96 және 304-баптарында көзделген қылмыстар құрамын талдау барысында қаралған.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы