адам денсаулығына зиян келтіру

Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру

Қылмыстың объективтік жағы денсаулыққа кенеттен пайда болған жан күйзелісі (аффект) жагдайында жасалған, жәбірленушінің тарапынан зорлық жасауға, қорлауға немесе ауыр тіл тигізуге, не жәбірленушінің өзге құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) байланысты, сол сияқты жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральра жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтіретін жағдайда қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірумен сипатталады. Бұл қылмыс жеңілдететін мән-жайларда адам денсаулығына қарсы жасалған қылмыстарға жатады.

Читать полностью »

Денсаулыққа қарсы қылмыстарды саралаудың маңызы

Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргендіктің нышандары «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медициналық тұрғысынан бағалаудың ережесінде» берілген:

1) денсаулыққа келген ауыр зиян критерийлердің болмауы;

2) денсаулықтың бұзылуының үзақтыгы — үш аптадан (21 күннен) аса мерзім;

3) жалпы еңбек қабілетін 10 %-тен 33 %-ке дейін айтарлықтай тұрақты жоғалту. Орташа ауырлықтағы зиянға қоддың саусағын немесе аяқтың бармағын жоғалту, майда сүйектің, бір-екі қабырғаның сынуы, т. б. Жатады[30, 256].

Читать полностью »

Денсаулыққа қасақана ауыр, орташа, жеңіл зиян келтіру түсінігі

Қылмыстық занда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық зан қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы