Скачать/Жүктеу
Қылмыстық занда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық зан қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Қылмыс құрамынын әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың кұрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінін жок болуы жуйенің болмауына, яғни қылмыс құрамынын тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапкы компоненттерді айтамыз.
Денсаулыққа қарсы қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объетивтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Қылмыстың субъективтік жағы бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудін мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол ушін 14-ке толған адам жауапқа тартылады.
Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстын басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардын диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның, Жалпы бөліміңде оның тиісті баптарында да айтылады.
Ерекше бөлімнін баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардын қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық кылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлшнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясыңда осы қылмыстың не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі — басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамына мұқиятшлықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады [24, 147].
Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардын, қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Соңдықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т. Б. ) немесе ол ұрлыктын қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе баска қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудін мүлкін ұрлаудын, түрлік белгісі — оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы — тонау болады. Кылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқықтық нормада — бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап — қызмет жөніңдегі жалғандық.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында кылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптын бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші белігінде осы кылмыстың ауыр немесе оте ауыр түрлері көрсетілген.
Ерекше бөлімнің баптарыңда әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істеген қылмыстары көрсетіледі. Алдын ала кылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа қылмыстын құрамының барлық белгілері болмайды [25, 234].
Мысалы, әйелді зордауға оқталғаңца онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды иемесе кісі өлтіруге оқталғанда қылмыстың зардабы — адам өлші жок. Бірақ та осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды. Бұл жағдайда да қылмыс кұрамы бар, бірақ ол оның кұрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді. Мысалы әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгілері бар. Қылмыс кұрамының зандыдықты сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Зандылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздін нығаюының негізгі шарты. Зандылық қағидасын сақтау, жүзеге асыру кұқық қорғау органынын қызметкерлерінің қасиетті борышы.
Бұл азаматтардын конституциялық кұкығын, бостандыктарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып табылады. Зандылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, онын әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады. Қылмыстық занды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге занды дұрыс қолданып, әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады. Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекстін қылмыстық занда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапка дәлме-дәл жатқызу болып табылады, Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық занда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады,
Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның беліктеріне, тармақтарына сай келетіндігі н дәлме-дәл көрсету қажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше кылмыстың құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бәліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қаңдай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол зандылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органлардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады.
Мұндай құбылыска жол бермеу үшін қылмыстық занды дұрыс қолданып, істін. Мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралауқажет, сондай-ақ кылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, зандылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздіқ құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес.
Өйткені жана Қылмыстық кодекстін негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық занда көрсетілген, коғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздыктан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады [26, 168].
Сонымен қатар жоғарыда атап айтқанымыздай біз тек қылмыстың құрамы жайлы емес қылмыстың құрамының негізгі түрлері жайлы да тоқталып кетсек.
Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды женілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі мүмкін.
Кылмыстық құқық ғылымында мұндай белінудің негізі (критериясы) болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс құрамының сипатталу тәсілі, үшіншіден, қылмыс құрамының кұрылысы есепке алынады. Іс-әрекетгің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай кұрамдар негізгі, жауаптылықты ауырлататын қылмыс кұрамдары және жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамдары болып бөлінеді. Негізгі кылмыс кұрамы деп іс-әрекеттің белгілі тұрі бойынша оңда негізгі, тұрақты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі қылмыс құрамында қылмысты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді. Мысалы Қылмыстық кодекстін,96-бабының 1-бөлігіндегі кұрам негізгі кұрамға жатады. Онда кісі өлтірудің жай түрі ғана көрсетілген, ауыр немесе жеңіл түрлері айтылмаған.
Егер қылмыс құрамыңда осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін кылмыс құрамы деп айтамыз. Мұндай кылмыс құрамына Қылмыстық кодекстің 98-бабында керсетілген қылмыс құрамы жатады (жан күйзелісі жағдайында болған кісі өлтіру). Негізгі белгілермен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы, сараланған қылмыс құрамы (яғни, жауаптылықты ауырлататын құрам) деп аталады.
Сондай-ақ кұрам қатарына 129-баптың 3-бөлігінде көрсетілген адамды ауыр қылмыс істеді деп айыптап жала жабу жатады. Немесе 175-баптың 2-бөлігіндегі ұрлықты ауырлататын жағдайлар: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет т. б. Жағдайлар жатады. Қылмыс кұрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама қылмыс құрамы деп бөлінеді. Жай құрам дегеніміз қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы ғана болуы. Бұған мысалы, 125-баптың 1-белігін де көрсетілген адамды ұрлау жатады. Күрделі қылмыс құрамының қылмыс құрамы элементтерінін бірінің күрделенуін айтамыз (объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы). Мысалы, екі объектіге бірдей қол сұғуын (179-бап — карақшылық). Кінәнің екі түрлі нысаны болатын қылмыстар (103-бап, 2-бөлігі жәнс т. б.)- Балама құрам деп Қылмыстық кодекстің бабындағы диспозициясында көрсетілген әрекеггердің біреуін істегендікті айтамыз. Мысалы, 259-бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату. Қылмыс кұрамының құрылысына қарай кұрамды түрге бөлудің де практикалық маңызы ерекше. Осы белгісі бойынша қылмыс құрамы материалдық, формальдық және келте қылмыс құрамы болып бөлінеді. Іс-әрекеттін нәтижесінен болатын зардап қылмыс құрамында көрсетілсе ондай қылмысты материалдық қылмыс құрамы деп атайды. Мұндай қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік жасалған уақыттан бастап қана емес, занда көрсетілген қылмыстың зардабы болған уакыттан бастап аяқталған деп саналады. Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып қиянат жасауды келтіруге болады (307-бап).
Формальдык, қылмыс құрамы деп зардабы болмайтын қылмысты айтамыз. Формальдық қылмысқа жататындар: пара беру (312-бап), қызмет жөніндегі жалғандық(ЗІ4-бап). Параберу, параны кез келген нысанда берген уақыттан бастап, белгілі бір зардаптың болуына қарамастан аяқталған қылмыс деп саналады. Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталған уакытын алдын ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді [27, 246].
Мұндай құралымда қылмыс құрамын келте құрам деп атаймыз. Келте қылмыс құрамына адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру қаупінде қалдыру (116-бап, 1-белігі) жатады. Бұл құрам бойынша зан шығарушы аяқтау уақытын оның зияндылығына байланысты оқталу сатысына көшірген. Яғни, бұл қылмыс деп аталған адамдардың жәбірлеиушіге осы ауруды жұқтырған уақытынан емес, оларға осы ауруды жұқтыру қаупін туғызған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Келте қылмыс құрамына бандитизм де (237-бап) жатады. Бұл қылмыс құрамы ұйымдастырылған уақыттан бастап-ақ біткен қылмыс деп есептелінеді.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың ең қауіптісі — Қылмыстық кодекстің 103-бабында көзделген қылмыс- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру болып табылады.
Бұл қылмыстың объектісі- басқа адамның денсаулығы. Қылмыстың міндетті нышандары — қоғамға қауіпті іс әрекет басқа адамның денсаулыққа заңсыз ауыр зиян келтірудің зардабы, сондай ақ қылмыстық іс әрекетпен болған зардаптың арасындағы себептік байланыс.
Денсаулыққа ауыр зиян келтіргенде күш жұмсаулуы да, ұру, ату тағы басқа психикалық қысым қорқытып немесе үрейлендіріп жүрек ауруына ұшрату, жасалуы мүмкін. Кінәлі әр түрлі құрал-жабдықтар, табиғат күшін аса қауіпті көздерді, жануарларды тағы басқаларын пайдалануы мүмкін.
Кінәлі әрекетсіздік көрсету арқылы денсаулыққа ауыр зиян келтіргенде, ол басқа адамның денсаулығына келетін ауыр зиянды тойтарып қалатын, өзі жасауға мән тиісті және жасауға мүмкіндігі болған әрекеттерді жасамайды мысалы айтсақ, дәрігерлердің науқас адамға уақытылы дәрі бермеуі нәтижесінде оның денсаулығының нашарлауы.
Денсаулыққа ауыр зиян келтіру түсінігі әр түрлі болады. Қылмыстық кодекстің 103-бабының диспозициясында берілген мына нышандардың кез келгені зиянды ауыр деп тануға негіз бола алады, олар А адам өмірі үшін қауіпті зиян;Б соқыр болып қалу түріндегі зиян; В мақау болып қалу түріндегі зиян Г керең болып қалу түріндегі зиян Д органнан айырлу немесе органның қызметін жоғалту түріндегі зиян.Ж денсаулыққа өмір үшін қауіпті өзге де, зиян келтіру; З еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан зиян немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалту; психиканың бұзылуы; есірткімен немесе уытты умен ауыру,
Десаулыққа өмір үшін қауіпті ауыр зиян келтіру түсінігі «Денсаулыққа келген зиян ауырлығын сот медицаналық тұрғыдан бағалаудан ережелерінде» берілген:
Денсаулыққа өмір үшін қауіпті зиян деп – келтірілген кезде жәбірленүшінің өміріне қауіп төқндіретін немесе өздерінің қалыпты өрбу барысында өлімге алып келетін дене жарақаттарын да, патологиялық жағдайды да санау қажет.
Денсаулыққа келтірілген өмір үшін қауіпті зиянға миға зақым келмесе де бас сүекті тесіп өткен жарақат; жұлынға зақым келмесе де арқа омыртқаны тесіп өткен жарақат жатады.
Денсаулыққа өмір үшін қауіпті зияндардың медициналық критерийлерінің толық тізбесі жоғарыда аталған ережеде берілген.
Денсаулыққа ауыр зиян келтіру нышандарына психикалық бұзылуы, есіркемен немесе уытқы умен ауруға ұшырау да жатады. Психикалық аурудың бар-жоғын психиатриялық сараптама анықтайды, бірақ ол ауру айіпкердің заңға қайшы іс әрекетінен туындау тиіс.
Айыпкердің іс әрекетінің салдарынан есірткемен немесе уытқы умен ауруға ұшрағандықты да нарколог, токсиколог қатыстырылған сот медициналық сараптамасы анықтайды. Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама ниетпен сипатталады. Кінәлі өзінің заңға қайшы әрекетінің салдарынан басқа адамның денсаулығына ауыр зиян келтіретіндігін мына ұғынады, қоғамға қауіпті зардаптың болуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатындығын алдын ала біледі және соны тілейді (тікелей ниет) немесе оған саналы түрде жол береді немқұрайды қарайды оны жанама ниет дейміз.
Егер кінәлінің ниетті денсаулыққа ауыр зиян келтіруге бағытталып, бірақ оған байланысты себептермен жәбірленүшіге орташа ауырлықта зиян келсе онда кінәлінің іс әрекеті болған зардаптар бойынша емес, ниттің бағыттылығы бойынша яғни денсаулыққа ауыр зиян келтірілген саралануға тиіс.
Қарастырылып отырған қылмыстың сесептерімен мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін (өш алу , бұзақылық қызғаныш тағы басқа).
Бұл қылмыс құрамның сараланған түрлері қылмыстық кодексінің 103-бабына 2-бөлігінде анықталған оларға мыналар жатады:
а) екі немесе одан да көп адамға қатысты ;
б) адамның қызметік жұмысын немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған не оның жақындарына қатысты;
в) кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамға қатысты;
г) аса қатігездікпен;
д) ұймдасқан топпен;
е) жолдау бойынша;
ж) бұзақылық ниетпен;
з) әулеметік, ұлттық,нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында;
и) жәбірленүші мүшелерін немесе тінің пайдалану мақсатында;
к) бірнеше рет жасалса немесе оны бұрын осы кодекстің 96-бабында көзделген кісі өлтірүді жасаған адам жасаса.
Осы аталған саралаушы нысандардың мазмұны адам өлтіру құрамының саралаушы нышандары қарастыру кезінде ашылған . Сондықтан ұқсас нышандары, қылмыстық іс әрекеттің зардабына айырмашылыққа баса қайтадан мұқият талдаудың қажеті шамалы. Бірақ кейбір ерешеліктерге тоқталып кеткен жөн.
Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Денсаулыққа орташа ауырлықта зиян келтірілген нышандары «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медецина тұрғысынан бағалаудың ережесінде» берілген:
1. Денсаулыққа келген ауыр зиян критерийлердің болмауы;
2. Денсаулықтың бұзылуының ұзақтығы -үш аптадан жиырма бір күннен аса мерзім;
3. Жалпы еңбек қабілетін 10%- тең 33% дейін айтарлықтай тұрақты жоғалту.
Орташа ауырлықтағы зиянға қолдың саусағын немесе аяқтың бармағын жоғалту майда сүйектің, бір екі қабырғаның сынуы жатады.
Қылмыстық кодекс 104-бабының екінші бөлігі ол қылмыс құрамның сараланған түрлерін қарастырады, егер олар мына жағдайларда жасалған болса:
а) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
б) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруға не кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;
в) аса қатігездікпен, сол сияқты кінәләге дәрменсіз күйде екені белгілі адамға қатысты;
г) ұйымдасқан топпен;
д) бұзақылық ниетпен;
е) әулеметтік, ұлттық нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында;
ж) біренше рет жасап немесе бұрын осы кодекстің 96-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірүді немесе кісі өлтіруді жасаған адам жасаса.
Қылмыстық іс әрекеттік осы саралаушы нышандарының мазмуны Қылмыстық кодексінің 96-және103-баптарында көзделген қылмыстардың құрамдарын қарағанда ашылған.
Сондықтан 104-бабы екінші бөлігінің жекеленген тармақтарын талдаумен шектелеміз.
Бұзақылық пен ниеттпен денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтірген қылмытың іс әрекетті саралау үшін кінәлі қылмыстық кодексінің 257-бабында көзделген қылмыстық жасалуға жататын іс әрекетті жасау қажет. Бұл жерде ең бастысы – денсаулыққа қаса қана орташа ауырлықтағы зиян келтіргенде бұзақылық сипатың болғаны анықтау.
Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бірнеше рет жасалынады деп саналады, егер кінәлі мына қылмыстарды жасаса;
1. Қылмыстық кодекстің 104-бабында көзделген қылмысты кемінде ікі рет ;
2. Егер қылмыстық кодекстің 103-бабында көзделген қылмысты бұрын жасаған болса да;
3. Егер Қылмыстық кодекстің 96-бабында көзделген қылмымсты бұрын жасаған болса.
Кінәлінің ниеті денсаулыққа ауыр зиян келтіру екендігі анықтау, бірақ өзіне байланысты емес себептермен ондай зардапқа оның қолы жетпесе, құқық қорғау органдары кейде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келген осындай жағдайды саралауда қиындық көреді. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіруді денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіруге оқталудан ажыратқанда кінәлінің осы қылмыстардағы ниетінің бағыттылығы ескеріледі.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру нәтижесінде денсаулық қысқа ауқытқа бұзылса немесе жалпы еңбек қабілеті айтарлықтай емес тұрақты жоғалса, бұл- денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру деп танылады.
Қылмыс құрамының обьективтік жағы қоғамға қауіпті іс-әрекетпен (әрекетпен немесе әрекетсіздікпен );денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалту сияқты денсаулыққа келген жеңіл зиян түріндегі зардаптармен; қылмыстық іс-әрекетпен аталған қылмыстық зардап арасындағы себептік байланыспен сипатталады.
Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот –медицина тұрғысынан бағалаудың ережесінде 10- тармағына сәйкес, денсаулықты женіл жарақаттағандықтың белгілеріне мыналар жатады : денсаулықтың қысқы уақытқа бұзылуы- үш аптада(21 күннен) артық емес мерзімге, жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалту –10%-ке дейін. Ұрып соғу 106 бап бойынша қарастырайық.
Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот медицина тұрғысынан бағалаудың ережесінде 10-тармағына сәйкес, ұрып соғу жарақаттың ерекше түріне жатпайды.
2.2 Денсаулыққа қасақана басқа да зиян келтіру түсінігі
1. Қылмыстық кодексте денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін ауырлататын мән-жайларсыз (ҚК 103-бабьшың 1-бөлігі), ауырлататын мән-жайларда (ҚК 103-бабының 2, 3-бөліктері) және жеңілдететін мән-жайларда (ҚК 108- бабының 2-бөлігі, 109-бабы? 110-бабы) жауаптылық көзделген.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың ең қауіптісі — ҚК 103 -бабында көзделген қылмыс — денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру болып табылады.
2. Бұл қылмыстың объектісі — басқа адамның денсаулығы.
3. Қылмыстың міндетті нышандары — қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), басқа адамның денсаулығына заңсыз ауыр зиян келтірудің зардабы, сондай-ақ қылмыстық іс-әрекетпен болған зардаптың арасындағы себептік байланыс.
Денсаулыққа ауыр зиян келтіргенде күш жұмсалуы да (ұру,ату, т. б.), психикалық қысым (қорқытып немесе үрейлендіріп жүрек ауруьша ұшырату) жасалуы да мүмкін. Кінәлі әр түрлі құрал-жабдықтарды, табиғат күшін, аса қауіпті көздерді, жануарларды, т. б. пайдалануы мүмкін.
Кінәлі әрекетсіздік көрсету арқылы денсаулыққа ауыр зиян келтіргенде, ол басқа адамның денсаулығына келетін ауыр зиянды тойтарып қалатын, өзі жасауға тиісті, және жасауға мүмкіндігі болған әрекеттерді жасамайды (мысалы, дәрігерлердің науқас адамға уақтылы дәрі бермеуі нәтижесінде оның денсаулығының нашарлауы).
4. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру түрінігі әр түрлі нышандармен сипатталады. ҚК 103-бабының диспозициясында берілген мына нышандардың кез келгені зиянды ауыр деп тануға негіз бола алады, олар:
а) адам өмірі үшін қауіпті зиян;
б) соқыр болып қалу түріндегі зиян;
в) мақау болып қалу түріндегі зиян;
г) керең болып қалу түріндегі зиян;
д) органнан айырылу немесе органның қызметін жоғалту түріндегі зиян;
ж) денсаулыққа өмір үшін қауіпті өзге де зиян келтіру;
з) еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоралтуға ұштасқан зиян немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалту;
к) психиканың бүзылуы;
л) есірткімен немесе уытты умен ауыру.
5 Денсаулыққа өмір үшін қауіпті ауыр зиян келтіру түсінігі «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медициналық тұрғыдан бағалаудың ережелерінде» берілген: «Денсаудыққа өмір үшін қауіпті зиян деп — келтірген кезде жәбірленушінің өміріне қауіп төндіретін немесе өздерінің қалыпты өрбу барысында өлімге алып келетін дене жарақаттарын да, патологиялық жавдайды да санау қажет. Дәрігерлік көмек көрсету нәтижесінде өлімнен алып қалу зиянның өмір үшін қауіптілігін бағаланғанда есепке алынбауы тиіс».
6 Денсаулыққа келтірілген өмір үшін қауіпті зиянга мига зақым келмесе де бас сүйекті тесіп өткен жарақат; жұлынға зақым келмесе де арқа омыртқаны тесіп өткен жарақат жатады. Денсаулыққа өмір үшін қауіпті зияндардың медициналық критерийлерінің толық тізбесі жогарыда аталған ережеде берілген.
7 Көру, есту қабілеттерін немесе қандай да бір органды жоғалту не органның қызмет қабілетін жоғалту өмір үіпін қауіпті жарақаттар емес, бірақ өздерінің зардаптары жағынан денсаулыққа келген ауыр зиянға жатады. Көру қабілетінен айырылу дегеніміз — адамның екі көзінің де тұрақты соқыр болып қалуы немесе саусақтарды екі метрден аспайтын қашықтықтан ғана санай алатын қабілет (көру қабілеті 0,04 және одан төмен): бір көзінің жанарын жоғалту еңбек қабілетінің үштен бірін (33 %-тен аса) тұрақты жоғалтуга әкеп соғады, сондықтан ол денсаулыққа келген ауыр зиян деп саналады.
8 Сот-медициналық сараптама бет-әлпеттің қалыпқа келгісіз бүзылу фактісін анықтайды, себебі бұл түсінік медициналық емес. Сарапшы қалыпты белгілерге сүйене отырып беттегі жарақаттың сипатын ғана анықтайды, сонымен қатар жарақаттың кейін ешқандай хирургиялық көмексіз біртіндеп тартылып немесе тегістеліп кетуі мүмкін екендігін анықтайды. Егер жарақаттың ізін жою үшін оперативтік ем (косметикалық операция) керек болса, онда беттегі жарақат қалыпқа келгісіз деп саналады. Бұл жарақаттың сол адамның бет-әлпетін бұзатын-бұзбайтындығын алдын ала тергеу органдары мен сот анықтайды.
9 Жалпы еңбек қабілетін тұрақты жоғалту дегеніміз — оның кемінде үштен бірін (33 %) жоғалту. Жарақат алғанда еңбек қабілетін қаншалықты тнрақты жоғалтқаны жарақат зардабы анықталғаннан кейін, объективтік мәліметтерге сүйеніп және Еңбек, халықты әлеуметтік қоргау министрлігі дайындаган еңбек қабілетін жоғалтудың проценттер кестесіне сәйкес белгілеиеді.
10 ҚК 103-бабының 1-бөлігіндекәсіби еңбек қабілетін оралтқандық жағдай да көзделген, бірақ бұл ретте жалпы еңбек қабілеті сақталуы да мүмкін. Кәсіби еңбек қабілетін жоғалтқанда кінәлі бірінші кезекте жәбірленушінің кәсіби қызметіне қатысты оның денсаулыгына қасақана ауыр зиян келтіреді (мысалы, пианистің саусақтарына зақым келтіреді)[28, 165].
11 Қанша айлығында болса да түсік тастау денсаулыққа келтірілген ауыр зиян болып саналады, егер ол агзаның дара ерекшеліктерімен емес, кінәлінің іс-әрекеттерімен тікелей себептік байланыста болса. Бұл жағдайда сот-медициналық саралтамаға акушер-гинеколог қатыстырылады. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің нышандарына психикалық бұзылуы, есірткімен немесе уытқы умен ауруға ұшырау да жатады. Психикалық аурудың бар-жоғын психиатриялық сараптама анықтайды, бірақ ол ауру айыпкердің заңға қайшы іс-әрекетінен туындауы тиіс. Айыпкердің іс-әрекетінің салдарынан есірткімен немесе уытқы умен ауруға ұшырағандықты да нарколог, токсиколог қатыстырылган сот-медициналық сараптамасы анықтайды.
12 Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама ниетпен сипатталады. Кінәлі өзінің заңға қайшы әрекетінің салдарынан басқа адамның денсаулырына ауыр зиян келтіретіндігін ұғынады, қоғамға қауіпті зардаптыңболуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатындығын алдын ала біледі және соны тілейді (тікелей ниет) немесе оған саналы түрде жол береді не немқұрайды қарайды (жанама ниет).
13 Егер кінәлінің ниеті денсаулыққа ауыр зиян келтіруге бағытталып, бірақ оран байланысты емес себептермен жәбірленушіге орташа ауырлықтағы зиян келсе, онда кінәлінің іс-әрекеті болган зардаптар бойынша емес, ниеттің бағыттылығы бойынша, яғни денсаулыққа ауыр зиян келтіруге оқталғандық деп саралануга тиіс (ҚК 24-бабы және 103-бабының 1-бөлігі).
Қарастырылып отырган қылмыстың себептері мен мақсаты әр түрлі болуы мүмкін (өш алу, бұзақылық, қызғаныш, т. б.).
14 Бұл қылмыс қүрамының сараланған түрлері ҚК 103-бабының 2-бөлігінде анықталған. Оларға мыналар жатады:
а) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
б) адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе қоғмдық борышын орындаура байланысты оған не оның жақындарына қатысты;
в) кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепілге алуға үштасқан адамға қатысты;
г) аса қатыгездікпен;
д) ұйымдасқан топпен;
е) жолдау бойынша;
ж) бұзақылық ниетпен;
з) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпендшік немесе араздық тұрғысында;
и) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында;
к) бірнеше рет жасалса немесе оны бұрын осы кодекотің 96-бабында көзделген кісі өлтіруді жасаған адам жасаса.
Осы аталған саралаушы нышандардың мазмұны адам өлтіру құрамының саралаушы нышандарын қарастыру кезінде ашылган. Сондықтан ұқсас нышандары, қылмыстық іс-әрекеттің зардабындагы айырмашылыққа баса қайтадан мұқият талдаудың қажеті шамалы. Бірақ кейбір ерекшеліктерге тоқталып кеткен жөн [29, 423].
Жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында денсаулыққа қасақана ауыр жарақат келтіргенде жәбірленушіні мәжбүрлеп немесе ол есінен танып жатқанда хирургиялық операция жасап, оның қандай да бір мүшесін не тінін алады. Зардаптың болған-болмағандырына қарамастан, яғни кінәлі жәбірленушінің мүшесін не тінін өз иелігіне алса да, алмаса да бұл қылмыс аяқталған болып танылады.
Екі немесе одан көп адамға қатысты әр уақытта (ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «а» тармарымен шатастырып алмау қажет), сондай-ақ әр уақытта да бір адамға қатысты, бірақ әр жолы жаңа туындаған ниет бойынша бірнеше рет денсаулыққа ауыр зиян келтіру ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «к» тармағы бойынша сараланады.
Бұл тармақтың екінші саралаушы нышаны ҚК 9б-бабында көзделген кісі өлтірудің бұрын жасалуы. Қасақана адам өлтіруді жасаған кінәлі адам деп ҚК 96-бабында көзделген қылмысты орындаушы ғана немесе оган қатысушы ғана емес соньшен қатар басқа адамның өміріне жасаған қастандығы аяқталмай қалған адам да танылады, еғер алғашқы қылмыстық іс-әрекетінің ескеру мерзімі өтпеғен не соттылығы жойылмаған болса.
ҚК 103-бабы 3-бөліғінде жәбірленушінің абайсызда қаза табуына себеп болған денсаулыққа ауыр зиян келтірғендік үшін жауаптылық көзделғен. Бұл қылмыстық іс-әрекетте өзінше бөлек екі құрам бар — денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және абайсызда кісі өлтіру.
Бұл саралаушы құрамның мәні — жәбірленушінің денсаулыққа ауыр зиян келтіру (өмірі үшін қауіпті) және оның өліміне тікелей себеп болуы.
Адам өлтірғенде кінәді әрекетті де қасақана жасайды және жәбірленушінің қаза табуы түріндеғі өз іс-әрекетінің зардабына да қасақана қарайды. Ал, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірғендіғі іс-әрекетте қасақаналық сипат болуы мүмкін, ал болған зардапқа — жәбірленушінің өліміне — абайсыздық түріндегі кінә тағылады (менмендік немесе ұқыпсыздық). ҚК 22-бабына сәйкес мүндай қылмыс қасақана жасалған болып саналады.
Қылмыс субъектісі — жасы 14-ке толған, есі дұрыс адам.
Ал бұл көрсетілген баптың басқа баптардан айырмашылығы мынада.
Қылмыс құрамының объективтік жағы қоғамға қауіпті іс-әрекетпен (әрекетпен немесе әрекетсіздікпен); зардаптармен — денсаулыққа ұзақ уақыт бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетінің кеміңце үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірумен; қылмыстық іс- әрекет пен оның зардаптарының арасындагы себептік байланыспен сипатталады.