Скачать/Жүктеу
Соз ауруы дегеніміз — жыныстық қатьшастар арқылы берілетін жұқпалы аурулар. Оларға мерез, гонорея, жұмсақ шанкер және басқа аурулар жатады, олардың бар-жоғын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жургізіледі.
Соз аурулары қоғам үшін едәуір қауіпті, ол патологиялық жолмен баланың денсаулығына әсер етеді, аурудың тұқымсыз қалуына әкеп соғады, т. б.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Заңының 119-бабында тексерілуден және емделуден Бұлтарған адамдар, сондай-ақ соз ауруларын және ЖҚТБ таратушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапталады делінген.
ҚК 115-бабы өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның оны басқа адамға жұқтырғандығы үшін жауаптылық көздейді. Қазақстан Реслубликасы Жоғарғы Соты Пленумының 1975 жылғы 12 маусымдағы «КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1973 жылғы 8 қазандағы «Соз ауруларын жұқтыру жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» № 15 қаулысының орындалу барысы турапы» № 3 қаулысында «осы категориядағы істер бойынша, атап айтқанда, сотталушымен байланыстағы адамдарды анықтау, сондай-ақ қьшмыс жасауға себебі болған мән-жайларды білу мәселесі бойынша аддын ала тергеудің сапасына соттар қатаң талап қоюы керек».
Қылмыстың объектісі — адам денсаулығы. Оның объективтік жағы басқа адамға соз ауруын жұқтыруға әкеп соққан әрекетпен немесе әрекетсіздікпен сипатталады. Кінәлінің алуға тиіс.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама ниетпен сипатталады. Адам өзінде соз ауруы бар екендігін ұғынады, қауіпсіздіктің белгіленген ережелерін бұзады, басқа адамдарға соз ауруының жұғуы мұмкін екендігін немесе қалай да жұғатындығын біледі, соны тілейді (тікелей ниет) немесе тілемейді, бірақ жұқтыру мүмкіндігіне жол береді немесе оган немқұрайды қарайды (жанама ниет).
Кінәнің абайсыз нысаны қылмыстық менмендік түрінде болуы мүмкін, бұл жағдайда кінәлі адам өзін-өзі емдеумен айналысқан, ешқандай негізсіз өзін саумын деп санаған немесе сақтанудың тиімділігі аз құралдарын пайдаланған болып келеді.
Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға жеткен, соз ауруымен ауыратын, оны өзі білетін, есі дұрыс адам.
Бұл қылмыстың сараланган түрі — екі немесе одан да көп адамға не кәмелетке толмағанға соз ауруын жұқтыру, осы баптың екінші бөлігінде қарастырылған. Екі және одан да көл адамға жұқтыру дегеніміз — соз ауруын бір уақытта немесе әр уақытта жұқтыру, егер алғашқы қылмыстық іс-әрекет үшін ескіру мерзімі бітпеген болса. Жәбір шеккен кәмелетке толмағанға жасы 18-ге жетпеген, онысын кінәлі білетін адам жатады.
Ал 116 бап белгілі себептерге байланысты алынып тасталынған. Сонымен қатар мысал ретінде Шымкент қаласындағы болған оқйға. Бұл оқиғада нақты біз көріп отырғанымыздай медецина қызметінің қызмет бабына немқұрайды қарағандығы салдарынан орын алған жағдай деуге болады.