Календар тарихы — Младие календары


Скачать/Жүктеу

Младие календары бойынша бір жыл 365 күн немесе, 366 күн болады. Бұл уақыт жер шарының күнді толық бір рет айналып шығыуына кететін уақытқа тура келеді. 365күндік жыл әдеттегі жыл деп ал, 366 күн болатын жылды Артық жыл не толық жыл деп атайды. Младиа календры бойынша әр төрт жылдың 3 жылы әдеттегі жыл, ал бір жылы толық жыл болады(халқаралық келісім бойынша солай). Толық жыл үшін Младиа жыл саны 4 ке қалдықсыз бөлінеді. Ал әдеттегі жылдар қалдықсыз бөлінбейді. Мысалы: осы жыл толық жыл, келер2009 жыл 4 ке бөлінбейтіндіктен ол әдеттегі жыл болады.Бір жыл 12 айға бөлінеді, айлар үлкен ай және кіші ай деп екіге бөлінеді. Үлкен ай 31 күннен, кіші ай 30 не 29 не 28 күннен болады. Бұл айлардың рет тәртібі және күн саны төмендегідей:

1-ай қаңьар 31 күн, 2-ай ақпан 29 не 28 күн, 3- ай наурыз 31 күн, 4- ай көкек  30 күн, 5- ай мамыр 31 күн, 6- ай маусым  30 күн, 7-ай шілде 31 күн, 8-ай тамыз 31 күн, 9- ай қыркүйек 30 күн, 10-ай қазан 31 күн, 11- ай қараша 30 күн, 12-желтоқсан 31 күн. Ақпан айы әдеттегі жылдарда 28 күн, ал толық жылдарда 29 күн. Бұдан басқа календырда мынадай мәселе бар, яғни, әр 400жыл сайын 3 күнді календырдан шығарып тастау. Шығарып тастау әдісі төмендегідей: младие жыл санының әр орындағы сандардың  ішіндегі жүздік және мыңдықтар  орнында тұрған сандардың 4 ке қалдықсыз бөлінбейтін сандарынан бір күнді шығарып тастау. Мысалы: 1300, 1400, 1500-жылдарының жүздер және мыңдықтар орнындағы саны 13,14,15, яғни 4 ке бөлінбейді, сол себепті осы осы жылдардан бір бір күнді шығарып тастайды.сол үшін осы жылдар әуелде толық жыл болсада толық жыл ретінде алынбайды. 1600жылдағы 16 саны 4 ке қалдықсыз бөлінеді, сондықтан бұл жыл әуелде белгіленгені бойынша толық жыл бола береді.

Қазргі дүниеде осы календарды қолданады.

2. календардың пайда болуы және дамуы

Уақытты есептеуге адамдар бұрыннан тартып көңіл бөлген. Осыдан бірнеше мыңжылдықтар бұрын сол заманға лайықталыр бірнеше түрлі календарлар жасалып шыққан, мысалға қазыргі Хижра календары.

Сонымен младие календары деген не? Ол қашаннан бастап қолданыла бастаған?

Младие календары христан мүриттерінің календары болып, младие деген сөз туылыу деген мағына берген. Бұл Ғайса пайғамбардың туылған күніннен бастап қолданылған дегенге жақын келеді. Бұл календар ең әуелде Мысырлықтардың күн календары болған, ал ол кезде Римдіктер ай календарын істеткен, олардың календары римның құрылғаныннан бастап қолданыста болғанын білдірген(бірақ римның қашан құрылғанын ешкім білмейді ғой).

Младиеден бұрынығы 46жылы рим императоры Юлий Цезарь өзінің мысырлық кеңесшісі Сүзгіннің ұсынысы бойынша қазыргі біз қолданып жүрген 365 күн 6 сағат ретінде есептеуді жолға қойған. Есептеу әдісі де дәл бүгінгі күндегідей болған, және 3 жылды 365 күннен, ал 4-ші жылын 366 күннен есептеген, әр жылы есептелмей қалған 6 сағатты 4-ші жылдың ең соңғы айына (ол кезде жылдың ең соңғы айы ақпан болған)қосып берген, сондықтан да жылды осы тәсіл бойынша есептейтін аелендар «Иұли календары » деп аталады.

Младие бойынша есептегенде 525-жылы (ол уақытта бұл жыл болмаған) Ныкей шіркеуінде тұңғыш рет Иұлан календары негізінде «Христан календары » жасалған.  Бұл календардың түзіліуі бойынша көктемде болатын күнмен түннің теңесуі 21- наурызға туара келен. Осыдан 100 жыл өткен кезде бұл календарда көрсетілген күнмен түннің көктемгі теңелуі 21- наурызға емес басқа күнге келетінін байқаған, нәтижесінде христан дініндегі көптеген діни мереке  мейрамдар дәл уағында келмейтін болған. Енді дін басылары ойлана бастайды.

Римдықтардың сол кезде жүргізіп жатқан календары бойынша 1284жылы(бұл бағана біз айтып өткен рим құрылған кезден бастап есептелген календар бойынша) арнайы дінни істермен шұғылданатан дінни ҰЛМА дінбасы «Қайса пайғамбардың туылған күні»нен бастап жыл санауды бастап есептеуді ұсынады. Ол ешқандай дәлел келтірместен Қайса пайғамбар осыдан 532 жыл бұрын туылған, сондықтан келер жылды 533-жыл деп санау керек дейді. Сол жылдан бастап біздің қазргі Младие календары бойынша жыл санауымыз басталып кетеді. Одан бұрын Младие бойынша есептелген жылнамалар нағында жоқ еді(қазргі тарихи құжаттардағы 532-жылдан бұрынғы календар бойынша берілген сандық мәліметтер кейінгі тарихи кітаптарда жарияланғанда уақытты дұрыс түсіну үшін младие календарына салыстра календар істетіледі.)

Дін басы 532 санын қайдан тапқан? Бұл сан 28 бен 19дің көбейтіндісі, онда 28 саны қандай сан? Юлиян календары бойынша 28жылда жылдың барлық күндері басынан бастап соңына дейін бірдей қайталанады. Мысалға, 1984жылдың барлық күндері 1956-,1928-, және 2012жылдың барлық күндерімен бірдей келеді.(1984-жылдың 15- қыркүйегі сенбі, онда жоғардағы жылдардың 15-қыркүйегі де сенбі болады.) ал енді 19 саны қайдан келген?

Ай фазалары(айдың толық және жарты ай болып өзгеру аралығы) әр 19 жылда бір рет өзінің бұрынғы күндері бойынша ұқсас фазада келеді.

Есептеулерге қарағнда, христандардың көктемде келетін Пасқа мерекесі, 532-жылдан кейінгі көктемде Ныкей ғибадатқанасында жасалған календар бойынша бұрынғы белгіленген уақытқа сәйкес келеді. Демек, дін басы 532 санын осындай күрделі есептеулер мен зерттеулер арқылы келтіріп шығарған болуы мүмкін.  Бірақ, бұл Қайса пайғамбар осыдан 532жыл бұрын дүниеге келген дегенді білдіре бермейді. Оның бұл сөзі тек шіркеудің календардағы қателіктерді туралау үшін айтылған сөзі болуы мүмкін. Сонымен младие бойынша жыл санау бір нақтылыққа құрылғаннан көрі дінніи амалдар бойынша келген деуге де болады.

Ныкей ғибадатқанасының календары бойынша 21- мартта келетін күнмен түннің теңелуі 16- ғасырдың екінші жартысына келгенде 10 күн айрмашылықты келтіріп шығарған, яғни күнмен түннің теңелуі 11 мартқа тура келіп қалған, бұл қателік қайдан шыққан? Астрономиялық есептеулерге қарағанда жершарының күнді толық бір рет айналып шығыу үшін 365 күн 5 сағат 48 минут 46секунт (яғни 365,2422 тәулік) кететінін есептеп шығарған, Юлиян календары бойынша бір жыл 365 күн 6 сағат бойынша есептелетіндіктен бұл календар нақты жылдан (күн жылы немесе Тропик жылы деп аталады) әр жылы 11 минут 14 секунд артық есептелінеді. Осындай айырмашылық 128жылда бір күнге, 400жылға жуық уақыт ішінде 3 тәулікке жетеді, осы себепті Юлиан календары 1200жылдан (календар жасалған 325жылдан бастап) артық уақыт ішінде 10 күн айрмашылықты келтіріп шығарған, бұл айырмашылық календар жылын нақты жылдан (күн жылынан ) 10 күн кешіктреді, нәтижеде, біз жоғарда айтып өткен көктемде келетін 21-науырыздағы күнмен түннің теңелуі 11-наурызға келген.

Солай болып бұл 10 күндік айырмашылық христанның әр жылы өткізетін дінни мерекелерінің өз уағында болмауына әкеліп соққан. Осы мәселені шешу үшін христан дін басыларының бірі рим папасы Григори XIII асторномдар мен діни адамдарыды  шақырып осы қателкті бір жақты етуге бұйрық береді. Осы барыста Италаиялық Лылонның ұсынысы бойынша Юлиян календарына өзгерістер енгізу   туралы қарар қабылданып , 1582-жылы 24-ақпанда ол күшіне енеді.  Қарардағы өзгерстерде төмендегілер ортаға қойлады:

  • 1) 1582жылы 4-қазаннан кейін келетін 5-қазанды (жұма)15-қазанға өзгертілді. Сонымен бұрынғы 10 күндік айырмашылық жоғалып, 1583-жылы көктемде келетін күнмен түннің теңелуі 21- науырызға тураланды.
  • 2) Келесіде және оысндай айырмашылықтың келіп шықпау үшін әрбір 400жылда Юлян календарының 3 күн артық есептеліп кететін уақыты шығарып тасатуды белгіленген. Шығарып тастау ережесі: юлян календары бойынша 4 ке қалдықсыз бөлінетін жылдар толық жыл болып есептелетін, бірақ, бұл белгілеме бойынша жүздер және мыңдықтар орынындағы сандары 4 ке қалдықсыз бөлінетін жүздік жылдар (мысалы 1200, 1600, 2000-жылдар) әуелдегі белгілеме бойынша толық жыл болсада , 4 ке бөлінбейтін жүздік жылдар (мысалы 1700,1800,1900-жылдар) нағында толық жыл болмасада оларды толық жыл ретінде қарау керек деп бекітілді. Осы өзгерістерден басқа календарды есептеу бұрынғы юлян бойынша есептеу әдісінде қалдырылды. Соынмен осыдан бастап әр 400жыл сайын келетін 3 күндік аиырмашылық жоғалды. Бұрынғы календарды жаңа өзгерген календардан айрып тұру үшін жаңа календарды «Григориян календары » деп атады. Қазргі дүниеде осы календарды істетеді.

Осы календар папаның үкімі бойынша өзрегнен күннен(1582-жылы 15-қазаннан) бастап қолданысқа енгізген елдер Португылия, Испания, Белгия, Италя болады. Одан кейін Европаның католик діннен сенетін елдері біртіндеп осы календарды қолдана бастады. 1752жылы Ұлы-Британияда ,1873-жылы Жапонияда, 1912-жылы Қытайда, 1918-жылы Бұрынғы Совет одағында, 1925жылы Иранда, 1926-жылы Түркияда , 1928-жылы Мысырда қолданысқа енген. Көне календар мен жаңа календарыдың айрмашылығы XVI ғасырдан тартып 19-ғасырдың соңына дейін және 3 күндік айрмашылықты келтіріп шығарды, сол себепті көне календар мен жаңа календардың айрмашылығы кешегі 20 -ғасырда 13 күн болаып қалады, мысалға, Россияда календарды 1918жылға дейін жаңа календарға өзгертпегендіктен орыстар тарихындағы барлық календарлық мағұлматтар көне календар бойынша жазылған. Бұрынғы Совет одағының сотциялистік жеңіс күні көне календар бойынша 25- қазан болғандықтан та бұл күн төңкеріс күні деп аталады, ал нағында мемлекет мерекесі 25-қазаннан 13 күн кейін 7- қарашада өтеді.бүл көне календар мен жаңа календар аралығындағы 13 күндік айрмашылықтың кесірі еді. Осы айырмашылықты жою үшін Совет одағы жоағрғы кеңесі 1918жылғы 1-ақпан жұма күнін 14- ақпан деп өзгертуге қарар қабылдады. Сол кезден бастап одақта көне календар жаңа календармен тураланды.

Кейбір кітаптарда баяндалатын тарихи оқыйғалардың екі түрлі санмен берілетінін көреміз. Бұл көне календар мен жаңа календардағы уақыттарды білдіреді. Тарихи кітаптардағы жақша ішіндегі жазылған сан осы күнгі жаңа календармен берілген күнді белгілейді, мысалы: Манат Мұстафа 1886[1]жылы қыркүйектің 10(22) — жұлдызында дүниеге келген. 1903жылы 17(30)-шілдеде қандайда бір оқыс оқыйға болған жоқ деген секілді. Біздің қазргі календарымыз 2100жылға дейін көне календармен 13 күн айрмашылықпен жүреді.  Сондықтан да 2000-жыл толық жыл болғандықтан 20-ғасырдың бітуімен ешқандай өзгеріссіз қалады. Ал 2100-жылдан кейін көне календарға және бір күн қосылып айрмашылық 14 күнге жетеді, солай жалғасы береді.

Жаңа календар бойынша әр 400жылда 3 күнді календардан шығарып тастағанның өзіндеде осы 400жыл ішінде жәнеде 2 сағат 53 минут асып қалады. Бұл асып қалған уақыт 3300жыл өткенде бір тәулікке теңеседі. Бірақ, бұл біздің өмірімізге көп кері әсері бола бермейді, 3300жылдан кейін және бір календар шығып осы айрмашылықты жоғалтуы да мүмкін .


[1] Бұл жерде 19-ғасырда жаңа календар мен көне календар арасындағы айрмашылық 12 күн , ал 20- ғасырда 13 күн болады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы