Банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ – пен Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға «дербес несиелер» деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді тұтыну несиесінің бір түрі деп қарастыруға болады, бірақ олардың тауарларын қаржыландырудың бірқатар мәнді айырмашылықтары бар. Біріншіден, дербес несиелер – бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден, делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.
Читать полностью»

11.01.2012
aslan
Рубрика: 