Программалау тілінде стандартты математикалық функциялардың қолданылуы


Скачать/Жүктеу

  • Программа құрылымы. Әр бөліміне сипаттама бер
  • Тұрақтылар. Программада сипатталуы

Басқа да программалау тілдеріндегідей Паскаль тілінде мәліметтер тұрақтылар мен айнымалылар деп қарастырылады. Программада тұрақтылар мен айнымалылар идентификаторлармен белгіленеді де кейінен программа жазылу барысында осы берілген атау бойынша қолданылады.        Программа орындалу барысында көрсетілген қалпынан өзгермейтін шамаларды тұрақтылар деп атайды.   Паскаль тілінде түрлі тұрақтылар қарастырылады, олар: бүтін, нақты, 16 – разрядты, логикалық, символдық, символдық тізбек, жиын құрылысшысы, көрсеткіш.Бүтін тұрақтылар нүктесіз, нақты түрақтылар нүктені пайдаланып жазылады. Машина жадына (-2147483648 ; +2147483647) аралығында берілген бүтін сандарды жазу мүмкін.    Нақты сандарды бейнелеуде ондық белгісі деп аталатын нүкте “.” Символы және нақты сандардың мәндерінің оң немесе теріс екендігін көрсету үшін кескіндердің алдына “+” немесе “-” таңбасы жазылады. Нақты тұрақтылардың жылжымалы нүктелі (экспоненциалдық) түрінде берілуі мүмкін, мысалы:

Математикалық жазылуы                                         Экранға шығарылу түрі

145                                                                                145

-0,32564                                                                       -.32564

3,14•105                                                                                                                3.14Е5

-17•10-2                                                                                                                 -17Е-2

16 – разрядты сандар. 16 символдан тұрады және алдында $ символы жазылуы тиіс.  Логикалық тұрақтылар  - бұл не FALSE (жалған), неTRUE (ақиқат) мәнді тұрақтылар.Символдық тұрақтылар – бұл екі жағынан апостроф (‘ ’) символдарына алынған кез – келген символ.Мысалы: ‘z’~ z не болмаса #90~zСимволдық тізбек – бұл екі жағынан апостроф (‘  ’) символдарына алынған символдар тізбегі.Мысалы: ‘My Book’ не болмаса #83#121#109#98#11#108~SumbolЖиын құрылысшы – екі жағынан квадрат жақшалармен шектелген жиын элементтерінің тізімі.Мысалы:  [1,2,3,4,…15,16]       [blue, red] [ ] [tru] Барлық тұрақтылар программаның const деген қызметші сөзінен басталатын арнайы бөлімінде сипатталануы қажет.

Айнымалылар. Айнымалылар типтері Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификатормен белгіленіп,әрбір уақытта белгілі бәр мәнге ие болады.Айнымалылардың белгіленуі:AlFA,X3,SUMMA,A1B8т.с.с.Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін.Индекспен берілген айнымалалар массив деп аталады.

Программа орындалу барысында мәндер өзгеретін шамалар айнымалылар деп аталады. Айнымалылар да, тұрақтылар сияқты программаның var  деген қызметші сөзінен басталатын  арнайы бөлімінде сипатталынуы тиіс.

Айнымалылар сипаттамасының жалпы түрі:

Var

          <идентификатор> : <түрі>;

          мысалы:

var

X,Y,Z: integer;

Max, min: real;

Өрнектер. Паскаль тілінің негізгі элементтерін құрайтын тұрақтылар, айнымалылар және функциялар болып саналады. Осы элементтерден операциялар таңбаларымен жақшаларды пайдалана отырып, өрнектерді құрастыруға болады. Өрнектің  мәнінің типі осы өрнекті құрайтын операндтардың типтерімен және оларға қолданған операциялармен анықталады.

Амалдар. Паскаль тілінде келесі операциялар белгіленген:

  • унарлық операциялар: not, @;
  • мультипликативтік операциялар:
  • *, /,div, mod,and,shl,shr
  • аддитивтік операциялар: +, -, or, xor;
  • қатынастар: =, <>, <, >, <=, >=, in.
  • Мәліметтерді енгізу, шығару операторлары Паскальда енгізу операторының жалпы түрде жазылуы:READ(x1,x2,..xN).READ операторының алдында мәндерді жадқа енгізілуі тиіс айнымалыларды Write операторы арқылы экранда көрсетіп қойған жөн. Паскаль тілінде енгізу шығару операторлары процедура болып анықталады.Енгізу операторы есеп шығаруға қажетті берілген мәліметтерді пернелерден немесе дискідегі файлдан программа енгізу үшін қолданылады. Ол үшін төмендегі операторлар пайдаланылады:READ(b1,b2,bN),READLN(b1,b2..bn),READLN. READ операторының аты,ағылшынша оқу деген ұғымды білдіреді. Алғашқы оператор көрсетілген айнымалылардың мәндері енгізілген соң,курсорды келесі қатарға көшірмейді. Ал READLN (read line-қатарды оқу)пернелерден мәндер енгізілгеннен кейін курсор келесі қатарға көшіп кетеді. Соңғы қатарда жазылған параметрсіз оператор ешбір мән енгізбей,тек курсорды келесі қатарға көшіру ісін атқарады. Шығару операторлары есептің нәтижесін экранға не файлға басып алу үшін қолданылады. Жазылу формасы:Write (FN,b1,b2..bn);Writeln(FN,b1,b2,..bn);Writeln(FN); мұндағы FN шығаратын файлдың аты, (b1,b2,bn) мәндері жазылатын айнымалылардың аттары.Шығарылатын мәндерінің түрі айнымалылардың типі арқылы анықталады, олар integer,real,boolean,char,string  сияқты типтер түрінде бола алады. Шығару операторында жақша ішінде қағазға не экранға шығарылатын мәннің ондағы алатын орнын,яғни енінтолық көрсетуге болады.Бүтін санды оның енін көрсете отырып экранға шығару,мысалы, b айнымалысының бүтін түрдегі мәнін көрсету.Write(b:n) немесе Write(b:5) операторы арқылы жүзеге асырылады.

Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы