Информатика

Антивирус программасы

Өмірдегі сияқты компьютер әлемінде де көптеген кедергілер кездеседі. Программалардың ашпай қалуы, компьютердің дұрыс жұмыс істемеуі және т.б сияқты. «Вирус» — көбімізге әлі биологиялық термин. Солай болуы да тиіс. Індет қоздырушының осынау бір атауы, компьютер саласына өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында ене бастады. IT тарихшылары оларды әу баста қалжың үшін жазылған кодтар дейді. Ол рас болса, ойынымыз осылды деген осы: жыл сайын вирустар миллиардтаған доллар шығын әкеледі.

Читать полностью »

Жиын және жазба

ЖОСПАР:
1. Жиын ұғымы
2. Массив түсінігі.
3. Жазба.

ЖИЫН — тұтас түрде қарастырылатын кез келген бір типті элементтер жиынтығы. Ол күрделі типті деректердің бірі. Деректер, элементтерінің саны 255-тен аспайтын, Real және Pointer-ден басқа кез келген жай типті болуы мүмкін. Элементтерінің орналасу ретін
өзгерту міңдетті емес. Жиын SЕТ операторы арқылы сипатталады (SET— орналастыру):
SЕТ оf < жиын элементтерінің типі>
Мысалы:
tуре JN = sеt оf 1..40;
vаr МN : JN;
J1 : set оf Вооlеаn;
J2 : sеt оf ‘А’.. ‘Т’;
Мұндағы JN — жиын типінің аты; JN типті МN айнымалысының элементтері 1..40 аралығындағы кез келген бүтін сандар; J1 жиынының нәтижесі тек ТRUЕ не FALSЕ мәндерінің бірінен тұрады, т.с.с.

Читать полностью »

ЭВМ-нің тарихы

Есептеуіш техниканың даму тарихы Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек,есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді.

Читать полностью »

программалық жабдықтама

Жоспар:
1)Программалық конфигурация-программалық жабдықтаманың құрамы.
2) Қолданбалы программалық жабдықтау.
3) Қолданбалы программаның дестелері.
4) программалау құралдары.
5)программалық жабдықтау
Программалар — бұйрықтардың жалғасуының тәртіпке келтірілуі. Барлық компьютерлік программаның ақырғы мақсаты — аппараттық құралдармен басқару. Сондай-ақ бір қарағанда программа құрылғылармен бірге әрекет етпесе де, және енгізу құрылғыларынан енгізу мәліметтерін талап етпесе де, сонымен бірге шығару мәліметтерін шығару құрылғыларына орналастырмаса да, бәрібір оның жұмысы компьютердің аппараттық құрылғыларын басқаруға негізделген. Компьютерде прогаммалық және аппараттық жабдықтаулар тығыз байланыста, сонымен бірге үздіксіз бір әрекетте жұмыс істейді. Бұл екі категорияны біз екі бөліп қарағанымызбен, бұл екеуінің арасында диалектикалық байланыс бар екенін ұмытпауымыз керек, оларды бөліп қарауымыз уақытша деп білуіміз керек.

Читать полностью »

HTML тілінде жазылған электронды гипермәтіндік оқулықтың құрылымын қалыптастыру

Бітіру жұмысының нәтижесі HTML тілінде жазылған электронды гипермәтіндік оқулықтың құрылымын қалыптастыру, өңдеу және талдау жүйесі болып табылады. Бұл жүйе автоматтандырылған оқыту жүйесін құрастырушылар және оқытушылардың жұмысын жеңілдету үшін жасалған.

Читать полностью »

Pascal. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Паскаль тілін меңгеруге арналған электронды оқу құралын қолдану кезінде сырттай оқитын және қашықтан оқитын студенттердің білім сапасын жоғарылатуға, сонымен қатар, оқудың күндізгі формасының аудиториялық жүктемесін қысқартуға болады. 

Читать полностью »

ИНТЕРНЕТ ОРТАСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАР

Интернет ауқымды жүйесінде әр түрлі пәндер бойыншав электронды оқулықтар саны өте көп: информатика (Шауцукова, 2004; Jonins, 2004, Короткова, 2004), компьютерлер теориясы (Гуров, 2000), анатомия (Никитов, 2003), ағылшын тілі  (Горчаков, 2004; Mathe, 2004мектеп пәндері (Горелов, 1999) және т.б. Зерттеу үрдісінде 100-ден астам электронды оқулық талдаудан өтті, оларды салыстыру үшін алты критерий қолданылды.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы