программа

Массив. Екі өлшемді массив. Программада сипатталуы

Си-де тікбұрышты көпөлшемді массивтерді және жеке жағдайда екі өлшемді массивтерді беру мүмкіндігі бар. Си-де екі өлшемді массивтің ерекшелігі жазбаның формасында ғана, ал қалған жағдайда оны басқа тілдердегідей айтуға болады. Элементтер жолдрамен есте сақталады, сәйкесінше, олар жадыда қалай орналасқан сияқты ретпен таңдағанда, көбінесе ең  бірінші индексі өзгереді.

Массив фигуралы жақшамен жабылған бастапқы мәндердің тізімімен инициализацияланады; екі өлшемді массивтің әр жолы сәйкес ішкі тізімдермен инициализацияланады.

Читать полностью »

Массив. Бір өлшемді массив. Программада сипатталуы

Паскальтілінде жеке — дара мәліметтермен қатар, қандай да бір жүйеде жиналыстырылған олардың топтары да қарастыруға болады. Осындай топтардың бірі – құрылымдық типі ARRAY (массив) мәліметтері.Массив дегеніміз – бі типті шамалардың реттелген белгілі бір тобы. Масивке кіретін айнымалыларды миассивтің элементтері дейді, олардың саны сипаттама бөлімінде жарияланып анықталады да, программаның орындалау барысында өзгермейді. Массив элементтерінің типі файлдан басқа кез келген (бүтін, нақты, символдық, жолдық, масивтік т.б.) типі бола алады.Массив тұтасымен бір атпен аталады, ал элементтерінің реті индекс арқылы көрсетіледі. Индекс массивтің идентификаторынан соң тік жақшаға алынып жазылады, мысалға: a[1], a[2], a[3], … ,a[i], …, a[n]. Массивтің типін анықтау үшін Array …of (…тұратын массив) қызметші сөздері қолданылады.

Читать полностью »

Операторлардың орындайтын қызметіне байланысты жіктелуі

Операторлар-программадағы нұсқаулардың (бұйрықтар,алгоритмдер) машиналық тілде жазылуы. Яғни берілген есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің машинаға түсінікті түрде жазылуы. Сонда, программа денесі бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар арасына нүктелі үтір (;) белгісі қойылады.

Операторлар қарапайым және күрделі (құрама) операторлар болып екі топқа бөлінеді. Егер оператор құрамында басқа операторлар боламса, онда ол қарапайым оператор деп аталады. Бұл топқа: меншіктеу, процедураны шақыру, шартсыз көшу – GOTO, бос орын операторы жатады. Күрделі (құрама) оператор бірнеше қарапайым операторлар тұрады. Бұл операторлар begin (басы) және end (соңы) қызметші сөздер арасында жазылады. Әр оператордан кейін (;) нүктелі үтір таңбасы қойылады.

Читать полностью »

Программаның File ішкі мәзірінің опцияларын қолдану

{Файл  дегеніміз – сыртқы сақтау құрылымында белгілі бір атпен аталып, жазылатын мәліметтер жиыны.Файл компоненттерін қарастырудың үш жолы бар: компоненттерін  біртіндеп қарастыру, белгілі бір компоненттеріне тікелей шығу, компоненттерге реті арқылы өту. Әрбір уақытта файлдың бір компоненті ғана іске қосылады.}Кез келген типтегі деректер тобын файл деп атауға болады. Программаға қажетті деректер немесе программада есептелетін нәтижелер және программаның өзі де файл болып табылады. Практикалық есептерді шығарғанда бкрілгендерді және өңделетін мәліметтерді компьютердің сыртқы құрылысына жазып қоюға тура келеді. Бұл жағжайда деректер сыртқы файл түрінде көрсетіледі.

Читать полностью »

программалық жабдықтама

Жоспар:
1)Программалық конфигурация-программалық жабдықтаманың құрамы.
2) Қолданбалы программалық жабдықтау.
3) Қолданбалы программаның дестелері.
4) программалау құралдары.
5)программалық жабдықтау
Программалар — бұйрықтардың жалғасуының тәртіпке келтірілуі. Барлық компьютерлік программаның ақырғы мақсаты — аппараттық құралдармен басқару. Сондай-ақ бір қарағанда программа құрылғылармен бірге әрекет етпесе де, және енгізу құрылғыларынан енгізу мәліметтерін талап етпесе де, сонымен бірге шығару мәліметтерін шығару құрылғыларына орналастырмаса да, бәрібір оның жұмысы компьютердің аппараттық құрылғыларын басқаруға негізделген. Компьютерде прогаммалық және аппараттық жабдықтаулар тығыз байланыста, сонымен бірге үздіксіз бір әрекетте жұмыс істейді. Бұл екі категорияны біз екі бөліп қарағанымызбен, бұл екеуінің арасында диалектикалық байланыс бар екенін ұмытпауымыз керек, оларды бөліп қарауымыз уақытша деп білуіміз керек.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Электронный адрес [email protected] / Сайт картасы